4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі 106
есептегенде);
- қолданылатын әдісті өзгерту;
- оқу жағдайын өзгерту.
«Көпіршелер» – оқушыға ЖАДА аясында қолдау көрсетіп,
біреудің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырманы
орындауға мүмкіндік беру үшін мұғалімдер ұсынатын
интербелсенді мүмкіндіктерді сипаттау үшін қолданылатын
метафора. Метафораға сәйкес, көпіршелер уақытша құрал
және баланың білім-дағды, білік және өз бетінше әрекет
ету мүмкіндігі дамуына қарай орнатылып, нығайтылып,
бөлшектеліп немесе толығымен жойылуы мүмкін.
Бастапқыда Вуд, Брунер және Росс (1976) сәбилердің
тілі шыға бастаған кезеңдегі ата-ананың тәрбие беруін
сипаттау үшін қолданған «көпірше» атауы метафора ретінде
Выготскийдің оқу әлеуметтік дағдыларға негізделген үдеріс
деген ойына негізделеді және оқудың басқа жағдайларында
мұғалімнің араласуы мен қолдау көрсетуін бейнелеу үшін
қолданылады (Wood, 1998). Мерсер және Фишер (1993)
ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім
алушыға жүктеу қасиетін көпіршелердің басты мақсаты
деп қарайды. Көпірше деп саналу үшін оқыту мен оқуда
мынадай жағдайлар болу керек: а) оқушыларға өз бетінше
орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру;
ә) оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік
беретін құзыреттілікке жеткізуді мақсат ету; б) көпіршелер
тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік
құзыреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай
тудыру (Wells, 1999). Аталған жағдайларды анықтауда