Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-анамен биологиялық ұқсастығы: шашы мен көзінің түсі, бет әлпетінің, жүріс-тұрысының ұқсастығы.
Тікелей бақылау – зерттеуші өзі жүргізеді.
Ұжым – (лат. «коллективус» - топ, жиын) көзделген мақсатқа жету жолында ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдардың тұрақты тобы.
Ұғым (категория) - обьективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы.
Ұлттық мектеп - ана тілін, ұлтының тарихын, төл мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлерді жүйелі түрде оқытатын мектеп.
Ұлттық тәрбие - жеке тұлғаның сана-сезімі мен мінез-құлқының ана тілі, ұлтының тарихы мен мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуы мен дамуы.
Ұлттық мәдениет - кең мағынада - ұлттың рухани дүниетанымы, тар мағынада - ұлттық өнер, әдебиет, білім, т.б.
Ұлтшылдық – ұлттың ерекшелігі мен артықшылығы туралы уағыздан тұратын кертартпа идеология мен саясат.
Ұлттық мақтаныш – мәдениетінің, тілінің, дінінің ортақтығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезінуі, өз Отанына, халқына деген патриоттық сезімі.
Ұлттық әдет - жеке ұлт өкілінің күнделікті тұрмыста қалыптасып кеткен тұрақты іс-әрекеті.
Достарыңызбен бөлісу: |