|
|
бет | 122/123 | Дата | 08.02.2022 | өлшемі | 1,65 Mb. | | #118912 |
| Байланысты: УМКД педагогика 2018 Іс–әрекет – адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Іс–әрекеттің үш түрі бар: ойын, оқу, еңбек.
Халықтық педагогика – тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі.
Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрінетін білімдер жинағы.
Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетті орындай алу бейімділігі.
Эвристика – жаңалық ашу процесінде қолданылатын арнайы әдістер.
«Эксперимент» - латын сөзі, қазақшаға аударғанда «тәжірибе» деген мағынаны білдіреді.
Эксперимент - педагогикалық құбылысты арнайы жағдайда зерттеу.
Экскурсия - музейге, табиғатқа, өндіріске көшірілген сабақ түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|