Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар:
1. ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. Орта Азия, Қазақстан елдерінің шаруашылық-экономикалық жағдайы және мәдени ерекшеліктері туралы не білесің?
2. Орта Азия мен Қазақстан даласына араб-шығыс мәдениеті әкелген жаңалықтар қандай?
3. Орта Азия елдер мәдениетіне ойшыл-философ, тарихшы, математик, астроном, географ Хорезмидің қосқан үлесі және оның ерекшеліктері.
4. Шығыстың екінші Аристотелі атанған әл-Фараби бабамыздың ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі қандай? Еңбектеріне талдау жаса.
5. Орта ғасыр ойшылдарына (әл-Фараби, Ж.Баласағұни, А. Йугінеки, А.Иасауи) ортақ идеялық үндестік не? Оны қалай дәлелдер едің?
6. Ибн Синаның медицина ғылымына сіңірген еңбегіне талдау жасап, оның еңбектерінің ерекшеліктерін айқында.
7. Әбу Райхан әл-Бирунидің география ғылымы саласына талдау жаса. Оны Ауғанстан – Ғазна мемлекетінің әмірі Махмұд не үшін қудалады?
8. Қорқыт атаның афоризм сөздерінен қандай адами қасиеттерді байқауға болады?
Хорезми – географ, математик, астроном.
Әл-Фарабидің бақыт жөніндегі ой-пікірлері.
Ибн Сина – Шығыс медицинасының негізін салушы.
Әбу Райхан әл-Бируни география ғылымына жаңалық енгізуші – ғалым.
Махмұт Қашқаридің тіл мәдениетін дамытудағы еңбегінің мәні.
Өлімді жеңген күй атасы Қорқыт.
Ж.Баласағұнидің адамның қасиеттері мен өнер-білім жөніндегі ой-пікірлері.
Ахмет Иасауидің дін жөніндегі көзқарасы.
Ахмет Йугінекидің “Ақиқат сыйындағы” адамгершілік қасиеттер мен тіл жөніндегі ой-пікірлері.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Сөнбес жұлдыздар (ҮІІІ–ХҮ ғ.ғ.) - Алматы: “Қазақстан”, 1989, (құраст. Б.Ысқақов).
Қазақтың тәлімдік ой-пікір Антологиясы. (құраст. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев) –Алматы. “Рауан”, 1994.
Қазақ даласының ойшылдары. (жау.ред. Ә.Нысанбаев) –Алматы. “Ғылым”, 1995.
Ә.Құрышжанов. Сөз асылы. –Алматы. “Жазушы”, 1987.
А.Машанов Әл-Фараби және Абай. –Алматы: “Қазақстан”, 1994.
Қожа Ахмет Иасауи Диуани хикмет. (“Ақиқат сыйы”) –Алматы: “Мұраттал”, 1993.
Қорқыт ата кітабы. –Алматы. “Жазушы”, 1994.
Жүсіп Баласағұн Құтты білік. –Алматы. “Жазушы”, 1986.
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. “Санат”, 1995.
Н.Келімбетов Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. –Алматы. “Мектеп“, 1986.
Достарыңызбен бөлісу: |