Педагогика тарихы


XIX ғасырдың 60-шы жылдарындағы Ресейдегі қоғамдық педагогикалық ағымдар



бет38/113
Дата18.11.2022
өлшемі2,03 Mb.
#158802
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет. (3)
өзіндік жұмыс, ОНАТИЛИ
XIX ғасырдың 60-шы жылдарындағы Ресейдегі қоғамдық педагогикалық ағымдар. XIX ғасырдың 60–шы жылдарындағы Ресейдегі революциялық қозғалыс саяси, экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларын қамтыды. Орыс философиясы мен әдебиеті, музыкасы, бейнелеу өнері, ғылымы бұл кезеңде дамудың жоғары сатысына көтерілді.
Педагогикалық қозғалыс сол кездегі қоғамдық қозғалыстың бір бөлігін құрады. Крепостнойлық тәрбиені қатты сынау, сословиелік мектепке қарсы ерте мамандандыруға қарсы күрес, жалпы білім беру және әйелдерге білім беру үшін күрес, баланың жеке басын сыйлау, ескі діни оқуға, құрғақ жаттау мен жазалауға қарсы күрес, халық мектептерін көптеп ашуды талап ету, жоғары мектептің дербестігі - міне, осылар прогресшіл педагогика өкілдері көтерген басты мәселелер болды.
Прогресшіл педагогтар азаматтық қоғам орнату үшін ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесіне баса назар аудару керек деп есептеді. Халыққа білім беру ғана олардың саяси құқыққа қол жеткізуін қамтамасыз етеді деп көрсетті.
ХIX ғасырдың 90-шы жылдарына дейінгі Ресейдегі педагогикалық ой-пікірлер. 1859 жылы Санкт-Петербургте педагогикалық кеңес құрылды. Кейіннен ол Петербург педагогикалық қоғамы болып аталды. Оның жұмысына К.Д.Ушинский, В.Я.Стоюнин, В.И.Водовозов, Д.Д.Семенов, Я.Я.Герд, т.б. көптеген педагогтар мен әдіскерлер қатысты. Көптеген қалаларда педагогикалық қоғамдар пайда бола бастады.
Еңбекші бұқараның мүддесін жақтайтын педагогиканың өкілдері прогресшіл революцияшыл-демократиялық бағытта болды. Бұл бағыттың ең көрнекті өкілдері Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, т.б. еді. Бұл бағыт жалпыға бірдей оқуды енгізуді, мектепті демократияландыруды, қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтығын қамтамасыз етуді талап етті. Тәрбиенің мақсаты крепостнойлықтың қалдықтары мен самодержавиеге қарсы күрескерді даярлау болуы керек деп есептеді.
Буржуазиялық-либералшыл педагогикалық бағыттың ең көрнекті өкілдері Н.И.Пирогов, В.Я.Стоюнин, И.А. Корф, т.б. болды.
Олар патша үкіметінің мектепті қайта құруға мүмкіншілігі бар деп түсінді; әйелдерге білім беруді қолдағанымен олардың еркектермен бірдей тең құқықты болуына қарсы болды; халықтық мектеп ашуды қолдағанымен, жаппай оқуға тартуды қажет деп санамады; ескі оқуға қарсы бола отырып, балаларға адамгершілік тәрбие беруді жақтаумен бірге, оларды жазалауды жоққа шығарған жоқ, тек оны белгілі дәрежеде шектеу керектігін айтты.
Бұл екі бағыттың арасында аралық жағдайды ұстанған, бірақ буржуазиялық-либералшыл педагогикалық бағытқа біршама жақын көзқарастағы педагогтарға буржуазиялық-демократияшыл бағыттың өкілдері жатады. Олардың қатарында К.Д.Ушинскийді (1824-1870) , оның шәкірттері В.И.Водовозовты (1825-1886), Н.Ф.Бунаковты (1837-1905), т.б. атауға болады. Бұлар белгілі қоғамдық құрылыстың көлемінде мектептің жағдайын жақсартуға, мәдени және адамгершілік жағынан адамдарды тәрбиелеуге болады деп есептеді. Олар сонымен бірге педагогика мен тәрбиеде халықтық идеяны жақтады, шетел мектеп жүйесін қабылдауға және оған бас июге қарсы болды.
Буржуазиялық-демократияшыл бағыттағы педагогтар орта білім берудегі ертеден қалыптасып қалған классикалық бағытқа да қарсы болды.
Қоғамдағы пікірталастар қайшылығына қарамастан орыс жұртшылығы жаңа мектептер ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүргізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет