Педагогика” пәні бойынша 050114– тарих, 050116– география, 050117–қазақ тілі мен әдебиеті, 050118–биология, 050112– химия, 050110–физика, 050109– математика, 050111– “ Информатика”


Педагогикалық процестің кезеңдері, қозғаушы күштері



бет5/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#117868
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Байланысты:
педагогика

2. Педагогикалық процестің кезеңдері, қозғаушы күштері

Педагогтың мектепте мамандық дәрежесін көрсететін бір көрсеткіш алынатын өлшемі (оның өзі басқарып сабақ беретін) , ұжымды басқаруда дұрыс әдіс-тәсіл қолдана білу. Ұжымның тұрақты, қалыпты өміршеңдігін көрсету-сол әдіс –тәсілге де байланысты. Дұрыс ұйымдастырылған балалар ұжымы олардың әржақты, толыққанды әрекетіне жол ашып, оқушылардың ынтымақтасуына мүмкіншілік туғыза отырып, оларға қанағаттанғандықтан сезім, қуаныш әкеледі. Мүндай ұжымда педагог пен тәрбиеленушілердің арасында түсіністік орнайды. Көрнекті педагог А.С. Макаренко былай деп жазған болатын: “Жеке басы бақытты болу үшін тәрбиелемеу керек, жалпылық бақыт үшін жалпылық күрес үшін тәрбиелеу керек”.


Біртұтас тәрбие процесін адамдар арасындағы қайырымдылық, өзара түсіністіктен бөле қарауға да болмайды. Сондықтан, бүгінгі тәрбиенің де алдындағы мақсаты балаға білім бере отырып, сол білімді өзінің мақсатына сай пайдалана білу, басқалардан рақым күтіп отыру емес , өз басын әр түрлі жағдайлардан жол тауып шыға білетін, өзінің де өзгені де бақытты болу үшін күрсе білетін адамдарды тәрбилеп шығару- бүгінгі біртұтас педагогикалық процестің алдына қойған негізгі принцпі болуға тиіс. Бүгінде егеменді елге , өз алдына мемлекетке айналып отырған Қазақстанның болашаққа қызмет ететін өркендерін жан-жақты жетілген адам етіп тәрбиелеу барысында әрекет ететін біртұтас педагогикалық процесс өзінің басқару іс-әрекетінде жаңа қабылданған Конституцияның 1-ші бабының 2-ші тармағына сүйенеді:”Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірін маңызды мәселелерінің демократия әдістерімен, оның ішінде республикалық референдумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешу”-деп көрсеткен. Бүгінгі демократияланған қоғамда адамның жеке басын қадірлей отырып оған талаптар қою арқылы өзінің де , өзгенің де бақыты үшін күресе алатын адамды тәрбиелеу біртұтас педагогикалық процесстің алдындағы аса абыройлы міндет болып саналса керек. Бұл жерде педагогтің жеке басы мен балалар ұжымының ара қатынасы, жеке оқушы мен мұғалімнің арасындағы қатынас, мұғалім шеберлігі, оқушылардың басқарудағы өзіндік ерекшеліктірі ескеруі тиіс.
Тәрбие өте күрделі процесс, сондықтан педагог өте іскерлікпен алдын –ала ойластырған күрделі ғылыми жоспар арқылы ұзақ жұмыс істеуге тура келеді . Білім беру мен оқытудың нәтижесі оқушының білімінде болса, оны күнбе күнгі педагогикалық іс-әрекет арқылы тексеріп білуге болады. Ал тәрбиені алатын болсақ , ол - өте күрделі процесс. Ол бірден көзге көрініп өзін-өзі анық айқын көрсете бермейді.
Оқыту мен тәрбие процесі туралы сөз болғанда, оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды десек те, бұлардың әрқайсының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тәрбие процесі-бұл күрделі диалектикалық процесс. Оған қоршаған ортаның,әлеуметтік жағдайдың ықпалы жоғары, атап айтқанда: отбасының, түрлі адамдардың ерекше әсері бар. Сондықтан, жоғарыда айтқанымыздай тәрбие процесін, оқыту процесі сияқты тез іске асыру, тексеру және нәтижелерін анықтау өте қиын. Мысалы, мінез-құлықты адамгершілік сезім мен сенімнің және дағдының бірлігін тексеруге бола ма? Өйткені, мұндай қасиеттер балада жастайынан бастап,бүкіл өмір бойы қалыптасады . Тәрбие процесі әр уақытта динамикалық қозғалмалы жылжымалы болады. Сондықтан, педагогикалық ықпал әр балаға әр түрлі әсер етеді, біріне әсер етсе,екіншісіне әсер етпейді.Педагогикалық ықпал ету үшін баланың қөңіл-күйін, психикалық жағдайын, орнын еске алған жөн. Сондықтан ертеде қазақ халкы “Ақпа құлаққа айтсаң ағып кетеді, құйма құлаққа айтсаң құйып алады” деген. “Біреу тыңдар сөзді ұққанынша,біреу тыңдар үйден шыққанша”-деп Абай тегін айтпаған. Әрине, баланың тәрбиені қабылдауына әр түрлі сыртқы және ішкі факторлар өте күшті немесе өте әлсіз әсер етуі мүмкін-мұғалім оқу-тәрбие процесінде бұл факторларды есінен шығаруға болмайды. Оқыту процесі-тәрбиеге қарағанда анағұрлым жеңіл басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, бір сабақтың үстінде бақылау, жаттығу, сұрақ, жауап секілді оқушылардың білімін тексеру әрекетін іске асырып, олардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, қортынды шығаруға болады.Оқыту мен тәрбие процестері негізгі үш функция бірлігі бойынша іске асырылады.Олар: білім беру, тәрбиелеу және дамыту функциялары. Оқыту мен тәрбие процесі-балаға білім берудің даму функциясын жүзеге асырудың негізі. Осы екі процесс-баланы жан-жақты дамытып, қалыптастырудың негізі болып табылады.
Педагогика ғылымында қарама-қайшылықтардың ролін ХХ ғасырдың барлық кезеңдерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине, оқытудың қарама-қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген М.А.Данилов, М.Н.Алексеев, М.Н.Скаткин,Ю.К.Бабанский,В.И.Загвязинский. Кейбір жұмыстарда ұжымның қарама-қайшылығы (Л.И.Новикова) тәрбие процесінің (И.С.Марьенко, Г.И.Щукина, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев), білім берудің мазмұнындағы қарама-қайшылықтар (Г.И.Батурина) зерттелді. М.А.Данилов алғашқылардың бірі болып оқыту процесінің қозғаушы күштерін зерттеуге көңіл бөлді, бірақ нәтижесінде объективті әлеуметтік шек жекемен қосылып кететін біртұтас педагогикалық процестің диалектикасын зерттеу керектігіне тек қана осы бағытта ол педагогиканың ғылым ретіндегі жобалау қызметінің күшейе түсуіне ықпал ететін білімді анықтай білу мүмкіндік болатындығын және практик ұстаздарды сол бір ғылыми саймандар мен күрделі тұлғаны қалыптастыру саласындағы құбылыстар мен процестерді басқаруға күш беретінін көре білді. Ю.К.Бабанский қарама-қайшылық көп жағдайда (нередко) кездейсоқ бір ізділікте қарастырылатындығын анықтады. Ол жоспарлау процедурасына сәйкес келмейді, оқыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлер нақтылы жағдайда процесті жасау ескермейді.Зерттеу нәтижесінде мыналар анықталады:-қарама-қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процестің жүйе ретінде олар зерттелетін объектінің мәнін ашуы тиіс:
-қарама-қайшылықты ұстаздар мен оқушылар іс-әрекетінің педагогикалық процестің басты құрамының көрсеткіш ретінде сипаттау керек;

-қарама-қайшылықтар жүесін ғана емес, сонымен бірге оларды шешу әдістемесін негіздеу керек. Педагогикалық процестің мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру болады. Демек, бірінші және негізгі қарама-қайшылықтар тобы-бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестің қарама-қайшылықтар тобын психологтар жеткілікті дәрежеде жақсы зерттеген. Олардың санына Г.К.Костюк келесі қарама-қайшылықтарды жатқызады:

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет