Тақырыбы: Айнымалылар. Тұрақтылар. Деректер. Теорияға шолу Паскаль тілінің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор»



Дата08.02.2022
өлшемі16,33 Kb.
#123071
түріПрограмма
Байланысты:
3 такырып ОББ


Тақырыбы: Айнымалылар. Тұрақтылар. Деректер.


Теорияға шолу
Паскаль тілінің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді.
Атау – идентификатор программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды т.б белгілеп жазу үшін қажет.
Идентификатор – міндетті түрде әріппен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені, атауларды теру және кейіннен есте сақтау біраз уақыт пен жады көлемін қажет етеді. Мысалы, x, X1, cymma, DT3.
Идентификатор стандартты және бейстандартты болып бөлінеді. Бейстандартты атауды тұтынушы өзі тағайындайды. Пайдаланушы қойған бейстандартты атауларға қойылатын талаптар:

  1. Атау тек латын әріптермен басталуы тиіс. Тек белгілер атауы ғана цифрдан да әріптенде бастала береді.

  2. Атаудың алғашқыдан кейінгі символдары әріптерден, цифрлардан немесе астын сызу белгісінен тұруы мүмкін.

  3. Қатар орналасқан екі атау арасында кем дегенде бір бос орын белгісі болуы қажет.

  4. Атаудағы символдар саны 127 –ден аспауы қажет.

  5. Атауда бас әріптер мен кіші әріптерді қатар пайдалануға рұқсат етілген, олардың ішкі кодтары әр түрлі болғанмен, транслятор үшін ешбір айырмасы жоқ болып саналады.

Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркестік мәндерді қабылдайды.
Тұрақтыларға бейстандарт идентификаторлар атау ретінде берілуі тиіс. Барлық тұрақтылар программаның сипаттау бөліміндегі const түйінді сөзінен басталатын бөлікте көрсетілуі тиіс. Оның жазылу пішімі келесідей:
Const Min=1000; Max=1000000;
Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалының атауы оның орындайтын міндетіне сәйкес түсінікті және қарапайым болғаны жөн. Оның жазылу пішімі:
Var <идентификатор> : <тип> ;
Мысалы:
Var a,b:integer;
Sum, baga: real;
Айнымалылар қарапайым және индексті болуы мүмкін.
Қарапайым айнымалылар өз атаулары бойынша жазылады. Мысалы, delta, x, y, resultm, nuber_1.
Индексті айнымалыларға массив элементтері жатады.
Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс.
Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама. Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық және құрылымдық болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Стандартты (скалярлық) типтер:

      • бүтін – INTEGER

      • нақты – REAL

      • логикалық – BOOLEAN

      • символдық – CHAR

      • тіркестік – STRING

Бүтін сан түріндегі типтер. Паскаль тілінде бүтін шамалар үшін бес стандартты тип пайдаланылады, олардың сипаттамасы келесідей:



Типі

Мәндерінің өзгеруі

BYTE

0 – 255

SHORTINT

-127 – +128

INTEGER

-32768 – +32767

WORD

0 – 65535

LONGINT

-2147483648 – +2147483647

Ондық сандар бүтіні мен бөлшегін бөлетін үтірі жылжымалы және тұрақты түрде жазылады. Үтірі математикадағыдай жазылады, бірақ үтір орнына нүкте қойылады. Мысалы, 12.5, 49.89
Нақты сан REAL сөзімен анықталады оның диапазоны: -1.7 *1038 – 1.7 *1038.
Логикалық типтегі шамалар (BOOLEAN) негізінен екі мән ғана қабылдайды: TRUE – ақиқат, FALSE – жалған. Олар компьютер жадында бір байт орын алады.
Символдық типтегі шамалар (CHAR) мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады. Мәннің символ екендігін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, ‘a’, ‘5’, ‘K’.
Тіркестік типтегі шамалар (STRING) апостроф ішіне алынған символдар тізбегі қабылдайды. Мысалы, ‘MAMA’, ‘fbvv’, ‘654654’.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет