Формальды (ресми) топ – штат кестесі, жарғы т.б. ресми құжаттар негізінде құрылған топ.
Формальды емес (ресми емес) топ – өзара ұнату, көзқарас бірдейлігі, сенім жақындығы негізінде құрылған топ.
Фронтальдық жұмыс – бүкіл сынып мұғалімнің басшылығымен бірдей тапсырма орындауы.
Харизма (грекше–сый) – ерекше дарындылықты білдіретін ұғым. Діни наным бойынша харизма – құдайдан берілетін сый.
Холерик – эмоциялық қозуы күшті, шапшаң. Белсенді, пысық, батыл. Тез ашуланады, ұстамсыз. Істі тез бастап, тез аяқтайды. Ұйымдастырушылық қабілеті мол.
Циклограмма – мектептегі шараларды өткізудің апталық графигі.
Цитата - тексттегі, әдебиеттегі пікірді сол күйінде беру.
Шабыт – адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы.
Шағын топ – біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір–бірімен тікелей қарым–қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі.
Достарыңызбен бөлісу: |