Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды ерекшеліктер.
Психология - психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), яғни адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Пікір– бір нәрсенің беймәлім жағын ақиқат не жалған деу тұрғысынан мақұлдайтын не теріске шығаратын талас ой.
Пікірталас - жоғары сынып оқушыларынның баға беруін, өз көзқарасын, ойын дәлелдеп айтуға үйрететін әдіс.
Ранжирлеу– құбылыстардың, сапалардың өсуін, не төмендеуңн анықтау үшін қолданылатын әдіс.
Рейтинг - оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекетін баллдық көрсеткішпен бағалау әдісі.
«Рейтинг» - ағылшын тілінен аударғанда «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген мағынаны білдіреді.
Реферат - белгілі бір тақырып бойынша бір немесе бірнеше әдебиеттердің мазмұнын жазбаша түрде жеткізу;
Рефлекс – организмнің тітіркендіргіш ықпалына жүйкесі арқылы табиғи физиологиялық реакциясы. Рефлекс шартты (туа біткен) және шартсыз (қалыптасқан) болып бөлінеді.
Рефлексия– адамның өз іс–әрекеті мен күйіне талдау жасауға бағытталған ішкі психологиялық қызметі, өзін–өзі тану процесі.
Руханилық – адамның жеке тұлғалық шығармашылық–тәлімдік мәдени–әлеуметтік қажетін қанағаттандыратын құндылықтарға ынталылық.