Педагогика пәнінен тест сұрақтары



бет5/5
Дата14.09.2023
өлшемі62,02 Kb.
#181075
1   2   3   4   5
Байланысты:
Педагогика тест



121. Сабақтың типтері мен құрылымын анықтайтын белгілер:
A) дидактикалық мақсат
B) құрамдас бөліктердің саны
C) мұғалімнің іс әрекеті
D) басты мақсатқа жетуге бөлінген уақыт саны
E) оқушылардың саны

122. Мектеп лекциясы:


A) оқыту әдісі, оқытушы ұзақ уақыт мерзімде материалды ауызша баяндайды
B) оқыту әдісі, оқытушының ұтымды ойластырған оқу материалдары
C) оқытушы хабарлау баяндау әдісі арқылы оқылатын материалдар
D) оқылатын материалдарды түсіндіру, талдау талқылау, дәлелдеу
E) кең көлемді оқу материалдарын бекіту

123. Әлеуметтік орта:


A) адамның қоғамдық тіршілік ету жағдайы, қалыптасуы
B) адамның өмірінің материалдық тұрмыстық жағдайы
C) әр елде тұратын адамдардың үлкен топтарының қатынасы
D) адамның өмір сүру әрекетінің жағдайы
E) адамның географиялық туған жері

124.Даму диагностикасы:


А) зерттелетін обьект туралы жедел ақпарат алу мүмкіндігі
В) адамның дамуына салыстырмалы түрде диагноз қойылады
С) тұлғаның қасиеті мен даму деңгейін зерттеудің кең таралған әдісі
D) оқытылып жатқандард жекелеген даму жақтарының диагностикасы
Е) жеке тұлғаның мінез құлқының және санасының түпкілікті өзгеруі

125.Тәрбие ісін ұйымдастыру кезеңіндегі педагогтың міндеті:


А) мақсатқа ұмтылу, жауапкершілік, соңына дейін жеткізуге икемділігі
B) әрбір бағынатын адам үшін нақты міндеттерді салыстыру
C) тұлғаны тәрбиелеуде икемділік және жол табудың түрлерін салыстыру
D) оқушылармен міндеттер мен жауапкершілікті бөлу
Е) алдағы жұмысқа қажеттнің бәрін әзірлеу

126. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері:


А) жеке тұлғаның жан-жақты дамуы, білімділігі, тәрбиелілігі
B) тәрбе процесіндегі үздік бағалары, нәтижелері
C) оқушының жақсы денсаулығы, ынтасы
D) педагогтың жақсы психологиялық ахуалы
Е) педагогикалық қарым қатынасы

127. Эмпатия:


А) өзін басқа адамның орнына қоя білуі
B) жағымды көріне білу
C) тәрбие процесін жоспарлау
D) коммуникативтік форма
Е) қоғам өміріне бейімделу

128. Негізгі педагогикалық іс-әрекет анықталады:


А) оқу - тәрбиелік жұмыстарымен
B) мұғалімдердің бір-бірінің сабағына өзара қатысуымен
C) теориялық зерттеулермен
D) өзара қарым-қатынасымен
Е) әртүрлі қоғамдық пайдалы қызметпен

129. Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі іс әрекетінің түрі:


А) еңбек
В) ойын тану
С) оқу танымдық
D) спортпен шұғылдану
Е) көркем шығармашылық.

130. Оқу-тәрбие үдерісіндегі қарым-қатынасты басқаруда мұғалімнің үстемдік ету стилі:


А) авторитарлық
B) демократиялық
C) либералдық
D) таң-тамашалық
Е) қолдаушылық

131. Тәрбиені өмірмен және еңбекпен байланыстыру принципін жүзеге асырудың ережелері


А) сыныптан тыс тәрбие жұмысы сабақтарында принцип пен талаптарды жүзеге асыру бағдарламасының болуы
B) тәрбиені ұйымдастырудың және әдістемесінің мазмұнын жаңарту жоспары
C) жеткіншектердің каникул кезінде жұмыс істеуіне кедергі жасау, қолдамау
D) азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, талаптарды жүзеге асыру
Е) тәрбеленушілермен нақты ынталандырылған өзара әрекетке қол жеткізу

132 .Тәрбие - педагогиканың негізгі категориясы ретінде:


А) нақтылы тәрбие міндеттерін шешу мен жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатына бағытталған, ұйымдастырылған процесс
В) мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті, мқсатқа бағытталған процесс
С) оқушылардың оқыту мен тәрбиелеу әрекеттерін қалыптастыруды ұйымдастыру
D) сабақ өтетін жер мен уақытын, оқушы құрамын анықтайтын ұйымдастырылған процесс
Е) жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі

133. Оқыту - педагогиканың негізгі категориясы ретінде:


А) мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті
В) нақтылы тәрбие міндеттерін шешу мен жеке тұлғаны қалыптастыру процесі
С) оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу әрекеттерін қалыптастыруды ұйымдастыру
D) оқушы құрамын анықтайтын ұйымдастырылған процесс
Е) табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесі

134. Білім беру - педагогиканың негізгі категориясы ретінде:


А) ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп
қолдана білуі
В) мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті, мақсатқа бағытталған процесс
С) оқушылардың оқыту мен тәрбиелеу әрекеттерін қалыптастыруды ұйымдастыру
D) оқушы құрамын анықтайтын ұйымдастырылған процесс
Е) нақтылы тәрбие міндеттерін шешу мен жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатына бағытталған процесс

135. Модульдік оқыту технологиясында М.М.Жанпейісованың нұсқасындағы ерекшелік:


A) оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру
B) оқыту мазмұнын оқшау элементтерге құрылымдау
C) оқушы жұмысының физиологиялық-гигиеналық нормаларын міндетті түрде сақтау
D) оқу процесінің кез-келген бөлігінде оқушылардың міндетті дайындығына кепілдік беру
E) оқушы мен мұғалімге жайлы жағдай жасау

136. “Педагогика”терминінің шыққан жері:


А) Ежелгі Греция
В) Македония
С) Римде
Д) Чехияда
Е) Қытайда

137. А.С. Макаренко балалар ұжымын дамытуда келесі перспективаларды


айқындайды:
А) Жақын, орта, алыс
В) Жалпы, топтық, жекеше
С) Қол жетпейтін, толық қол жететін
D) Мектепке дейінгі жасөспірімдік, жастық
Е) Балалық, ата – аналық

138. Педагогикада қолданылатын ұғым (категория):


А) Жеке тұлға
В) Көрініс
С) Мемлекет
D) Этнос
Е) Дін
139.Даму – бұл:
А) Уақыт ішінде әрқилы факторлардың ықпалымен жүзеге асатын адам ағзасындағы сандық және сапалық өзгерістер
В) Ескіні жою, жаңаның пайда болуы
С) Өмір мен қызмет барысында жүзеге асатын адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалыптасуы
D) Сандық өзгерістердің адам ағзасына жиналуы
Е) Алдын-ала көзделген сапалық қасиеттердің адамдарда қалыптасуының белгілі бір мақсатқа бағытталған процесі

140. Педагогиканың негізгі міндеттеріне жатпайды:


А) Оқушыларды кәсіби мамандыққа баулу
В) Білім беру мазмұнын, ғылыми дәрежесін үнемі көтеру
С) Оқу мен тәрбие процесін интеграциялау, гуманитарландыру
D) Оқу мен тәрбие процесінің тұтастығын қамтамасыз ету
Е) Үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін жасау

141. Арнайы педагогиканың салалары:


А) Тифло, сурдо, олигофренопедагогика
В) Психология,физиология, анатомия
С) Педагогика тарихы, оқыту әдістемесі
D) Кәсіби педагогика, салыстырмалы педагогика
Е) Мектепке дейінгі, мектеп педагогикасы

142. Педагогика ғылымының негізгі зерттеу әдістері:


А) Бақылау, эксперимент, анкета сұрақтары
В) Диспут, өнеге, жарыс
С) Лекция, әңгіме, әңгімелесу
D) Бақылау, анкета сұрақтары, лекция
Е) Жазалау, мадақтау

143. Тұлғаны әлеуметтендіру институтына жататындар:


А) Отбасы, мектеп, микроорта (шағын орта)
В) Форма, әдіс-тәсіл
С) Диспут, тәрбие сағаты, конференция
D) Педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік
Е) Ата-аналар жиналысы

144.Теориялық ойлау мен тәжірибелік іс-әрекетте сезімдік қабылдаудың бірлігімен көрінетін іс-әрекеттің аталуы:


А) Танымдық
В) Тәжірибелік
С) Өз бетінше
D) Еңбек ету
Е) Ойын

145. Педагогика алғашқыда қай ғылым саласында дамыды:


А) Философиялық
В) Психологиялық
С) Антропологиялық
D) Этикалық
Е) Эстетикалық

146. Жеке тұлға:


А) Индивид
В) Қоғамдық мәндегі адам
С) Еңбексүйгіш адам
D) Әділ адам
Е) Азаматтық позицясы жоғары адам

147. Педагогика ғылымы жатады:


А) Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымына
В) Жаратылыстану ғылымына
С) Техникалық ғылымға
D) Арнайы ғылымдарға
Е) Экономикалық ғылымдарға

148. ҚР білім беру жүйесін басқару мына негізде жүргізіледі:


А) Білім беру заңы
В) Этномәдени білім беру тұжырымдамасы
С) Жергілікті білім беру бөлімдерінің қатысуы
D) Тіл туралы заң
Е) Гуманитарлық білім берудің тұжырымдамасы

149. “Ұлы дидактика” еңбегінің авторы


А) Я.А.Коменский
В) И.Герберт
С) Ж.Ж. Руссо
D) А.Дистервег
Е) Д.Локк

150. Жас ерекшелік педагогикасына қатыстылар:


А) Сәбилер педагогикасы, мектеп педагогикасы, жоғарғы мектеп педагогикасы,ересектер педагогикасы
В) Сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика
С) Педагогика тарихы
D) Салыстырмалы педагогика
Е) Этнопедагогика

151. Қазіргі замандағы педагогиканың атқаратын қызметі :


А) Ғылыми-теориялық, практикалық, болжам жасаушылық
В) Оқытушылық, тәрбиелік, тәжірибелік
С) Қалыптастырушылық, болжам жасаушылық, дамытушылық
D) Экономикалық ғылыми-теориялық, тәжірибелік
Е) Мативоциялық, тәжірибелік экономикалық

152. Тәрбие жұмысының формасы:


А) Экскурсия
В) Сабақ
С) Театр
D) Фильм
Е) Кітапхана

153. Педагогика өз алдына ғылым болып бөлініп шықты:


А) XVІІ ғасырда
В) XVІ ғасырда
С) XV ғасырда
D) XІX ғасырда
Е) XVІІІ ғасырда

154. А.С Макаренконың педагогикаға қосқан үлесі:


А) Жеке тұлғаны ұжымда тәрбиелеу
В) Мектепті басқару
С) Шығармашылық
D) Таным теориясы
Е) Оқыту теориясы

155. Мемлекеттің білім беру жүйесіне жатқызылады:


А) Білім беру ұйымдарының жиынтығы (орта білім беру мекемелері, ЖОО, колледждер)
В) Отбасы, пәндік үйірмелер, мектептен тыс ұйымдар
С) Мектеп, конфессиалды ұйымдар, спорттық бірлестіктер
D) ЖОО, әскери ұйымдар, консерваториялар
Е) Лицей, балалар үйі, діни ұйымдар

156. Жеке тұлғаны қалыптастыру:


А) Барлық әлеуметтік, идеологиялық, психологиялық және т.с.с ықпалымен адамның әлеуметтік жан иесі ретінде қалыптасуы
В) Адам ағзасындағы сандық өзгерістер процесі мен нәтижесі
С) Білімді игеру барысында теориялық және тәжірибелік істерді атқаруға өздігінен салалы түрде дайындығы
D) Нақты тәрбие міндеттеріне бағытталған тәрбие жұмыстарының нәтижесі
Е) Әр түрлі жағдайлардың адамдардың саналы қызметіне тәуелсіз түрде ықпал етуі

157. Тұлғаның дамуына әсер ететін жетекші факторлар:


А) Орта, тәрбие, тұқымқуалаушылық
В) Өзін-өзі тәрбиелеу
С) Қарым-қатынас
D) Отбасы
Е) Жолдастары

158. Тәрбиенің құрамдас бөліктері:


А) Ақыл-ой тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, дене тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі
В)Гуманизациялау, интерноционалдық тәрбие, эстетикалық тәрбие, атеистік тәрбие, экологиялық тәрбие
С) Ақыл-ой тәрбиесі, атеистік тәрбие, саяси-идеялық тәрбие, дене тәрбиесі, тәрбиені демократияландыру
D) Демократияландыру, экологиялық тәрбие, азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, жанұя тәрбиесі
Е) Адамгершілік тәрбиесі, экологиялық тәрбие, азаматты тәрбиелеу, кәсіби білім, мамандық таңдауға дайындық

159. Педагогикалық білімге жатады:


А) Педагогикалық категория, ұғым, заңдылық, әдіс-тәсілдерімен оқу-тәрбиені ұйымдастыру
В) Жалпы мектепке дейінгі жасөспірім, салыстырмалы, әскери, коррекциялық педагогика
С) Педагогика тарихы, антропология, педагогика
D) Әлеуметтану, психология, педология, физиология, актология
Е) Мәдениет тарихы

160. Эстетикалық тәрбиенің мәні:


А) Эстетикалық мінез-құлық нормаларын қалыптастыру
В) Еңбексүйгіштік пен тәртіптілікке тәрбиелеу
С) Оқушыларды әртүрлі көркем-эстетикалық іс-әрекетті ұйымдастыру
D) Әлеуметтік жауапкершілікке және өз Отанына сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Е) Оқушыларды идеялық бағыттылыққа тәрбиелеу

161. Мұғалімнің профессиограммасына жатпайды:


А) Болашақ маман жұмысының түрі мен жағдайларына қысқаша сипаттама
В) Кәсіби қажеттіліктің нормативтері мен көрсеткіштері
С) Жас маман таңдауға құралған бағалау шкалалары
D) Болашақ кәсіби мұғалімдерді даярлауға қойылатын талаптар
Е) Мұғалімдерді даярлау мақсатындағы приоритеттердің алмасуы

162. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістер тобына жатады:


А) Мадақтау
В) Сендіру
С) Үйрету
D) Жаттығу
Е) Әңгіме

163. Оқушылардың мінез-құлқын және іс-әрекетін ынталандыру әдісіне жатады:


А) Жазалау
В) Мысал келтіру әдісі
С) Байқау
D) Жаттығу
Е) Лекция

164. Отбасы мен мектептің өзара әрекет формасы:


А) Ата-аналар жиналысы
В) Сынып сағаты
С) Экскурсия
D) Байқау
Е) Әлеуметтік

165. Мектептің педагогикалық ұжымының жоғарғы ұйымы


А) Педагогикалық кеңес
В) Директор орынбасары
С) Оқушылар ұжымы
D) Ата-аналар комитеті
Е). Директор

166. Бірінші кезекте балаларда логикалық ойлау, талдау, синтездеу қабілеттерін дамыту қажеттілігін қарастыратын білім теориясы:


А. Материалдық білім беру
B. Формалдық білім беру
C. Прагматизм
D. Неоцентризм
Е .Жобалар әдісі

167.Педагогиканың ғылым ретінде дамуын анықтайтын


A. Қоғам өміріндегі тәрбие
B. Болашақ ұрпаққа білім беру міндеті
C. Тұқым сақтаудың биологиялық заңы
D. Бала бақыты үшін ата-ананың қамқорлығы
E. Ғылым қызметкерлеріне деген қажеттілік

168.Жана педагогикалық білімдерді қалыптастыру процесі, танымдық іс-әрекет түрі:


A. Ғылыми педагогикалық зерттеу
B. Педагогикалық эксперимент
C. Педагогикалықбақылау
D. Педагогикалық консилиум
E. Педагогикалық экспертиза

169.Отбасының рекреативті қызметі:


A. Бос уақыттағы іс-әрекетті ұйымдастыру
B. Баланың туылуы
C. Отбасында баланы тәрбиелеу
D. Отбасы шаруашылығы мен қаржысынжүргізу
E. Отбасы ішіндегі қарым-қатынас

170.Жоғары ұйымдасқан топ ретіндегі ұжымның белгілері:


A. Ортақ мақсат болуы, біріге іс-әрекет істеуі
B. Басқа ұжымдармен қары- қатынасқа түсуі
C. Ұжым мүшелерінің мақсаттарының әртүрлі болуы
D. Ұжым ішінде жеке топтар болуы
E. Бейресми лидері болуы

171.Мектеп әкімшілігінің басқару обьектісі:


A. Педагогикалық процесс
B. Педагогтар және оқушылар
C. Оқушылар және олардың ата-аналары
D. Қызметкерлер және мұғалімдер
E. Оқыту процесі

172.Тәрбие туралығылым:


A. Педагогика
B. Андропология
C. Андрогогия
D. Андропогия
E. Педология

173.Білімнің мәнділігін түсінуге негізделген мотивтер:


A. Стимулдық
B. Перспективалық-талпындырушы
C. Интеллектуалдық-талпындырушы
D. Саналық
E. Тікелей-талпындырушы

174.Педагогикалық процестің даму стратегиясын ғылыми негізде басқарудың коллегиялық органы:


A. мектептің педагогикалық кеңесі
B. мектептің әдістері
C. мемлекеттік стандарт
D. жиналыс
E. пән бірлестіктері

175.Педагогикалық технология ұғымын алғаш қолдана бастаған мемлекеттер:


A. АҚШ, Англияда
B. Испанияда, Португалияда
C. Германияда, Австралияда
D. Швеция, Норвегияда
E. Франция, Италияда

176.Құзыреттілік:


A. Білімді әрекетке айналдыру
B. Ақыл-ой өрісінің кеңдігі
C. Теориялық білім деңгейі
D. Адамның мәдениеті
E. Өздігінен білім алу

177.Оқытудың екі жақтылық сипаты:


A. Білім беру мен тәрбиенің бірлігі
B. Сабақ беру мен оқытудың бірлігі
C. Өзіндік білім алу мен оқытудың бірлігі
D. Оқушы мен сыныптың бірге қимылдауы
E. Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы

178.Белгілі бір профиль бойынша оқу пәндерін тереңдете оқытуға бағытталған жалпы білім беретін оқу орны:


A. Гимназия
B. Лицей
C. Колледж
D. Кіші мектеп
E. Мектеп

179.Оқытудың Мангеим жүйесі:


A. Жеке топтық оқыту
B. Жеке жұптық оқыту
C. Саралап оқыту
D. Өзара бірлесіп оқыту
E. Жеке оқыту

180.Өздігінен білім алу


A. Өздігінен іздену арқылы дүниетанымды кеңейту
B. Өз-өзіне арналған сендіру әдісі
C. Арнайы ұйымдастырылған сауықтыру әрекеті
D. Бұрын алған тәрбиедегі кемшіліктерді жеңу,өзіндік таным
E. Ой-әрекетін белсенді ету әдістері

181.Тәрбие мақсаты


A. Тұлғаны қалыптастырудың соңғы нәтежиесі
B. Оқушыларды оқытудың түрі
C. Мамандық таңдауға дайындау
D. Қоғамды өркениеттендірудің деңгейі
E. Оқушылар үлгерімінің көрсеткіші

182.Оқыту процесі нәтижесінде игерілген білім, іскерлік,дағды,ойлау қабілеттері;


A. Білім беру
B. Тәрбие
C. Оқу
D. Оқыту
E. Ғылыми тағылым

183.Қазіргі педагогикалық технологияларды жүйелеумен шұғылданған


A. Г.К.Селевко
B. Қ.Б.Жарықбаев
C. И.С.Кон
D. Р.Г.Лемберг
E. Г.А.Уманов

184.Педагог тұлғасына қойылатын талаптар


A. Білікті маман
B. Қызықты адам
C. Бейжайлық
D. Тиянақты адам
E. Жақсы отбасы

185.Педагогтың кәсіби мәдениетіне жатады


A. Коммуникативті қабілеттілігі
B. Қарым-қатынастың авторитарлық стилі
C. Қарым-катынастағы либералдығы
D. Қарым-қатынастың сенімсіздігі
E. Атқарушылық

186.«Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген. Күн астында одан жоғары тұрған ешнәрсе жоқ» деп жазған


A. Я.А. Коменский
B. А.С.Макаренко
C. Ы.Алтынсарин
D. В.А.Сухомлинский
E. К.Д.Ушинский

187. Мектепті басқарудағы коллегиялық принципі:


A. Мектепті демократияландыру
B. Басқарудың ескірген түрі
C. Білім беруді гуманитаризациялау
D. Авторитарлық мектеп
E. Мектепті ізгілендіру

188. «Субъектілік» ұғымы сипаттайды:


A.Тұлғаның іс-әрекетке белсенді, өзіндік бағыты
B. Тұлғаның ынталы еместігін, пессмистілігін
C. Еңбексүйгіш адамды
D. Әдіскерді
E. Адамның мінез –құлықтың жалпы қабылданған нормалары мен ережелеріне бейімделуін

189.Араб тілді философияның өкілдері


A. Әл-Фараби, Ибн-Сина, Әл-Бируни
B. Сократ, Платон, Демокрит
C. Т.Мор, Т.Кампанелла
D. А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин
E. М.Баласағұн, М.Қашқари

190. В.Ф.Шаталовтың педагогикалық жүйесі


A. жаңа материалдар блогымен алдын ала танысу
B. тірек сигналдар бойынша оқыту
C. өзін-өзі тану, «мұғалім-оқушы» жүйесіндегі ықпалдастық
D. коллектившілдерді тәрбиелеу
E. әдебиет- адамтану, әдебиет- өмір мектебі және мәтіндегі көркемдік деталь
191. Ш.А.Амонашвилидің педагогикалық жүйесі
A. өзін-өзі тану, «мұғалім-оқушы» жүйесіндегі ықпалдастық
B. тірек сигналдар бойынша оқыту
C. коллектившілдерді тәрбиелеу
D. әдебиет- адамтану, әдебиет- өмір мектебі және мәтіндегі көркемдік деталь

192.С.Н.Лысенкованың педагогикалық жүйесі


A. тірек сигналдар бойынша оқыту
B. өзін-өзі тану, «мұғалім-оқушы» жүйесіндегі ықпалдастық
C. жаңа материалдар блогымен алдын ала танысу
D.әдебиет- адамтану, әдебиет- өмір мектебі және мәтіндегі көркемдік деталь
Е.коллектившілдерді тәрбиелеу

193.«Коллективтің құдіреті» кітабының авторы


A. В.А.Сухомлинский
B. А.Луначарский
C. Н.К.Крупская
D. К.Д.Ушинский
E. Сороко Росинский

194.Я. А. Коменский бойынша ана тілін бастау кезеңі


А. отбасынан
В. оқудан
С. жазудан
D. бастауыш мектептен
Е. орта мектептен

195. Жеке тұлғаның әлеуметтенуінің жетілуін сипаттайтын сапалар:


A. Жауапкершілік, өздігінен дамуға ұмтылу, әлемге позитивті қатынас
B. Нәтижеге талпынушылық, тапқырлық
C. Қайсарлық, біліктілік, эгоистік
D. Альтруизм, еңбексүйгіштік
E. Тұқымқуалаушылық, авторитарлық, жігерлілік

196. «Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, Күн астында одан жоғары тұрған ешнәрсе жоқ» деп жазған:


A. Я.А.Коменский
B. А.С.Макаренко
C. Ы.Алтынсарин
D. В.А.Сухомлинский
E. К.Д.Ушинский

197. Тұлға дамуында қоршаған ортаны шешуші фактор деп қарастыратындар:


A. Әлеуметтік бағыт өкілдері
B. Экзистенциалистер
С. Биологиялық бағыт өкілдері
D. Бихевиористер
Е. Eрагматиктер

198.Оқушылар ұжымының анықтамасы



A.

өзін-өзі дамуына мүмкіндік туғызу

B.

Ортақ бір ұраны бар ұйым

C.

Достық қарым-қатынас орнату

D.

Ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен ұйым

E.

өзін-өзі тәрбиелеу

199.Отбасында кең таралған тәрбие құралдары



A.

сөз, ата-ана беделі, еңбек, оқу, табиғат

B.

Көлікті жөндеу құралдары

C.

ата-аналар жиналысы

D.

Әрекетті жүзеге асырудағы амалдар

E.

Мақсатқа жетудегі іс-әрекеттер

200.Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар



A.

Тәрбие жоспарының мақсатының айқын болуы

B.

ата-аналармен байланыс орнату

C.

Сынып белсенділерін сайлау

D.

Сынып жайлы мәлімет беру

E.

Тәрбие жұмысының нәтижесін талдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет