50 % 20 % 10 % 10 % 10 % ДЭВИД КОЛБ БОЙЫНША САБАҚ МОДЕЛІ
Жаңа материалды
игеру
Ынталандыру – сабақтың бастапқы кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру, қызықтыру және сабақта үйренетін білімнің қажетті және пайдалы болатынын көрсету.
Бекіту – қызығушылық және материалды меңгерудің тиімділігін көтерумен қатар оқушылардың санасында пән бойынша оның білімінің бірізді логикалық құрылымның қалыптасуына мүмкіндік беретін маңызды кезең.
Жаңа материалды игеру – оқушылар жаңа білім алатын негізгі кезең.
Бағалау – сабақтың маңызды ынталандырушы бөлімі. Бағалау икемді, көрнекті және әділ болуы тиіс.
Дебрифинг – сабақты қорыту, кері байланыс алу, сабақтың соңғы кезеңі.
ТИІМДІ САБАҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Жеке сабақтың тізбектелген сабақтар топтамасындағы маңызы мен орнының нақтылануы;
Оқу мақсаттарының және оған жету қадамдарының нақты анықталуы;
Оқу бағдарламасының талаптары мен сабақтың мақсатына сәйкес мазмұнды сабақтың болуы;
Сабақтың жекелеген кезеңдерінде және сондай-ақ бүкіл сабақ бойында оқушылардың меңгерген білік-дағдылары мен білім деңгейлерінің жоспарлануы;
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырып, дамытуға негізделген оқу құралдары мен әдіс-тәсілдердің тиімді түрлерін таңдау;
Сабақта оқушының жеке жұмысы мен бірлескен оқу формаларының тиімді қолданылуы;
Оқушының өз бетінше білімді игеруіне барлық мүмкіндіктердің қарастырылуы;
Әрбір оқушының мүмкіндіктері мен қажеттілігінің ескерілуі;
Сабақта дидактика қағидаттарының жүзеге асуы;
Сабақта оқушы үшін табысты оқу ортасының қалыптастырылуы;
Сабақта жедел кері байланыстың жүзеге асуы;
Сабақта жоғары қарқын және белсенді процестің болуы;
Көтеріңкі эмоциялық көңіл-күйдің болуы;
Сабақта қауіпсіз ортаның, жағымды психологиялық ахуалдың орнатылуы.
ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ СЫЗБАСЫ
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
білім беру мазмұнына;
оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің максималды көлеміне;
оқушылар даярылығының деңгейіне жалпы талаптар жиынтығын анықтау.
Пән бойынша оқу бағдарламасы Ұзақ мерзімді жоспар
Әр пән және әр сынып бойынша оқу мақсаттары түріндегі күтілетін нәтижелерді анықтау.
Пән бойынша орта мерзімді жоспар (әдістемелік ұсыныстар) Іс-әрекет түрлері мен тапсырмалардың алуан түрін іріктей отырып, белгілі бір бірізділікте сабақтар серияларын құрау. Бұл сабақтардың мазмұны әр сабақ бойынша және әр сынып бойынша ұзақ мерзімді жоспармен белгіленген оқу мақсаттарына жетуге бағытталған.
Пән бойынша қысқа мерзімді жоспар
Пән бойынша әрбір сабақты ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлармен қойылған мақсаттар мен міндеттерді айқындайтындай етіп толық әзірлеу
ЗАМАНАУИ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ НЕДЕН БАСТАУ КЕРЕК?
ЗАМАНАУИ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ НЕДЕН БАСТАЛАДЫ?
Алдымен мұғалім дайындық жұмыстарын жүргізеді:
осы сабақтың оқу бағдарламасындағы орнын, сабақтар топтамасындағы орнын анықтайды;
пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды;
тақырыпқа байланысты негізгі ұғымдарды зерттейді;
өткен және келесі сабақтарға шолу жүргізеді, осы сабаққа байланысты идеяларды толықтырады және қорытады.
ПӘН БОЙЫНША ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ САБАҚ ЖОСПАРЛАУ
Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарынан оқыту мақсатын таңдау;
Сабақ тақырыбын анықтау;
Сабақтың мақсатын қою (таңдалған оқу мақсаттарына сәйкес);
Бағалау критерийлерін анықтау;
Қалыптастырушы бағалауды тиімді ұйымдастыру үшін дескрипторлары бар сараланған тапсырмаларды әзірлеу;
Сабақ мазмұнын іріктеу және ресурстарды дайындау;
Белсенді оқыту әдістері негізінде оқушылардың жеке, жұптық және топтық қызметін жоспарлау;
Қалыптастырушы бағалаудың түрлері (өзін-өзі, жұпта, топта) мен әдістерін жоспарлау.
САРАЛАП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды дайындау келесі сұрақтарға жауап іздеуді қарастырады:
оқу мақсатына жетудегі оқушылардың көпшілігінің ілгерілеуін көрсетуге мүмкіндік беретін тапсырмаларды қалай жоспарлауға болады;
үлкен қолдауды қажет ететін оқушыларға арналған тапсырмаларды қалай бейімдеуге болады;
ең күрделі тапсырмаларды орындайтын оқушыларға арналған тапсырмаларды қалай бейімдеуге болады?
САБАҚ ЖОСПАРЫН БАҒАЛАУ
сабақ мақсатының, тілдік мақсаттардың дұрыс анықталуы;
бағалау критерийлерінің белгіленуі;
оқыту әдістерінің тиімді таңдалуы;
оқушылардың сабақта жұмыс істеу түрі, оқыту үлгілерінің (жеке, жұптық, топтық, бүкіл сыныптық) үйлесімділігі;
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың тиімді таңдалуы;
тапсырмаларға сәйкес дескрипторлардың анықталуы;
үйге берілетін тапсырмалардың дайындалуы;
саралау тапсырмаларының дайындалуы;
бақылау, бағалау түрлерінің анықтығы;
сабақты қорытындылауға қажетті сұрақтардың дайындалуы;
сабақтың ресурстармен жабдықталуы (қосымша оқу материалдары, т.б.)
КЕЛЕСІ КЕЗДЕСУГЕ: 02.08.2020 ж сағат 12.00 дейін Дәріс 5.1 - 5.3 Ресурс 5.1 - 5.8 Тапсырма 5.1 – 5.3