4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі 102
жігерінің қалыптасуына бағыттайды. Абайдың «Толық ада-
мы» туралы тұжырымының негізгі қағидасы болған - ар-
лылық, ақыл, рахым, парасат, әділеттілік пен қайрымдылық
қасиеттердің инттеллектуалды тұлғаны қалыптастырудың
негізгі көзі болып табылады. Тұлғалардың өмірін зиялы
қоғамды құруға бағытталған негізгі күш деп бағалауға бо-
лады.
4.2 Дарынды және талантты ба - лаларды оқыту әдістері Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу
қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық даму оқуға деген қа-
білеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау,
негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілет-
терді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған
зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және
жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңыз-
ды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде си-
патталады. Дарынды және талантты балаларға қатысты
бұл - ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап
ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен страте-
гиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті
бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Тәжiрибеге жасалған
талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда
мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделен-
діре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпымектептік