Шебер педагог ұйыту ықпалының алуан түрлі нысандарын меңгерген болуы тиіс: репликалар («Жарайсың»), дауыс үні (тілектес, сергітетін немесе керісінше, айыптайтын), мимика (қуанышты, қанағаттануды, ренжуді және т.б. білдіру), көзқарас, көңіл-күй, өз сөзін сәтті құрау. Ұйыту нысандарына бұйрықтар, тәлімдер, топтар арқылы көрінетін тікелей ықпал етулер жатады. Олар оқушыларда автоматты түрде орындалатын («Оқулықтарды жабыңдар!», «Қолдарыңды партаға қойыңдар!») іс-әрекеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұйрық берген сәттегі оқытушының жауапкершілігі өте жоғары, себебі оқушылар оның осы іс-әрекеттің мақсатқа сай екені туралы ойына толығымен сенеді. Нандыратын тәлім мектептегі аз таралған тәсіл. Ол іс-әрекет пен тәртіптің бейнесі сипатталған, қысқаша тіркестерді («Сен жақсы оқи аласың және оқығың келеді») айтудан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |