Педагогикалық үдерістің құрылымы, заңдылықтары мен принциптері



бет1/3
Дата20.12.2021
өлшемі24,56 Kb.
#103713
  1   2   3
Байланысты:
СӨЖ5


Педагогикалық үдерістің құрылымы, заңдылықтары мен принциптері

Педагогикалық іс - әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады» Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары - ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнің  іс - әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс - әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс - әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса.

Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс -  Мұғалім іс - әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына - мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
Қазіргі кезендегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақгалады, өйткені педагогикалық құбылыстар компонентерінің, қасиеттері, зандылықтар туралы дербес білімдері бірте - бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес. «Педагогикалық процесс» деген сөздік (термин) ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында (П.Ф. Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс - әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.

Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б. Т. Лихачев, Ю. К. Бабанский, В. М. Коротов және т. б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарлары эмпирикалық жолмен жинақгалған педагогикалық процестің әртүрлі жақтары жайлы білімдер болады.

Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің білімдер сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенін бірлігі
(А.Ф. Каптерев, М.А. Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю.К.Бабанский) оқушьшардың өзара әрекетінің ерекшеліктері қалай анықталады (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский); өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма (АС. Макаренко); тұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т. Лихачев) және қызмет істеулерін басқару (В.С. Ильин, И.П. Радченко) және т. б. Пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеңістікте жатыр - ол біртұтас педагогика-лық процестің барлық сапалары мен қасиеттерін сипаттау. Ал бұл қойылған сұрақгарға эмпирикалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауап.

Бір деңгейден (жеке құбылыстарды сипаттаудан) басқа тұтастыктың мәнін және оның бөліктері арасындағы өзара байланыстылығын анықтау деңгейіне көшу теориялық талдаута көшуді талап етеді. Жекелік абстрактылықтан нақтылыққа көшу күрделі құбылыстарды теориялық талдау әдісі болады, ал оны бірінші К.Маркс өзінің еңбектерінде бірінші болып сипаттап қолданады. Көрсетілген әдістің жасау ерекшеліктерін В.И. Ленин осы әдістің орнын және оны нақтылы ғылыми зерттеулерде философиялық және жалпы ғылыми талдау үшін қолдануды көрсетті.

Затты теориялық қарастырудың объектісі болып заттын басқалармен байланысы мен дербес өздері емес, белгілі бір нактылықтың ішіндегі басқа заттармен заттың бірі байланысы, оған қатынасы бар. Бірақ бұл мұндай мүмкіншіліктің болуы, егер эмпирикалық зерттеулерде алдын ала теориялық қорытынды жасалып, ұғымдар мен анықтамаларда тұтастықтың жалпы жақтары мен байланыстары көрсетіліп белгіленсе ғана мүмкін. Онда тұтастыққа теориялык талдау заттық нактылықтың ішіндегі қатынастарын анықтау болады (А.Н. Шептулин).

Қандайда болмасын объектіні тұтас қарастыру мүмкіншілігі оның әрбір элементтік бөлігін өз негізінде дербес жүйе ретінде есебінде қарастырылуы мүмкін яғни, таным, соның ішінде педагогикалық шындықгы тану, осы аспектіде нақтылы таным болады. Мұндай объектіні теориялық тәсілмен елестету, онда шындық әртүрлшігінің бірлігі ретінде оның өмір сүруінің әртүрлі ішіндегі бөліктер бірлестіктерінің формалары мүмкін болады, (Ж. М. Абдильдин). Біртұтас объектіні (немесе объективтік біртұтастықты) тұтастықтың ең кішкентай («кереге көзсіз») генетикалық бірліксіз елестету мүмкін емес.

Жүйелілік бағыттағы көзқараста педагогикалық процесті элементарлық бірлік «кереге көзі» қарастыру арқылы оны модель ретінде құрастыруға болады. Негіз болатын абстракцияда («кереге көзі») ең аз дегенде екі қасиеті болуы керек: а) өз нәрсенің мәнін, себептерін аша алуы э) басқалармен шегіне жеткен, жанама түрде емес (керісінше, оның өзі құбылыс басқа жақтары мен қасиеттерімен жанамаласады). Басқаша айтқанда, көрсетілген абстракция осы нақгьшы көп нақтылықтан абстракциялаудың шегі, соңы болады,бұдан әрі құбылысты кеселсіз сай бейнелеуге мүмкін емес. Немесе былайша айтуға болады: көрсетілтен абстракция дамыған біртұтастықтың дамымаған бастамасы, яғни тұтастық барлық басқа созылатын, шығатын тұтастық көз негізі (М.М. Розенталь).

Элементарлық бірлікті («кереге көзді») марксистік педагогикада негіздеуге көптеген зерттеушілер, оның әртүрлі объектілеріне қатысты, ат салысты.


(Н. Чакыров, А.П. Сидельковский, М.И. Алексеев, В.И. Загвязинский, Г.И. Легенький және т.б.). Бірақга бұл істелген жұмыстар нәтижесі жеткілікті дәрежеде емес еді, себебі оны жасаушьшар қойьшатын методологиялық абстракцияны анық көрсету мен оны қолдану жағдайына қойылатын талапты бұзған еді. Белгілі бұл бағыттардың әлсіздігі мынадан байқалады, авторлардың ойларын белгілі бір дәрежеге жеткізе алмады, онда педагогикалық теория өзінің дамуының ғылыми негізделген қисынына ие бола алмады (М.А. Данилов).

Педагогикалық процесті тұтас объект ретінде қайта жасауға бастапқы абстракция көмегімен ол жанама бөліктердің күрделену шынжыр буыны ретінде көрінуі керек. Олар арқылы объективті сол процестің өзара қарама - қайшы мәндерді шарасыз өтулері керек.

Педагогикалық процесс - кәсіптік іс-әрекеттің бір түрі, негізгі мақсаты мектеп және әртүрлі оқу орындарының оқушыларын оқыту, тәрбиелеу, білім беру және дамыту.Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі сипаты-педагог пен оқушының біріккен іс-әрекеті, яғни оны мақсатты түрде оқыту, тәрбиелеу, дамыту.

     Педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, оңда педагогикалық үдеріс элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық жағдаят) болуы керек.Педагогикалық үдерістің мәнін терендеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінін ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық үдеріс бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіптік іс-әрекетпен айналысатын адам арнайы білім алумен қатар, мамандыққа сай білім, іскерлік, дағдылармен  қарулануы қажет.

Кәсіптік педагогикалық іс-әрекет пен айналысатын адамдар - тәрбиеші мұғалім, оқытушы, педагог деп аталынады. Атаулары әртүрлі болғанымен, мақсаты бір - адам тәрбиелеу, оқыту, дамыту. Педагогикалық іс-әрекет алғаш ежелгі Грецияда пайда болған (б.э. дейін VI-IV ғ.). Алғашқы мектептерде тек байдың балалары оқыған. Оларды мектепке апаратын, мектепте оқытатын құлдар - педагог деп аталынған. Педагогика - баланы ерту деген мағына береді, яғни педагог - баланы ертіп жүруші, үйретуші деген мағына береді. Кейіннен сөздің мағынасы кеңейіп, ерекше статусқа ие болды, баланы арнайы кәсіптік білім алған адам ғана оқытып, тәрбиелейтін болды. Педагогикалық іс-әрекет тарихи даму кезеңінде көптеген өзгеріске ұшырай отырып, өзінің негізгі мақсатын сақтап қалды-ол келер ұрпақта оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бүгінгі күні педагогикалық жүйеде субъект-субъектілі қарым-қатынас түрі жоғары қойылуда, яғни мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі ынтымақтастық, түсіністік деңгейінде жүргізілуі тиіс. Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып , оқыту -тәрбиелеу процесінің

теориясын жасайды. Теориялық білімге  ұғым, заңдар, заңдылықтар

жатады.Оларды  зерттеу теорияны жасауға және оқыту -тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.

Педагогикалық үдерістің заңдылықтары:

1.Оқу мен тәрбие қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайына байланысты. Жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу қоғамның тапсырмасы, қоғам өзіне лайықты ұрпақ дайындайды, өз жағдайымен байланыстырады.


2.Тәрбиенің, оқытудың білім берудің жене дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқытусыз тәрбиені іске асыруға болмайды. өйткені, адам баласы белгілі заңдылықтарды білімді меңгеру негізінде ғана өмірге игі әсер етеді.
3.Тәрбие мен өзі-өзі тәрбиелеудің бірлігі.

4.Тәрбие мен оқыту - іс-әрекеттің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетке байланысты. Іс-әрекет, қарым-қатынас таным процесін дамытады.

5.Педагогикалық үдерісте оқушылардың жас және дара ерекшелерін есепке алу.
6.Педагогикалық үдерістің процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.
Жеке адам ұжымға тәуелді, ұжымсыз өмір сүруі мүмкін емес. Педагогикалық үдерістің міндеттерінің, мазмұнының, формаларының өзара байланыс заңдылықтары;
А) Оқыту мен тәрбиенің мазмұны қоғамның мақсаттарын және қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты.

Ә) Оқыту мен тәрбиенің формалары, оларға ұйымдастырып өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты.

Б) Оқыту мен тәрбиенің әдістері олардың мақсаттарымен анықталады.

 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет