Педагогикалық анимация технологиясының негіздері. Жоспар


Аниматордың негізгі функциясы



бет3/12
Дата07.02.2022
өлшемі53,93 Kb.
#95259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1-2 лекц

Аниматордың негізгі функциясы - болып жатқан оқиғаларға әрқашанда көңілді аудару. Аниматорлардың негізгі кейіпкерлері болып, клоундар, деректі және мультипликационды фильмдердің кейіпкерлері, пираттар мен қарақшылар және т.б. болады. Кең мағынада аниматор - кеңес дәуірінен бері келе жатқан "массовик-затейник" қызметінің қазіргі кездегі атауы болып табылады. Қазіргі кезде аниматордың қызметі XX ғасырдың технологияларын қолдана отырып жұмыс істейді. Аниматорлар сан қилы іс-шараларда: корпоративті кештерде, фирмалардың юбилейінде, балаларға арналған мерекелерде болады. Мұндағы аниматорлардың қызметі сан қилы - шоуларды, кештер мен дискотекаларды жүргізуден бастап, спорттық жаттығуларды ( аэробика, жүзу, футбол және т.б.) ұйымдастыруға дейін.
Аниматорлар кез-келген мерекені ұйымдастырушылармен бірігіп, ойластырып, көптеген конкурстар мен қызықты заттарды ойлап табады. Мереке барысында аниматорлар балалардың көңілді, қызықты болуын қадағалап жүреді, ешкімнің де ұмытылып не шетте қалып қоюын болдыртпайды. Осығай байланысты, аниматор жақсы психолог та болғаны абзал, сонда ғана ол әр адамға өзіндік тіл табысу тәсілін таба алады. Профессионалды аниматорлар бар мерекелер әрқашанда көңілді және екпіндеп өтеді. Адамдарға олардың көңіл-күйі туралы басқа біреудің ойлағаны тек жеңілдік болып, үлкен кісілердің өздері де балалармен бірге көңіл көтереді. Сонда барлық конкурстар, эстафеталар мен қызықты байқаулар тек бақытқа бөлейді. Өзінің қызметі бойынша дүниежүзіндегі ең қызықты мамандық иесі болуы үшін: психологиядан білім, ой-сана деңгейі, ішкі мәдениет пен тәрбие, актерлік талант, ән айту немесе би билеу, ораторлық өнер және т.б. көптеген құраушылар иесі болуы керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет