Педагогикалық Әдеп, МҰҒалімнің этикасы және мәдениеті педагогикалық Әдеп педагогикалық техника



бет4/8
Дата23.04.2022
өлшемі132,41 Kb.
#140582
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
этика

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕПТІҢ БЕЛГІЕРІ:
1. Ілтипаттылық. Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін мұғалімдер оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім–бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап көңіл аудармаса да, ренжіп қалады.
2. Сенім. А. С. Макаренконың пайымдауынша; қателесу қаупі төніп тұрса да мұғалім оқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы қажет. Балалар өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін толық шамалай алмайды. Олар ересектердің бағасына, әсіресе өздерінен де артық сенетін мұғалімнің бағасына сүйенеді.
 3. Әділдік. Мұғалімнің қандай қасиеттерін бағалайсыз деген сауалға оқушылар көбіне көп: "әділдігін” деп жауап қайтарады. Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам болмайтыны түсінікті.
Мұғалімге «әділетсіз» деген ат оның тек әділетсіз болғандығын ғана емес, сонымен қатар оқушылармен жұмыс барысында әдеп сақталмауынан да таңылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға тек қана әділ қарап қоймай, соған қоса өз ісінің дұрыстығына иландыра білуі керек.
Мұғалім ар-ұяты кіршіксіз болса, оқушылар оның кез келген қатесін кешіреді. Керісінше мұғалім әділетсіздік жасап, жалған мінез көрсетсе, оқушылардың көңілдері қалып, араларының салқындауы осыдан басталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет