Экзистенциализм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуын балада туа пайда болатын инстинктпен байланыстыратын бағыт.
Экономикалық тәрбие – нарықтық экономика нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру
Экологиялық тәрбие – бала санасында табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Эмоция – қоршаған ортамен қарым–қатынас негізінде пайда болатын көңіл–күй.
Эмпирика (гр. Empeiria) – тәжірибе деген мағынаны білдіреді.
Эмпирикалық зерттеу әдістері - бақылау, эксперимент, сұрау, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың жұмыстарын зерттеу.
Эмпатия – өзге адамдардың жан–дүниесінің сыры мен күйін білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру.
Эстетикалық тәрбие – сұлулық сезімдерін қалыптастыру
Этикалық әңгіме - адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрінісі.
Этнопсихология – адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.
Этнос – тілі бір, салыстырмалы түрде тұрақты мәдени және психика ерекшеліктері ортақ, сондай-ақ жалпы өзіндік атауы бар тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы.
Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Этнопедагогикалық білім - этнопедагогика ғылымының теориялық негіздері.
Этнопедагогикалық іскерлік - этнопедагогикалық білімдерді практикада қолдану қабілеті.
Этнопедагогикалық дағды - ұлттық тәрбие беруге қажетті этнопедагогикалық іскерліктердің қалыптасуы мен дамуы.
Этнопедагогикалық дайындық - этнопедагогикалық білімдерді игеру, солар арқылы этнопедагогикалық іскерліктер мен дағдылардыің дамуы.
Этностық топтар – тілдің, мәдениеттің, діннің, тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған халықтың немесе ұлттың оқшау бөлігі.
Этностық сана-сезім – нақты ұлттар мен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс-әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтік психология мен этнология қиылысында пайда болған ғылымның дербес саласы.
Этнография - халықтардың пайда болуы, құрамы, мәдени-тарихи ерекшеліктерін зерттейтін тарих ғылымының саласы.
Этнография - грек тілінен аударғанда «халық туралы жазу» деген мағынаны білдіреді.
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз........................................................................................................................3
Студенттерге арналған пән бағдарламасы (Силлабус)........................................... 4
Лекциялар...................................................................................................................15
Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау.......................................111
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысына (СОӨЖ)
арналған әдістемелік нұсқау...................................................................................127
Аралық бақылау материалдары.............................................................................139
Қорытынды бақылау материалдары......................................................................142
Глоссарий.................................................................................................................189
Оқу-әдістемелік кешенді дайындағанда әдебиеттер тізімінде көрсетілген құралдар пайдаланылды
Достарыңызбен бөлісу: |