«педагогика»


Дәріс 14. Тұтас педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту



бет17/32
Дата06.01.2023
өлшемі186,9 Kb.
#165079
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
«педагогика»

Дәріс 14. Тұтас педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту
Жоспар:
1. Оқыту – тұтас педагогикалық процестің негізгі бөлігі.
2. Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері.
3.Оқыту процесінің құрылымы, негізгі кезеңдері, оқытудың заңдылықтары және принциптері

Тұтас педагогикалық процес- бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтиженің жетістігіне бағытталған бірізділік әрекетінің жиынтығы болып табылады. Оқыту процесі- тұтас педагогикалық процесті құрайтын екі процестің біреуі болып табылады. Ертедегі және орта ғасырдағы ойшылдар «оқыту», «оқыту процесі» деген ұғымдарды « үйрету» деп түсіндірді. Тек ХХғ басында ғана «үйрету», деген түсініктер қатар айтыла басталады. Үйрету деп мұғалімнің оқу материалын игеруді ұйымдастыру қызметі болса, оқу - оқушының сол материалды игеру қызметі. Кейін оқыту ұғымына мұғалімнің жетекшілік қызметі, мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті деген түсініктер қосылды.


Оқытудың мақсаты Тәрбиенің мақсатына ұқсас. Егер мақсат болмаса, оқвту процесінің нәтижесі де болмас еді. Сонда оқыту процесі – оқытудың мақсатын жүзеге асыратын процес, оқыту процесінің негізгі мақсаты: мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағыттаоған өзара әрекеттесуінің барысында оқушыларға білім беру міндеттерін шешу. Бұл міндеттер төмендегідей:
Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту: Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру;
Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру; жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру;
Оқытудың теориялық-әдіснамалық негізі – материалистік таным теориясы /гносеология/. Таным теориясы оқу танымына тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Бихевиоризм және прагматизм – оқып білудің тәсілдерін түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең тараған тұжырымдамалары. Бұл бағыттарға экзистенциализм және неотомизм де қосылады. Жаңа бағыттардың ішінде ерекше назар аударатын Д.Брунер /АҚШ/ жасаған «жаңалық ашу арқылы оқыту» тұжырымдамасы.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегі әдіснамалық ережелерді біріктіреді: танымның жалпы әдісі ретінде диалектикалық әдіс; объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың тарихи тәсілі; қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті қарастыратын таным теориясы; диалектикалық ойлау; абстрактілік және нақтылық; объективтілік және субъективтілік; теория мен тәжірибенің бірлігі; анықтылық және белгісіздік; қарама-қайшылықтың рөлі мен мәні; мән мен құбылыс; мазмұн мен форма, әдіснамалық принциптер.
Оқытудың психологиялық құрылымы: танымдық процестер /қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру/, оқуға қызығушылық /оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау/, қуат /көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамсикасы/.
Оқыту процесі – бұл тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Ол мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі мен дағдылары қалыптасады. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы мен бөліктерімен сипаталады. Олар: ғылыми білімнің, іскерліктің, дағдының жүйесі /білім беру мазмұны/; мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым-қатынасы /сабақ беру/; оқушылар, сынып ұжымы /оқу іс-әрекеті/; оқыту әдістері; оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және техникалық; оқыту нәтижелері.
Оқыту екі жақтылы процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс-әрекеттері мен тәсілдеріне үйретеді. Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар: оқытудың білім беру функциясы; оқытудың тәрбиелік функциясы; оқытудың дамыту функциясы.
Оқытудың мақсаты – дамытудың қоғамдық-тарихи тәжірибесінің жан-жақтарын: білімдер мен іскерліктерді, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушылардың оқутанымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже.
Оқытудың бірнеше түрлері бар: түсіндірмелі-иллюстративті оқыту, проблемалы оқыту, бағдарламалап оқыту т.б. Түсіндірмелі-иллюстративті оқытудың мақсаты – мұғалім оқушыларды белгілі білім жүйесімен қаруландырады, іскерлікке үйретеді. Ол үшін жаңа біліммен таныстырады, жаңа ұғымдар, теориялар мен заңдар туралы түсінік береді. Оқушылар дайын білімді меңгереді. Жаңа материалдарды бекітеді, түрлі жаттығуларды, тапсырмаларды орындау барысында алған білімін қолданады. Проблемалы оқытудың мақсаты – мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен,дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Бағдарламалап оқыту – оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың, оқу процесін үйлесімді басқарудың негізгі құралының бірі. Бағдарламалап оқытуды жаңа оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету /оқыту/ машиналары қолданылады. АҚШ-та бағдарламалап оқыту машинасыз және машиналы деп бөлінеді. Машинасыз оқытудың екі принципі бар: салалық /Б.Ф.Скиннер/ және тармақты /Н.Краудер/ ұсынған. Бағдарламалап оқыту процесінде оқушылардың дербес және топтық жұмыстарын үйлестіріп өткізген жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет