Білім жүйесінде халықаралық байланыстың маңызы. Дүние жүзілік білім кеңестігіне кіру және халақаралық байланыс елімізде білім жүйесін жасауға мүмкіндік туғызады. Осындай мүмкіндіктерді еске ала отырып, отандық білім жүйесін дүние жүзілік білім деңгейіне жеткізу ең басты мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы бойынша Қазақстан азаматтары (оқушылар, студенттер, аспиранттар) шет мемлекеттердің оқу мекемелерінде оқуға қақылы. Бұл мәселе мемлекет аралық келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Жыл сайын орта және жоғары оқу орындарын бітірген дарынды жастарды шет мемлекеттердегі жоғарғы оқу орындарына, аспирантураға жіберуді әдетке айналдыру қажет.
Қазақстан Республикасында тұратын шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар республикамыздың азаматтарымен тең дәрежелі білім алуға, қызымет істеулеріне қақылы. Ал шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын азаматтарды халықаралық келісім бойынша білім алуға, жұмыс істеулеріне мүмкіндік алады.
Қазақстан Республикасының білім беру мекемелері шет елдік мекемелермен және ұйымдармен тікелей байланысты дамытып жетілдіреді, рухани тілік білдіреді. Олардың өзара қарым–қатынастары және ынтымақтастығы, достық байланыстары дамиды.
Елімізде білім жүйесін дүние жүзілік үлгіге сәйкес жетілдіру зерттеуді қажет ететін келелі мәселелерге байланысты. Сондықтан Білім министрлігі, Ұлттық Ғылым академиясы, ірі университтетер және институттар мен бірлесіп, Қазақстанда ұлттық білімнің стратегиясы мен тактикасын және интеграцияның нақты саясаты мен принциптерін жасайды.
24– тақырып
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ