Қарастырылатын мәселелер: Мектеп жасына дейінгі тәрбие.
Жалпы орта білім.
Мектептен тыс тәрбие мен оқу.
Кәсіптік – техникалық білім, орта арнаулы білім, жоғары білім.
Бұл мәселе жөнінде ҚР – ң Заңында толық түсініктеме берілген. Бірақ халыққа білім және тәрбие беру мекемелерінің желісін және мазмұнын қысқаша баяндау қажет сияқты.
Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады:
Отбасындағы тәрбие. Отбасы және адамның жан – жақты және үйлесімді дамуына жатады. Балалардың отбасында тәрбиеленуі білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарымен ұштасады.
Жергілікті білім беру органдары мен мекемелер, ғылыми – зерттеу институттары, қоғамдық бірлестіктер, еңбек ұжымдары бірге отырып, оқыту мен тәрбие жұмысын жақсартуда ата – аналарға, оларды алмастаратын адамдарға отбасы мен тәрбиесі жайында көмек көрсетеді, жағдайлар жасайды.