Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері Мемлекеттік бсқару органдары мен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады.
Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата– аналар, жұртшылық өкілдері енеді. Олардың басқаруға қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғы шарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі– мектеп кеңесі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады.
Мектептің ең жоғарғы басқару органы жылда бір рет өткізілетін конференция болып есептеледі Оның өкілеттігі өте кең; жалпымектептік конференция мектеп кеңесін , оның төрағасын сайлайды, олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әрбір оқу орны конференцияда оқу орнының жарғысын қабылдап, нақты жағдйға қарай оқу орнының дамуын, оның міндеттері мен мақсаттарын белгілейді.Сондықтан да бір мектептің Жарғысы екінші мектептікінен өзгеше болуы мүмкін. Мектеп кеңесі алқалы орган болғандықтан дамудың негізгі бағыттарын, оқу– тәрбие процесінің сапасын көтеру шараларын белгілейді. Сонымен бірге мектеп кеңесі оқу орнының жұмыс бағыттары бойынша тұрақты комиссия ,штаб құрып, олардың құқықтары мен міндеттерін өкілеттік шегін белгілейді. Ал, конференцияға шешуші дауыспен орталау және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, оқу орнының басқа да қызметкерлері, ата–аналар жұртшылық өкілдері сайланады. Конференциялар аралығында жоғарғы басты органнның рөлі мектеп кеңесіне беріледі.
Мектеп кеңесінің қызметі мынандай негізгі бағыттарда іске асады:
мемлекеттік және қоғамдық органда оқушылардың мүддесіне қатысты мәселе қарастырғанда ата – аналармен бірге оқушылардың әлеуметік қорғалуын қамтамасыз етеді;
бірінші сыныпқа оқушылар ќабылдағанда олардың жасын, оқу түрін белгілейді.
бюджет шығындарын есебін талқылайды, оқу орнының жеке ќорын қалыптастырады, оқу орнның бюджеттік және бюджеттен тыс қаржысының жұмсауының негізгі бағыттарын айқындайды;
мектеп директорының, оның орын басарларының, жекелеген мұғалімдерді есептерін тыңдайды;
Мектеп әкімшілігі және жұртшылық өкілдерімен бірігіп ата–аналарға педгогикалық білім беруге жағдай туғызады. Жұртшылық немесе ата–аналар өкілдерінің бірі басқаратын мектеп кеңесі мектеп әкімшілігі және қоѓамдық ұйымдармен тығыз бірлікте жұмыс жүргізеді.Кеңестің шешімі ата–аналарға хабарланады. Әрине, кеңес шешімі оған қатысқандардың үштен екісі қоштап дауыс бергенде заңдық күші бар деп есептеледі.
Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының арта түсуі білім жүйесін мемлекетсіздендіру және білім мекемелерін диверсификациялаудан көрінеді.
Мемлекетсіздендірудің мәні мемлекеттік білім беру жүйесімен бірге мемлекеттік емес білім мекемелерінің де құрылуын аңғартады. Олар мелекеттік ақпарат құралына енбейді, мұғалімдер мен тәрбиешілер,оқушылар мен ата–аналар өздерінің жеке мүдделері , аймақтық, ұлттық,кәсіптік, діни бірлестіктің, топтың мүддесіне жұмыс жасайды. Ал диверсификация (латын тілінен алғанда–көптүрлілік, дамудың жан–жақтылығы) бір мезгілде білім беру мекемелерінің бірнеше типінің қатар дамуы. Мысалы, гимназия, лицей, колледж, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын, мемлекеттік емес білім беру мекемесінің бір қатар ерекшеліктері болады. Ондай мекемені басқару тікелей оның құрылтайшысы немесе сол құрылтайшы тағайындаған қамқоршылар кеңесі іске асырылады. Мемлекеттік емес білім мекемелерінің қамқоршылар кңесінің өкілеттілігі, басқару құрылымы, мекеменің бсшысын сайлау, тағайындау тәртібін айқындайтын өз жарғысы болады.