Автоматтану – сананың бақылауынсыз істелген іс–әрекет. Автоматтану көбінесе әдет пен дағдыға тән.
Ағымдағы жоспар – жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанына жасалған жоспар.
Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі.
Адамгершілік– адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы (кісілік, ізгілік, имандылық ұғымдарымен мағыналас).
Адамгершілік тәрбиесі – балалардың бойында моральдық нормаларды, құндылықтарды қалыптастыру.
Азаматтық тәрбие– отансүйгіштік, басқа азаматтар мен мемлекетке деген сыйластық сезімді тәрбиелеу.
Айқындаушы (анықтаушы) эксперимент – зерттеу обьектісінің бастапқы жағдайын анықтап көрсетеді.
Акмеология (грек. акме - жоғары деңгей) –адамның кемелденуін, әсіресе даму барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу заңдылықтары мен механизмін зерттейтін ғылым.