1. Ғылыми-зерттеу әдісі ұғымы. “Методология ” грек тілінен аударғанда “әдіс туралы ғылым” деген мағынаны береді. “Метод” “әдіс” термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология зерттеу процесі туралы ілім ретіндеде түсіндіріледі. Ғылыми методологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақты ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігіне назар аударды. Гегель әдісі дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсету.
Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарының деректерімен толық сәйкестік барын көреді. Диалектикалық әдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықтың заңдылықтарын ашады.
Педагогикалық методологияның мәні әр түрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады. Қазіргі педагогика методологиясының пәні болып педагогикалық құбылыстар мен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесін зерттеу процесі екендігі анықталған. Методологиялық білімдер жүйесінде: педагогика пәні, педогогиканың категориялары , педогогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысты, педагогика ғылымдарының жүйесі; педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педагогиканың анықтамалы- терминдік жүйесі жатады.
Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді:
тақырыпты үйлестіре (дифференцировать) және оның көкейкестілігін дәлелдей біледі;
ғылымдағы тақырыптың зерттелу жағдайын және пайда болған қайшылықтарын анықтай білуде оларды тәжірибеде піскен сұрақтардың, жасалған теорияларды;
зерттеу нысанасын, талдамаларды үйлестіре біледі;
мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын ), нысана, зерттеу пәнін анықтай алады.
Болмысты ғылыми танудың әр түрлі әдістері.
Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты – ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді. Кейде әдіснаманың философиялық және нақты – ғылыми деңгейлері теңдестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндіктері мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика ғана анықтай алады. К. Поппердің әдіснамалық тұжырымында, Т. Кунның ғылыми революциялар теориясына, Ст. Тулминнің ғылыми білім дамуының тарихи мақсатына, И. Лакатостың ғылыми – зерттеу бағдарламаларының концепциясына көп көңіл бөлінуде, олар ғылым тарихымен тығыз байланыста болып, ғылымның неопозитивистік мақсатын сынға алады.
Қазіргі ғылыми – педагогикалық және әдіснамалық зерттеулер ғылыми білімнің жалпы құрылысында ерекше орын алып, диалектикалық материализмнің дамуына белгілі бір әсер етіп отыр. Бұл ретте әдіснамалық зертттеулер әр түрлі философиялық мектептер мен бағыттар негізінде жүзеге асырылады.
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез – келген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады, басқа теориялардың құрамды бөлігі болып табылады.
Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді.
Ғылымның қазіргі әдіснамасы, соның ішінде педагогикалық әдіснама да, теорияның негізін құрайтын бірнеше коипоненттерден тұрады: а) фактологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теорияның логикасы мен құрылысы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; г) педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты.
Зерттеудің эксперименталды –эмпирикалық әдістері.
Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды –эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empieria - тәжірибе).