ПЕДАГОГИКА ТЕСТ
1.Тәрбиенің мақсаты: жеке тұлғаны жан жақты дамыту
2. Ойын тәрбиенің қай бөлімінің негізгі құралы:ақыл-ой
3. Этикалық әңгіме: оқушылардың бойындағы белгілі қасиеттерді тәрбилеу жоспарлы түрде өткізіледі
4. Тәрбие процесіндегі субъективті факторлар: тұлғаның ішкі қажеттіліктерін білдіріп, тұлға қалыптасып өмір сүретін объективті жағдай
5. Оқытудың мазмұнын ұйымдастыру түрлерін, әдістерін, оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі: дидактикалық принциптер
6. Бейнелеу көрнектілігіне жатады: Макет
7. Әрқайсысында анықталған тапсырмаларды шешетін әртүрлі және қайталанатын істердің көмегімен оқушылардың оқу іс әрекеттерінің басқару әдісі: Жаттығу
8. Оқу сабақтарының страндартсыз белгілері: сабақ-конференция, панарама-сабақ, интеграцияланған сабақ
9. сабақты психологиялық талдау бұл- мұғалімнің проективті-рефлексивті іс әрекеті
10. Сабақ жоспарының соңғы кезеңі: сабақты қорытындылау
11. Зерттеу тәжірибелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтардың мынадай критерийлер жиынтығын анықтауға болады: Жаңашылдық, оптималдық, жоғары нәтижелік тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі
12. Инновациялық білім беру үрдісінің негізінде педагогиканың басты мәселесі: педагогикалық тәжірибені зерттеу және психологиямен педагогика ғылымының жетістіктерін тәжірибеге жеткізу
13. Сабақты жоспарлау және оны өткізу технологияларын дайындаудың бірінші бөлігі: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру
14. Жеке тәжірибенің дамуы басқалар жасаған тәжірибені және ғылыми басылымдарды меңгеру, қателермен сынақтар әдісі, эксперимент: мектепті жаңарту жолдары
15. Оқушының сын тұрғысынан ойлауындағы «дәлелері талап етіп кез келген дәлелді есепке ала отыруын» көрсететін ерекшелігі : ұтымдылық
16. Дарынды және талантты оқушылардың білімін жетілдіру бойынша қызметтің бірінші кезеңін көрсетіңіз «Ренцулли мен Райс»:жалпы зерттеу жаттығулар
17.Сыныпта талқылау кезінде өз сөзін дәйектеудің әңгіме-дебат түрін анықтаңыз: басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды
18. «Көпіршілер» деп саналу үшін оқыту мен оқуда қарастырылатын жағдайдың бірі: оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру
19. Блум таксономиясына сәйкес жаңа үлгідегі әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпаратты жүйелеу деңгейі : жинақтау
20. Есте сақтайтын ақпаратты танымал жерлермен байланыстырып елестетуге негізделген әдісті көрсетіңіз: орын әдісі
21. Оқушының жауабын алғанннан кейін де кіріс жасау қажеттігін көрсетіңіз: оқушы өз жауабын түзетуге нақтылауға, мүмкіндік алады
22. Талдау, жинақтау деңгейіндегі тапсырмаларға бағытталған сұрақтар: жоғары дәрежелі
23. АКТ қолдануда «көрсету » оқыту аспектісін қолданудың мысалы : оқу және талқылау мақсатында оқушылардың жұмыстарды алмастыруы
24. Сандық психологияны пайдалана отырып, мәліметтердің орналасқан жерін анықтап, оны түсіну, бағалау қабілеті: ақпаратты сауаттылық
25. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктің бірі «сыңаржақтылықтың болмауына» сәйкес келетін сипаттамы көрсетіңіз: өзге идеяларды кабылдауға ашық болуы
26. Бағалау мақсатында жүргізілген қадағалау нәтижелерінің интерпритациясы: алынған мәліметтердің мәнін анықтау
27. Жаңа оқулықтың пәнді оқытудағы тиімділігін тәжірибе жүзінде сынақтан өткізудегі бағалау мақсаты: бағдарлама мазмұнын бақылау
28. Бұл өлшемге тән оқушыларды қызығушылықты арттыру үшін қиынырақ ойынмен тапсырмаларға ұмтылу байқалады: күрделілікке деген сүйіспеншілік
29. Сабақты зерттеуді жүзеге асыратын педагогтер: оқытудың жаңа тәсілін модельдейді
30. Сабақты зерттеу тобы зерттеу сабағынан кейін жүргізілетін талқылау құрамына сай бірінші қарастырылады: «бақыланатын» оқушылардың оқуы
2-нұсқа
1. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының тәжірибесімен байланыс принципі: қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.
2. Эстетикалық тәрбиенің міндеттері: Оқушылардың әсемдікті тануға орайласқан санасын, қасиетін, бағалау-эстетикалық қатынастарын ашу
3. Мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушының міндетіне жатпайды : Сабақ кестесін жасау.
4. Тәрбие процесінің қиындығы: өзгерісті, динамикалық, қозғалмалы
5. Табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап ететін оқыту принципі: ғылымилық
6. Оқытудың ғылымилық принципі: оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыратын ғылыми білімдер жүйесімен қарулану
7. Оқыту әдістемесінің әдістемелік негіздері: таным теориясы
8. Тұлғаның өмір жолында өзін өзі дамытуына, мүмкіншіліктеріне жете білуіне бағытталған тұтас процесс: білім беру
9. "Мұғалім сабақта білім әлеміне терезе ашып қана қоймай, өзін де көрсетеді, оқушылар алдында өзінің рухани әлемін, рухани байлығын ашады" : В.А.Сухомлинский
10. " Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, Күн астында одан жоғары тұрған ешнәрсе жоқ" деп жазған : Коменский Я.А.
11. Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығы: психологиялық – педагогикалық зерттеулердің нәтижесін педагогикалық қызметтің тәжірибесіне енді
12. Инновациялық педагогикалық технологиялар: мұғалімдердің даралығын жетілдіру, оларға кәсіби іс-әрекет аумағында жаңашылдық тұрғысынан шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы білім, білік және дағдының көмегімен меңгеру арқылы мұғалім шеберлігін қалыптастыру
13. Мұғалімге ағымдағы сабақты талдауға және қадағалауға негіз болатын педагогикалық іскерлік : өзінің сабақты түсіндіруі мен қойған сұрақтарына оқушылардың жауап реакцияларын қабылдау
14. Өткен сабақты талдаудың негізгі мәселесі : сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешілді
15. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктің бірі «сыңаржақтылықтың болмауына» сәйкес келетін сипаттамы көрсетіңіз: көзқарастардың барлығын қарастыру
16. Оқып үйренуге деген уәжін қиынырақ ойын мен тапсырмаларға ұмтылу арқылы арттыратын оқушыны анықтайтын өлшем : күрделілікке деген сүйіспеншілік
17. Бірегей, жоғары сапалы және дана нәтижелер шығатын тұлғааралық және тұлғаішілік үдеріс: Шығармашылық
18. Жеке тәжірибенің қағидалары, жалпы ережелер, ой мен ойлау, оқиға мен кейбір жағдайлар туралы еске алудың бір бөлігін айқындайтын жады түрі: семантикалық
19. Бұл үдеріс арқылы оқушылар түсіну, бақылау, оқу тәжірибесіне қадағалау қабілетін дамытады : метатану
20. Оқушыларда "өзіндік мақсатты" қалыптастыру жағдайында дағдылар мен мен міндеттердің сәйкес келуінің нәтижесін көрсетіңіз: ағын
21. Сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелейтін сұрақ тәсілі: түрткі болу
22. "Жаңа педагогика" тәсілдемесінің аясында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану барысында оқушылар : электронды тасығышқа ақпаратты сақтайды
23. Білімнің педагогикалық аспектісі: оқушыларға ғылымды оңтайлы түсіндіру тәсілі
24. Орта мерзімді жоспарлауды қамтитын мазмұн: тізбектелген сабақтар топтамасы
25. Рефлексиялаушы практиктің өзгеріп жатқан жағдайға сай әрекет етуіне көмектесетін үдеріс: іс-әрекеттегі толғаныс
26. Бағалау арқылы оқуды жақсарту үшін енгізілуі тиіс бес түйінді фактордың бірі: оқушылардың өзін-өзі бағалауға қатыстырылуы
27. Бағалаудың барлық түрлеріне тән үш сипаттама бар. "Қорытынды" сипаттамасына тән мұғалім әрекетін көрсетіңіз: оқушының жауабына сәйкес шешім қабылдау
28. Қызығушылықты арттыру үшін қиынырақ ойынмен тапсырмаларға ұмтылатын оқушыға тән өлшем: күрделілікке деген сүйіспеншілік
29. Сабақты зерттеу тәсілінің демократиялық ерекшеліктерінің бірі: мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен педагог қауыммен кеңінен бөлісе алады
30. Сабақты зерттеу тәсілінің аясын зерттеу сабағын жоспарлауды ерекше мән беріледі: «бақылаудығы» оқушылардың сабаққа өтілетін материалды игеруі
Достарыңызбен бөлісу: |