2.Анимациялық технологияның мақсаты. Кәсіби аниматорлар қызметінің мазмұны.
Анимация-бұл жалпы мағынада белгілі бір іс-әрекеттің түрі болып есептеледі және сонымен қатар бос уақытта арнайы бағдарламалар, қойылымдар өткізу мақсатында жүзеге асады.
Аниматор - бүл анимациялық жұмысты іс-жүзіне асыратын маман. Егер анимация жайлы Француз тэжірибесіне көз жүгіртсек көбінесе олар жұмыстан тыс уақыты бар энтузиастар, волонтерлар, оқытушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, инженерлер Социомәдени мекемелеріне келіп тұрушылар қатарында түрақгы үрдіс қалыптасқан.
Жалпы қоғамда ерікті белсенді адамдардан басқа кэсіби аниматорларда кездеседі. Оларды даярлау көптеген оқу орталықтары арқылы жүзеге асады.
Кәсіби аниматорлар әкімшілік басқару іс-әрекеттері шеңберінде, зерттеу және шығармашылық жұмыстары, педагогика саласында даярлық алады.
Осыған орай аниматорларды екі типке бөледі:
-жетекшілер (координатор- аниматорлар);
-маман-аниматорлар, әртүрлі бірлестікті басқаратын, ассоциациялар, үйірмелер.Олар әртүрлі курстарды оқытып құқықгық кеңес беріп,көшіп-қонуды әлеуметтік бейімделуге қалыптастырып тіпті психологиялық көмек береді.
Аниматор(актер) - сан қилы іс-шараларда әр түрлі кейіпкерлерді көрсететін әртіс болып табылады. Анимациялық топтың (ағыл. animation team) құрамына кіреді.