«Педагогика» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы


Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы



бет2/8
Дата25.07.2022
өлшемі26,74 Kb.
#147742
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Pedagogika

Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
Кәсіп және мамандық туралы түсінік. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы. Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде.
Педагогикалық іс-әрекет – әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны. Педагог-мұғалім және тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері. Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары.

1
1

А
В

3

Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі
Мұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар. Педагогикалық бейімділік пен педагогикалық қабілеттілік педагог тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырудың психологиялық негіздері. «Құзыреттілік», «құзырет», «құзыреттілік тәсіл», «мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігі» ұғымдарының мәні. Кәсіби құзыреттілік және педагогикалық шеберлік. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың шарттары және негізгі психологиялық-педагогикалық алғышарттары.

1
1

А
В

4

Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары
«Үздіксіз білім беру» ұғымының мәні. Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуының шарты. Үздіксіз білім алу – тұлғаның кәсіби сұранысқа ие болу және болашақ маманды дайындаудағы құзыреттілік тұрғыда оқытуды іске асыру факторы. Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі үздіксіз білім алудың мәні.
Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттестігінің негізі. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Педагогикалық қарым-қатынасты орнатуға қойылатын талаптар.
Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты. Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын этикалық талаптар.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы ретінде, оның ерекшеліктері. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру, оның құралдары, формалары, әдістері.
Педагогикалық рефлексия - өзін-өзі тәрбиелеудің негізі. Өздігінен білім алу – қазіргі заман жағдайында мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің нормасы және түрі.

1
1

А
В






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет