Педагогика психология институты


Кәсіптік-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы



бет2/6
Дата12.10.2023
өлшемі34,95 Kb.
#184955
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Педагогика психология институты-emirsaba.org

Кәсіптік-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы дегеніміз – еңбек пен әскери іс-әрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі. Кәсіптік дене тәрбиесі дайындығы тәсілдерін қолдану еңбекте қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді, еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қоршаған қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.
Адамның өзі қалаған спорт түрінен биік жетістіктерге жету жолындағы жаттығуларын, ізденістері мен талпыныстарын спорт дайындығы дейміз. 

Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
Қағида – бір негізгі мәселенің түпкі, бастапқы қалпы, қандай да бір теория ілімінің, жүйелердің даму заңдылығы. Дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларына мыналар жатады:
1. Адамның жан-жақты үйлесімді даму қағидасы.
2. Дене тәрбиесі қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесімен үйлесімі.
3. Дене тәрбиесінің денсаулықты нығайту қағидасы.

Адамның жан-жақты үйлесімді даму қағидасы дене тәрбиесі жүйесінде екі бағытқа бөлінген: а) дене тәрбиесінің басқа еңбек, ақыл-ой, өнегелік, эстетикалық тәрбиелермен тығыз байланыса отырып, жастарды өнегелікке, тәртіптілікке баулу, зейінділікке, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру, адамның көркемдік-әсемдік танымына көп әсерін тигізу; ә) дене тәрбиесінің әр түрлілігі. Жалпы және арнайы дене дайындығы, дене қасиеттерін дамыту, қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру сияқты дене тәрбиесі үрдісінің әр түрлілігі спортшыларды, жаттығушыларды қызықтырады. Адамның жан-жақты дамуы үшін қимыл шеберлігін меңгерумен бірге барлық дене қасиеттерін дамытуға ұмтылдырады.
Дене тәрбиесі жаттығуларының техникасы
Кез келген жаттығудың екі түрлі техникасын, тәсілін дұрыс немесе тәсілсіз, қате орындауға болады. Жаттығудың тәсіл техникасы дегеніміз не? Қимыл-әрекетті тиімді жолмен орындау - жаттығудың тәсілі, техникасы деп аталады. Тиімділік дегеніміз – жаттығудың ағзаға ұтымды әсер етуі (мысалы, күшін өсіру, бұлшық ет топтарын жаттықтыру) және әрекеттің нәтижелілігі (мысалы, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру жаттығуының техникасын дұрыс орындау кезінде барынша алысқа секіру).
Жаттығуды орындау техникасы әрқашан да дамып отырады. Ескі тәсілдер орнына жаңа, тиімді тәсіл, жаттығуды орындау техникасы келеді. Бұл құбылыс жаттығуды орындаудың жетілген жолын үздіксіз ізденуге, үйрену әдістемесінің кемеліне келуіне, осы арқылы күрделі, тиімді жаттығуларды орындауға қол жеткізеді. Спорт дайындығының деңгейіне қойылатын өскелең талап, жаңа жетілдірілген спорт құрал-жабдықтарының пайда болуы, ескі тәсілдің орындалуының өзгеруі, жаңа жетілген жаттығу техникаларының пайда болуы. Мысалы, жүгіріп келіп биіктікке секіру техникасын алсақ, ерте кезде аяқты кезекпен қайшылап секірсе, келе-келе қырымен келіп аунап секіру, ал қазіргі кезде арқаны бере аунап секіру техникалары өмірге келді. Әрбір техника түрі ауысқан сайын биіктік кергісі де, әлемдік рекордтар да жоғарылай береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет