Педагогика


Дәріс №9-10 Жеке тұлға тәрбиенің обьектісі, субьектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы



бет29/123
Дата08.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#118912
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   123
Байланысты:
УМКД педагогика 2018

Дәріс №9-10 Жеке тұлға тәрбиенің обьектісі, субьектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы


Жоспар:

  1. Тұлға туралы ұғым

  2. Тұлғаның дамуы, әлеуметтенуі

  3. Тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға әсер ететін факторлар

  4. Оқушылардың жас ерекшелік кезеңдері

  5. Ұл және қыз балаларды әлеуметтендірудегі гендерлік айырмашылық және заңдылықтар

  6. Білім берудегі инклюзивтік тәсіл және оны Қазақстанда жүзеге асыру



Мақсаты: даму және қалыптасу ұғымдары туралы түсінік беру, жеке
адамның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтау, даму және қалыптасу жайлы түрлі идеяларды салыстыру


Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тәрбие, қалыптасу, белсенділік, обьект және субьект, тұқым қуалаушылық, орта, өзін-өзі тәрбиелеу, іс-әрекет, қарым-қатынас, жастық кезеңдері, даралық ерекшеліктері.

Педагогика мен психологияда адам, жеке тұлға ұғымдарының әр түрлі анықтамалары бар. Адам – өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі. Жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Даралық бір адамның екінші адамнан, бір тұлғаның екінші тұлғадан айырмашылығын, өзіне тән ерекшілігін сипаттайды. Индивид (лат. Жекелік) адамзаттың еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді.


Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы педагогикадағы маңызды мәселелердің бірі. Даму адамның анатомиялық және физиологиялық жетілуіндегі сандық және сапалық өзгерістерді білдіреді. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Баланың организмі бүкіл өмірінде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Бала туғаннан бастап оның денесі дамиды, сөйлеуді үйренеді, іс-әрекеттерді меңгереді. Танымдық қызмет барысында ойлауы дамиды, көзқарастары қалыптасады. Ал қалыптасу деп жеке адамның дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін айтады.
Жеке адамның дамуына үш фактор әсер етеді:
а) Биологиялық - тұқым қуалаушылық;
ә) Әлеуметтік - қоршаған орта, табиғат;
б) Қоғамдық - тәрбие.
Тұқым қуалаушылық арқылы ата-анадан балаға тік жүруге бейімділігі, ақыл, сана, сезім мүшелерінің дамуы, сыртқы белгілерінің ұқсастығы, нәсілдік, ұлттық белгілері, сонымен қатар жүйке жүйесінің түрі, қабылеттердің нышаны беріледі.
Әлеуметтік орта бірнеше түрге бөлінеді: микро орта - ең жақын адамдар, отбасы, мезо орта - мектебі, ауылы, қаласы, макро орта - мемлекет, қоғам, мега орта - бүкіл әлем, космос. Табиғат, климат та адамның қалыптасуына белгілі бір дәрежеде әсер етеді.
Осы үш фактордың ішінде тәрбие ең маңызды болып есептеледі. кең мағынада тәрбие дегеніміз қоғамдық құбылыс, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан тәжірибе. Шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру - оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай мектептің ішкі ережесі, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары жасалынады.
Жас кезеңдері жеті сатыдан тұрады:
1. Жаңа туған бала (туғаннан 1-2 айға дейін).
2. Нәрестелік шақ (1-2 айдан 1 жасқа дейін).
3. Ерте сәбилік шақ (1-3 жас).
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (4-7 жас).
5. Бастауыш мектеп шағы (7-11 жас).
6. Жеткіншек шақ (12-15 жас).
7. Жасөспірімдік шақ (16-18 жас).
Акселерация - баланың дене және психикалық дамуының тездеуі. Бұл құбылыс ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында байқалды. Бұл жан-жақты зерттеуді талап ететін құбылыс.
Зерттеулерге қарағанда 13 жастағы акселераттардың өз құрбыларына қарағанда бойы 6-7 см-дей биік, салмағы 6-7 кг-дай артық болса, 16 жастағылардың бойы 15-20 см-дей биік, ал салмағы 15-16 кг-дай артық болады. Алайда бұл балалардың денесінің дамуы мен жыныстық жетілуі тездегенімен, олардың психикалық дамуы құрдастарымен бірдей болады. Әрі күні бұрын жетілген организм түрлі ауруларға төзімсіз келетіні анықталды.
Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау, мінез-құлық, темперамент, т.б. қасиеттер жатады. Психологияда темпераменттің төрт түрі бар: холерик, сангвинник, меланхолик, флегматик. Күнделікті оқу-тәрбие процесінде оқушылардың осы ерекшеліктерін ескеріп отыру маңызды. Холерик - эмоциялық қозуы шапшаң, күшті тұрақты. Ол белсенді, істі тез бастап, тез аяқтайды, бірақ шыдамсыз, ашуланщақ болады. Тәрбие барысында холериктерді өзін ұстауға, шыдамдылыққа тәрбиелеу керек. Сангвинник - эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Ол іске тез кіріскенімен. қиындық кездессе бастаған ісін аяқтамайды, уәде бергіш. Сангвинниктерге тапсырма бергенде үнемі қадағалап, тексеріп отырса, ол істі соңына дейін жеткізеді. Флегматик - эмоциялық қозуы әлсіз, күшті, тұрақты. Флегматиктер өз-өздеріне сенімсіз, істі баяу бастайды, ұзақ бірақ тиянақты орындайды. Тапсырма бергенде флегматиктердің өз күшіне деген сенімділіктерін туғызу керек. Меланхолик - эмоциялық қозуы баяу, әлсіз. Олар момақан, тұйық, жасқаншақ, көбінесе оңаша болғанды ұнатады. Меланхоликтерге топпен бірге орындайтын тапсырмаларды беріп, оларды белсенділікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеген дұрыс.


Бақылау сұрақтары
1.Тұлғаның дамуы дегеніміз не?
2.Тұлғаның дамуының негізгі күштерін атаңыз.
3.Әлеуметтендіру , тәрбиелеу және тұлғаның дамуының үйлесімділігі неде?
4.Тұлғаның дамуы қандай факторлар арқылы белгіленеді.
5.Баланың дамуына қызмет қалай әсер етеді?
6.Тұқым қуалаушылық арқылы ата- анаңыз бен ата- бабаңыздан сіз не қабылдағанызды талдаңыз.


Әдебиеттер
1.Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003
2. Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2006
3.Дайрабаев Е. Педагогиканың жалпы негіздері. Алматы, 2005
4. Құрманалина Ш. Педагогика. Астана, 2010
5.Коджаспирова Г.М. Педагогика – М., Кнорус. 2010
6.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000
7.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999
8.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред. Т.Н. Пидкасистого-2010)
9.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010
10.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет