4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі 101
әрекетімен байланысты.
«Интеллект» - ақыл, ақыл-парасат, ес, түсінік, таным – ой-
лау қызметінің жоғарғы типі. Интеллектуалдық – адам-
ның табиғат берген ой, сана, тану, ақыл, парасат секілді қа-
сиет-қабілеттерін оқу, білім алу, тәжірибе жинақтау арқылы
жетілдіруі, оны өзін және қоғамды дамыту үшін және жаңа
жағдайларға сай бейімдеп қолдана алу қабілеті. Интеллек-
туалды тұлға – өмірдің кез келген ағымында пікірлесе ала-
тын, жаңашыл-шығармашылық тұрғыда өзіндік білім алуға
дайын, интеллектуалды қабілеті дамыған тұлға.
Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңде-
уге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің
танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары оқуға де-
ген қабілеттілік; қоршаған болмысының заңдылықтарын
белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық
тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының
жүйесімен теңестірледі. Интеллект жеке адамның эмоци-
ялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект
түрлері:
- абстрактылы интеллект;
- ересектер зияты;
- нақты интеллект;
- кристалданған интеллект;
- қарапайым интеллект;
- жануарлардың зияты;
- жасанды интеллект болып бөлінеді.
Абайдың ұсынған «жанның тамағы» деген философиялық
тұжырымы тұлғаның бойында болатын адами, рухани күш