Педагогика тарихы


К.Д.Ушинскийдің қысқаша өмір жолы мен негізгі еңбектері



бет41/113
Дата18.11.2022
өлшемі2,03 Mb.
#158802
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет. (3)
өзіндік жұмыс, ОНАТИЛИ
К.Д.Ушинскийдің қысқаша өмір жолы мен негізгі еңбектері. Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) Тула қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы Чернигов губерниясындағы ата-анасының шағын иелігінде өтті.
1844 жылы Мәскеу университетінің заң факултетін үздік бітіріп шықты. Ярослав заң лицейінде әкімшілік және экономикалық ғылымдардың профессоры міндетін атқарушы болып тағайындалды. 1849 жылы лицейдегі студенттер арасындағы толқуларға байланысты қызметінен босатылды.
Ішкі істер министрлігінде қызмет атқара жүріп, “Современник”, “Библиотека для чтения” журналдарымен тығыз байланыс жасап, олардың беттерінде ағылшын тілінен мақалалар мен рефераттар аударып басты.
1854 жылы Гатчинадағы жетімдер үйіне мұғалім болып бекітілді, 1855-1859 ж. ж. оның инспекторы, яғни оқу меңгерушісі болды.
1859-1862 ж.ж. Смольныйдағы әйелдер институтының инспекторы, сонымен қатар “Халық ағарту министрлігінің журналында” редакторлық қызмет атқарды.
1862 жылдан қызметтен босатылғаннан кейінгі қалған өмірін педагогика теориясы мен бастауыш оқытудың әдістемесіне арнады.
К.Д.Ушинский өзінің “Педагогикалық әдебиеттің пайдасы” (1857) атты мақаласын отбасы тәрбиесі мен мектеп тәрбиесінің мәселелеріне арнады. Онда педагогикалық теорияны тәжірибемен байланыстыру, педагогиканы тәрбие өнеріне айналдыру, оны тек теория деңгейінде ғана емес, халықтың тәжірибесімен байланыстыру қажеттігін айтты.
“Қоғамдық тәрбиедегі халықтық туралы” (1857) мақаласында К.Д.Ушинский еуропа елдеріндегі тәрбие дәстүрін талдай келіп, мынадай маңызды қорытынды жасайды: ол халықтық тәрбие жүйесінің тәрбиелік күші кез келген абстрактылы педагогикалық жүйеден артық деп санады.
К.Д.Ушинский тәрбиенің ең басты мақсаты - адамның рухани дамуымен тығыз байланысты, ол үшін халықтың мәдени-тарихи дәстүріне сүйену және ұлттық ерекшелігін ескеру қажет деп тапты. Оның бұл пікірлері “ Ана тілі” (1861), “Орыс мектептерін орыс ету” (1867) “Халық мектептерінің құрылуына жалпы көзқарас” (1870) атты еңбектерінде орын алды.
“Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні” (1860) атты мақаласында К.Д.Ушинский еңбектің бала психикасы мен тәрбиесіне ықпал етуші фактор екенін айырықша атап көрсетті.
“Н.И.Пироговтың педагогикалық идеялары” (1862) мақаласында ол педагогикадағы маңызды мәселе “білім берудің негізгі идеясын іздеуге” арнады. К.Д.Ушинский тәрбие пәнінің басты нысанасы адам деп есептеді. Осы мәселені терең зерттеуге арналған “Адам тәрбие пәні- Педагогикалық антропология тәжірибесі” атты еңбегінің бірінші томы 1868 жылы, ал екінші томы 1869 жылы Петербургте шықты. Бұл еңбек орыс педагогикасындағы ізденістерге арналды. Зерттеуші өзінің педагогикалық ойын толық жүзеге асырып үлгермеді, оның тек “Физиологиялық”, “ Психологиялық” екі бөлімі ғана жарық көрді. Онда К.Д.Ушинский адам организмнің физиологиялық қызметінің заңдылықтарының және психикалық құбылыстардың тәрбиеге ықпалын кеңінен қолдану мақсатын көздеді. Оның “Педагогикалық мәселеге арналған бөлімі” аяқталмай қалды.
К.Д.Ушинский еңбектерінің жетістігінің бірі - бастауыш оқыту мәселесін мейлінше зерттеді. Оның негізгі еңбектері: “Сауат ашу - білімді кеңейту құралы” (1858), ”Балалар әлемі мен Хрестоматия”, “Оқу кітабы. Ақыл-ойды жаттықтыруға арналған табиғат әлемімен біртіндеп танысу” (1865), “Алғаш орыс тілін оқыту” (1864) оқушыларға арналған “Ана тілі” және “Ана тілін оқытуға ата-аналарға кеңес” (1864).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет