3. Педагогикалық процесті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру .
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту-тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыруға бағыт береді.Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер арқылы педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға болады.Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, ол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибенің өсіп келе жатқан мұрагерлердің меңгеруіне байланысты. Демек, тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады, әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары. Осыдан педагогикалық процестің мынадай заңдары болуы мүмкін:
-бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері-тек қана өзінің белсенді творчестволық шығармашылық іс-әрекетінің арқасында ғана бола алады;
-индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік-азаматтық дәрежесі бар (барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі тұлға ретінде дамуы, әлеуметтену процесі барысында, әлеуметтік белсенділік кеңістігінің бірте-бірте қеңеюі барысында жүзеге асады);
-ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған, бірлесіп бөлінген іс-әрекеттері педагогикалық процесске қатысушылардың әрбірін және барлығын жетістіктермен қамтамасыз етеді.Әлеуметтік жүйе сияқты педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін- өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесте солардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н. Т., Афанасьев В. П., Блауберг И. В., Садовский В. Н. т.б)
қоғамның ұсынуымен жүйенің жалпы мақсаты, оның қызмет атқаруы тиімділік сипат әкеледі;
жүйе өзара байланыстағы және өзара тәуелді элементтерден (компоненттерден) бөліктерден тұрады;
жүйе тиым салушылық әкелетін арада өмір сүреді
жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оған қызмет істелуі мен тұрақтылықты қамтамасыз етеді;
жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы мен ортамен байланысын көрсетеді;
жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;
жүйе басқару орталығы арқылы басқаруындағы көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек қана сипаттауға болатындығын, бірақ егер басқалардың арасында оның орнын анықтап және “ұстаздар- оқушылар” жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық ұғым болғанда қалай әрекет етіп шешім қабылдау қиын.
Процесс (латынның processus- қозғалыс алға басу) 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген “процесс” деген ұғымның мағынасын “ұстаздар- оқушылар” жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білу керек. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстармен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтармен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |