3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі 81
Оқушылардың эмоционалдық жағдайын бағалау («бет әл-
петтер» арқылы):
3.2 Білімді бағалау өлшемдері «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін ла-
тын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалау-
дың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істе-
генін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес
ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып
табылады. Бұл ресми тесттер мен емтихандардан бастап,
мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми
бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Бұған
қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тест-
тер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе,
басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға
негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипатта-
малар тән және олар төмендегілерді қамтиды:
• қадағалау;
• алынған мәліметтердің интерпретациясы;
• бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.
Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін