Педагогика пәні мен объектісі


Ғылыми әдістер – ғылыми мәселелерді шешу мақсатына жету жолы, амал-тәсілдері



бет2/15
Дата29.09.2022
өлшемі134,55 Kb.
#151213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Педагогиканың теориялық – әдіснамалық негіздері.

Ғылыми әдістер – ғылыми мәселелерді шешу мақсатына жету жолы, амал-тәсілдері.

  • Ғылыми әдістер – ғылыми мәселелерді шешу мақсатына жету жолы, амал-тәсілдері.
  • Ғылым нәтижесі – білім.
  • Білім - адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректерімен пайымдарының, т.б. жиынтығы.

Ғылыми-педагогикалық білімнің тарихи даму кезеңдері:

  • Ғылыми-педагогикалық білімнің тарихи даму кезеңдері:
  • Философиялық ілімдердегі педагогикалық көзқарастардың пайда болуы;
  • Философиялық-педагогикалық шығармаларда педагогикалық көзқарастар мен теориялардың қалыптасуы;
  • Гипотетикалық және утопиялық теориялардың педагогикалық практика мен экспериментке негізделген концепцияларға ауысуы.
  • Құл иеленушілік дәуірдің соңғы кезеңінде өнеркәсіп пен ғылым мазмұнды дами бастаған кезде, тәрбие ерекше қоғамдық қызметті атқарушы ретінде бөлініп шыққан, демек арнайы тәрбие беретін мекемелер ашылды, баланы оқыту мен тәрбие беруші мамандар пайда болды.
  • Ежелгі әлемде көптеген қоғам қайраткерлері мен ойшылдар тәрбиенің қоғамдағы және әрбір адам үшін орнын сезініп оған ерекше баға берген. Мысалы, Солон заңы (б.з.д. 640 және 635 жылдар аралығы мен 559 ж. маңайы) бойынша әкесі өзінің ұлдарын арнайы еңбекке баулып, үйретуге міндетті.
  • Тәрбие аумағының кеңеюі мен күрделенуіне орай тәрбиелік іс-әрекетке байланысты теориялық білім қарқынды түрде дами бастады. Осы сала туралы білім барлық тіршілік пен өнеркәсіптің салалары сияқты білімнің қайнар көзі философияда қарастырылды. Ежелгі грек, рим, визаниялық, шығыс философтарымен ойшылдарының еңбектерінде Гераклит (б.з.д. 530-470 жж.), Демокрит (б.з.д. IV ғ. 460-басы.), Сократ (б.з.д.469-399 жж.), Платон (б.з.д.427-347жж.), Аристотель (б.з.д.384-322 жж.), Плутарх, Сенека, Квинтилиан, Авиценна, Әль-Фараби, Конфуции және т.б. тәрбие мен білім беру туралы құнды пікірлерді табуға болады.
  • ХVІІғ. бастап қана педагогикалық ойлар алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер мәліметтеріне сүйене бастады. Неміс педагогы Вольфтанг Ратке (1571-1635) педагогикалық зерттеудің критерийін бекіте отырып білім беруге мазмұнды түсінік беріп, методологиясын жасады.
  • Я.А.Коменский (1592-1670) тәрбие мен білім берудің объективті заңдылықтарын жүйеге келтіріп, негізін қалауға тырысты. Ол әр түрлі мемлекеттердің бай педагогикалық тәжірибесі мен өз тәжірибесіне сүйенген. Я.А.Коменскийдің ізденістерінің нәтижесі «Ұлы дидактика» еңбегінде жарық көрді.
  • ХVІІ ғ. – ХVІІІ ғ. аралығындағы білім беру мен тәрбиенің дамуы И.Песталоции (1746-1827), И.Гербарт (1776-1841), Ф.Фребель (1782-1852), А.Дистервег (1790-1866) есімдерімен байланысты.
  • Педагогика басқа ғылым салалары сияқты философиядан бастау алды. ХVІІ ғ. басына дейін педагогика философияның бір бөлігі болып саналды. Ол ерекше ғылым ретінде философиялық білім жүйесінен ХVІІ ғ. бөлініп шықты.
  • 1623ж. ағылшын философы және жаратылыстанушы Фрэнсис Бэкон «О достоинстве и увеличении наук» атты трактатын жазған. Трактатта автор алғаш рет ғылымдарды жүйелеуге талпынған және ғылыми білімнің жекелей саласы ретінде педагогиканы бөліп көрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет