Педагогикалық факультет



бет13/14
Дата03.02.2017
өлшемі3,13 Mb.
#8657
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Жұмысты орындауға нұсқау.

Сыныпқа арналған қызмет көрсету бөліміндегі оқу материалы тапсырма № 1 оқып танысқаннан кейін, оқу бағдарламаны жасаудың дидактикалық талаптарын оқу - әдістемелік құжаттардан қарастырады. Оқу бағдарламаның жасалу принциптері, құрылымы, нақты оқу материалдарының көлемі, толықтығы, біртұтастығы дидактикалық принциптерге негізделе анықталынады. Оны тақырыптарға бөледі. Уақыт мөлшерін белгілеп тақырыптың мазмұнына сәйкес оқу материалдарын логикалық жүйеде құрастырылады. Тақырыптық оқу мазмұны екі бөліктен құралғаны орынды. Яғни, теориялық бөлімде оқу материалы, ал практикалық бөлімінде нақты орындалатын тәжірибелі іс - әрекетке қажетті оқытудың құралдары. Соңғы бөлімде оқушының орындау объектісі, қолданылатын құрал: аспаптар, қосымша қондырғы мен материалдардың түрлері.

Оқу бағдарламаның негізгі бөлімін аяқтағаннан кейін тақырыптық жоспардың бөлім мен тақырыптар атауы, олардың сағат мөлшері белгіленеді. Сабақ тақырыбына белгіленген сағат көлемін теориялық және практикалық қатынасына бөледі.

Оқу материалын оқушы игерудегі, оның білімі мен іскерлігіне қойылатын міндетті талаптарды анықтауда қажет. Қолданылған әдебиеттерде бағдарламаның соңғы бір құрылымына енеді. Олардың тізімі жұмыстың соңында көрсетіледі.

Оқушының білімі мен іскерлігін тексеру әдістері мен бағалау критериялары да анықталынады. Оқу бағдарламаны жасаудың соңғы сатысында, оның түсіндірме хаты жазылып жұмыстың құрылымы жүйеленеді. Түсіндірме хатта оқу материалының өзектілігі, бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, негізгі қарастырылатын білім беру мазмұны және пән мұғалімнің бағдарламаны пайдаланудағы әдістемелік ерекшеліктеріне ұсыныстар көрсетіледі.

Осыдан кейін, студент техникалық безендіру жасап оқытушыдан тәжірибеде сынау үшін рұқсат алынады. Орындалған жұмыстың қолайлығын және тиімділігін бастауыш мектеп мұғалімдерінің пікірінен айқындалып (толықтыру, түзетілу сияқты жұмыстар орын алуы мүмкін) оқытушыға есеп беріледі.


Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • студент бөлім бойынша оқу бағдарламасының модулін жасауда дидактикалық принциптерге, критерияларға, талаптарға міндетті түрде негізделеді;

  • белгіленген оқу материалының көлемін, мазмұнын, аумақтығын өзгертуге толықтыруға, ықшамдауға, жетілдіруге мүмкіндігі бар;

  • оқу бағдарламадағы оқу мазмұнының өзгеруі оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процестерін дамытуға ықпалының болуы;

  • оқушының белсенділігі мен қызығушылық қабілетінің артуына оқу материалының ықпал болуы;

  • анықталған практикалық іс - әрекеттердің жүзеге асырылу мүмкіндігі;

  • өзгертілген оқу материалының өзектілігі, қолданбалылығы және өмірге мәнділігінің болуы;

  • белгіленген уақыт мөлшері сабақтың өткізілу тәртібіне сәйкес келуі;

  • жұмысты орындаушы студент оқытушыға тапсырады:

- модулді оқу бағдарламаның тексерілген үлгісі;

- оқу бағдарлама жобасының теориялық негіздемесі.


Тапсырма №1.
Тақырып: Қызмет көрсету(8 - сағат).
Жұмыс орнын дайындау және техника қауіпсіздігі.

Жұмыс орны әр уақытта жинақы әрі ретті болуы керек. Жұмыс үстеліне тек осы сабақта пайдаланатын құралдар ғана қойылады. Құралдарды барынша сақтықпен пайдаланып, техника қауіпсіздігі ережелері мен жеке гигиенаны мүлтіксіз сақтау керек. Мұндай сақтық өздеріңді және қасыңда отырған көршілеріңді ойда жоқта жарақаттанып қалудан қорғайды.

Сендерге еңбек мәдениетінің негізгі ережелері ұсынылады:


  • сабаққа арнаулы киіммен келу(алжапқыш, жеңсе немесе халат, жаулық немесе телпек);

  • құрал-жабдықтарды, сурет, сызба, жазу жазатын жұмыс дәптерлерін ретке келтіріп отыру;

  • тек дұрыс құралмен ғана жұмыс жасау, оларды өзінің тиісті жерінде пайдалану;

  • техника қауіпсіздігінің ережесі бұзылған жағдайда, жараланғанда тез мұғалімге хабарлау.

Жеміс сақтауды үйренейік.

Еске түсірейік: әрбір алманы қағазбен орап, сөреге қойып, жәшікте сақтайды.

Алма мен алмұртты дөңгелектеп турап, ішіндегі дәнектерін алып, әр түрлі тәсілмен кептіреді.

Тосап қайнатарда жемісті ұрығынан тазартып, ұсақтап тураймыз.

Сақтауға қойылатын көкөністерді іріктеуге және тазалауға көмектесеміз.

Сәбізді сақтау үшін, оны салқын жертөлеге қоярдан бұрын далаға жайып, кептіру керек. Жабысқан балшық кеуіп, үгітіліп түседі. Сәбіздің сабағын қайта көктемейтіндей етіп, тұқыртып кеседі. Қоймаға сақтағанда, сәбізді үлкен жәшіктерге салу керек. Жәшіктердің жан-жағы тесілуі тиіс. Ол ауа кіріп тұру үшін қажет. Сәбізді құрғақ құмға көміп, жәшіктерге салып, жертөлеге сақтайды.
Киімге түскен дақты кетіру.

Киімдерді қолмен немесе кір жуғыш машинамен жуады. Сендер орамалдарыңды, киімдеріңді жуа аласыңдар.

Кір киімдерді құрғақ күйінде себетте, неғұрлым бөлек орында сақтаған дұрыс. Егер киім ұзақ уақыт жуылмай жатып қалса, кірін кетіру қиын болады. Капрон шұлықтар мен ұйықтарды мерзімінде жуу керек.

Кір жуудың реті:



  1. Жуар алдында мақта және кендір маталарды жүн, жібек маталардан бөліп алу керек.

  2. Ұнтақ сабындарды этикеткасындағы жазуын оқып барып таңдаған дұрыс.

  3. Киімді алдын ала ұнтақ сабын қосқан суға салып қояды.

  4. Кір киімді сабыны көпіршіген жылы суға екі рет жуады.

  5. Үтікті қатты қыздырмай, кепкен киімді іш жағынан үтіктейді.

  6. Кейбір тоқыма бұйымдарды үтіктемей-ақ, жеңіл ғана сілкіп алып, тегіс жерге жайып кептіреді

  7. Боялып тоқылған бұйымдарды суға алдын ала салмай жуады.

  8. Қыстырғыштарды суға жақсылап шайып алу керек, әйтпесе киімді дақ қалуы мүмкін.

  9. Қазір электр киім құрғатқыштар бар. Ол приборды қолдану үшін үлкен кісілердің қадағалауымен орындалуы керек.

  10. Киімге түскен дақты алдын ала салқын сумен жуып алып, ұнтақ сабын қосылған сумен тазартады.

Түймебау жасау.

Түймебаудың ұзындығы түйменің өлшемінен екі есе ұзын болады. Түймебауды екі бүктеп, киімге екі ұшын қайырып тігеміз. Түйме қадайтын жердің түймебаудың дәл ортасына сәйкес келуін қадағалаймыз. Содан кейін түймені қадаймыз.
Бөлмені жинау.

Сенбі сайын барлық балалар бірігіп, кесте бойынша өз бөлмеміздің тазалығын реттейміз. Біз бірінші сыныпта гүлді күту, тақтаны тазалау, шашылған бұйымдар мен заттарды жинау, тәртіпке келтіру орындалған болатын. Енді терезенің шаңын сүрту, еденді сыпыру. Терезенің ластануын және шаңын кетіру үшін алдымен ылғал шүберекпен әйнектің бетін сүртеді. Кейін кепкенін күтіп таза шүберекпен сүртеді. Кейде таза шүберектің орнына газета немесе жұмсақ таза қағаздармен де тазартуға болады. Қазіргі кезде бірнеше терезе тазартатын ертінділер сатылады. Олардың әйнекті тазарту мүмкіндігі өте жоғары. Сондықтан, оны пайдалану кезінде үлкен кісілердің рұқсатымен, қолдану ережесін дұрыс сақтау қажет болады. өйткені, ол ерітінді улы химиялық элементтердің құрамынан жасалған. Еденді сүрту үшінде арнайы еден жуатын шүберекті ылғалдандырып сүртуге немесе ылғалданған сыбыртқымен тазалауға болады. Пайда болған қоқысты үй күрегімен жинап қоқыс ыдысына салады.

Тексеру сұрақтары.


  1. Оқу бағдарламасы дегеніміз не?

  2. Оқу бағдарламаның қызметі қандай?

  3. Оқу бағдарламаның құрылымы мен мазмұнының сипаты қандай?

  4. Еңбекке баулу пәні оқу бағдарламасының басқа пәндердегі оқу бағдарламаларынан айырмашылығы қандай?

  5. Оқу бағдарламадағы тақырыптық оқу материалдарының жазылу стилі қандай?

  6. Еңбекке баулу пәні оқу бағдарламасындағы оқу материалының бөлімдері қандай?

  7. Тақырыптық оқу материалының көлемі бағдарламада мөлшері, қандай болу керек?

  8. Оқу бағдарламасын жасау, қандай құжаттарға негізделеді?

  9. Мұғалім оқу бағдарламасын жасағаннан кейін, келесі қандай оқу - әдістемелік құжатқа көшеді?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Оқулықтар, оқу - әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар. -Алматы, 2000ж.

  2. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003.

  3. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(3 - сынып). -Алматы, 2003 ж.

  4. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (3 - сынып). -Алматы, 2003 ж.

Лабораториялық жұмыс №2


Тақырыбы: еңбекке баулу пәнінің күнтізбелік - тақырыптық жоспарының құрылымы мен мазмұны.
Объектісі: еңбекке баулу пәнінің оқу процесіндегі күнтізбелік-тақырыптық жоспары.

Предметі: 2 – сыныптың көркем еңбек бөлімі оқу материалының мазмұнында күнтізбелік – тақырыптық жоспарын құрастыру.
Мақсаты: көркем еңбек бөлімінің тақырып мазмұнының күнтізбелік – тақырыптық жоспарының жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың міндеттері және мазмұнымен ұқыпты оқып танысу;

  • үлгі күнтізбелік – тақырыптық жоспардың құрылымы және мазмұнын қарастыра түсіну;

  • күнтізбелік – тақырыптық жоспарды құруға қажетті дидактикалық талаптарды нормативті оқу - әдістемелік құжаттардан оқып қарастыру;

  • күнтізбелік – тақырыптық жоспардың жобасын жасау;

  • орындалған жұмыстың мазмұнын тексеру және ол туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты; 2 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, оқу құралдары, нормативті оқу - әдістемелік құжаттарды жасаудың дидактикалық талаптары, күнтізбелік – тақырыптық жоспардың үлгісі, қосымша оқулық құралдары.
Жұмысты орындауға нұсқау.
Сыныпқа арналған көркем еңбек оқу материал бөлімінің мазмұнымен тапсырма №1 толық таныса қажетті дидактикалық талаптарға, күнтізбелік – тақырыптық жоспар үлгісіне негізделе, оның кестедегі бағаналы құрылымын анықтауға кіріседі. Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың құрылым үлгісі төмендегі кестеден байқауға болады. Орындаушы өзінің білім дәрежесіне сәйкес бағананың қосымша атаулары мен мазмұнын жетілдіруге мүмкіндігі бар. Күнтізбелік жоспарда негізінен бөлімнің және тақырыптың атауы, тақырыптың қысқаша мазмұны, жалпы сағат көлемі, әр сабақтың тақырыбына бөлінген нақты уақыт, оның мақсаттары сияқты белгілері анықталуы қажет.

Әрбір тақырыптық оқу мазмұнын анықтағаннан кейін, қолданылатын оқытудың формаларын, әдістерін, құралдарын және практикалық тапсырмалардың түрлерін көрсетілген бағаналарда жазылады. Күнтізбелік жоспардың соңғы бағаналарында пайдаланатын оқулық құралдардың аттары мен авторлары, үй тапсырмасы белгіленеді.

Күнтізбелік -тақырыптық жоспардың жобасы жасалынғаннан кейін, оқытушыдан тәжірибеге жіберілуі үшін рұқсат алынады. Ол үшін орындаушы жасалынған жобаның құрылымы мен мазмұнына теориялық негіздеме жасап, дұрыс орындалғаны тексерілуі тиіс. Бұл кезеңнен кейін студент күнтізбелік жоспардың жобасын мектеп тәжірибесінде сынап, қолайлығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен қанағаттырарлық пікір алып, оқытушыға төмендегі құжаттармен есеп бере тапсырады:


  • күнтізбелік – тақырыптық жоспарды құрудың теориялық негіздемесі;

  • күнтізбелік – тақырыптық жоспардың үлгісі.


Жұмыстың орындалу шартына ескертулер:


  • студент күнтізбелік – тақырыптық жоспарды жобалауда логикалық сәйкестікте оқу материалының мазмұнын жетілдіруге, толықтыруға, тақырыпты өзгертуге, жаңартуға, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • күнтізбелік – тақырыптық жоспардың кесте құрылымы мен мазмұнын жетілдіруге мүмкіндігі бар;

  • оқытудың дәстүрлі және жаңа құралдарын, формаларын, оқыту әдістерін, тапсырмаларды өз еркімен дидактикалық талапқа сай таңдай қолдана алады;

  • күнтізбелік – тақырыптық жоспардың оқу құралдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процестерін дамытуға ықпалының болуы;

  • оқу құралдарының дидактикалық принциптеріне сәйкес келуі;

  • күнтізбелік жоспардың қарастырылуындағы құрылымы мен мазмұны логикалық үндестікте болуы.


Тапсырма № 1.
Бөлім:Көркем еңбек (ұлттық киім – 8 сағат).
Техникалық мәліметтер. Ұлттық киімдер туралы мәлімет. Ұлттық киімдердің тігілуі, қолданылуы, қиып жапсыру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық- гигиеналық талаптарды орындау.

Жұмыста қолданылатын тәсілдер. Өлшеу, пішу, қию, тігу, желімдеу, біріктіру. Материалдарды үнемдеп пайдалану.

Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: қалапақ, сәнделген тақия, шапан, тұмақ, сәукеле, кимешек, көйлек, етік, мәсі-кебіс, шалбар, тон.

Күнтізбелік – тақырыптық жоспар үлгісі.




Рет саны

Тараулары мен тақырыптары

Тақырыптың мазмұны

Сағат саны

Уақыты

Сабақтың

түрі


Сабақтың әдістері

Пәнаралық байланыс

Көрнекілік

Машықтық жұмыс

Құралдар


























Тоқсан
























Тексеру сұрақтары.




  1. Күнтізбелік – тақырыптық жоспар дегеніміз не?

  2. Күнтізбелік – тақырыптық жоспардың құрылымы мен оның мазмұны, қандай белгілерімен ерекшелінеді?

  3. Күнтізбелік жоспарды құру, қандай құжаттар негізінде орындалады?

  4. Күнтізбелік жоспардың қызметі қандай?

  5. Күнтізбелік жоспардағы оқу материалының көлемі қандай?

  6. Дидактикалық тапсырмалар мен қолданылатын құралдардың мазмұны, қандай мөлшерде көрсетіледі?

  7. Күнтізбелік жоспардың ішіндегі бөлім мен сабақ тақырыптарының жазылу себебі неде?

  8. Күнтізбелік – тақырыптық жоспардан кейін кезектегі оқу - әдістемелік құжат не болып табылады?

Ұсынылатын әдебиет.




  1. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. - Алматы, 2003 ж.

  2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.

  3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.

  4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990 ж.

  5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. Уральск, 2005 ж.

  6. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(2 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  7. Конышева Н. М. Методика трудового обучения младших школьников. -М., 1988ж.

  8. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (2 – сынып). -Алматы,2002 ж.

  9. Хворостов А. С. Декоративно – прикладная искусства в школе. –М.,1995 ж.

  10. .Сатканов О. С. Методика трудового обучения в начальных классах. -Алматы, 1995 ж.

Лабораториялық жұмыс №3


Тақырыбы: оқушыны қағаздан (картоннан) жұмыс орындауға үйретудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 1 сынып еңбекке баулу пәнін оқыту мазмұны.
Предметі: оқушылардың қағазбен жұмыс орындауға материал түрлерімен таныстыра, олардың білімін қалыптастырудың оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың қағазбен жұмыс орындау сабақ жоспарының жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнын қарастыру;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді құралдарды негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспар жобасының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау және дайындау;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасын тәжірибеде тексеру;

  • орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: бастауыш мектептегі еңбекке баулу пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты, 1 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу құралдары, оқу - әдістемелік құралдар, ұсыныстар, көрнекіліктер: технологиялық карта; сызба құралдары; құралдар, материал: қағаз, картон, желім және т.б.; қажетті техникалық аспаптар.
Жұмысты орындауға нұсқау.
1 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма №1(2) танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушыға игерілетін оқу материалының элементтерін анықтап жүйелейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін, оның теориялық білімін меңгертуге арналған дидактикалық тапсырмалар дайындалады. Оқушының теориялық білімін нығайтатын практикалық жұмыстың объекті үлгісі жасалынып, оның көрнекіліктегі тиімді технологиялық процессі белгіленеді. Бұл объектіні оқушы практикалық сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды.

Келесі кезеңде оқушының білімін бақылау формасы мен әдістерін анықтай қажетті тапсырмаларды дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту түрін, формаларын, құралдарын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдауға мүмкіндігі бар;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесстерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы оқыту құралдарының, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптерге қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма № 1.
Тақырып: Қағаздар мен картондардың түрлері(1 сағат).
Целлюлоза – қағаз өнеркәсібінде шығарылатын бірнеше түрлі картон мен қағаздардың ішінен мектепте тек кейбір түрлері ғана қолданады. Қағаздың қасиетін жақсы білу үшін, оның түрлерімен таныс болу керек.


  1. Жазуға арналған(дәптер,пошта, блокнот).

  2. Суретке және сызуға арналған(ватман, калька,милиметрлік қағаз).

  3. Баспа қағаздары(газет, жұрнал, түс қағаз).

  4. Орауға арналған(металлды, май өткізбейтін, парафинді).

  5. Боялған(маймаңкелі, жиылған, бархат, шегрен).

  6. Көшірме қағаз.

  7. Сорғыш қағаз.

  8. Арнайы қағаз(зімпара, фотографиялық, медициналық, жарық өткізбейтін).

Картон – қалың және тығыз қағаз, 1 кв.м. 250 гр. Салмағы бар. Картон қағазға қарағанда өзінің беріктігі мен қалыңдығына қарай түрлі жағдайда өңделеді.

Олар төмендегі жағдайлармен ерекшелінеді.



  1. Дайындық тәсілі бойынша:

  • бір қабатты,

  • көп қабатты,

  • парақты,

  1. сыртқы түрі бойынша:

  • ағартылған, жылтыр,

  • бұдырлы,

  • гофирленген(жиылған),

  1. Қажеттілігі бойынша:

  • қораптар үшін,

  • полиграфиялық,

  • электроизоляциялық,

  • техникалық,

  • аяқ киімдік,

  • құрылыста пайдалану үшін.


Тапсырма №2.
Тақырып: Жазық бетті бір көлемді бұйым пішінін жасау(1 сағат).

(Қағазды бүгу арқылы тышқан бейнесін жасау).


Тік бұрышты қағазды алып ұзын бойымен өз ара бірдей етіп төрт бөлігін белгілейміз. Белгілеген сызықтарды бүгіп іргелес жатқан екі үйдің шатыры сияқты көлемді бейне алынады. Екі шет жағын көлбеулеп сыртқа қарай бүгеміз. Қағаздың пішіні трапеция тәрізді болады. Пайда болған дененің бір жағына тышқанның құлағын шығару үшін бүгілген бөлікті ішке қарай қайырып бүгеміз. Қара түсті қағазбен тышқанның көзі мен құйрығын жасаймыз.

Тексеру сұрақтары.




  1. Сабақ жоспары дегеніміз не?

  2. Сабақ жоспарының қызметі қандай?

  3. Сабақ жоспарының құрылымы мен мазмұны қандай?

  4. Сабақтың мақсаты дегеніміз не?

  5. Оқытудың технологиясы және оқытудың әдістемесі дегеніміз не?

  6. Оқушының оқу материалын меңгертуге, қанша уақыт белгіленеді?

  7. Еңбекке баулу сабағы, қандай нұсқаулардан тұрады?

  8. Сабақ жоспарын орындағаннан кейін, мұғалім келесі қандай іс - әрекетке көшеді?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(1 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.

  3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умею сам (УМК). -М., 1998 ж.

  4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж.

  5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. -Уральск, 2005ж.

  6. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (1 - сынып). -Алматы, 2001 ж.

  7. Калмыкова Н. В. и др. Макетирование из бумаги и картона. -М., 2000 г.

  8. Сатканов О. С. и др. Технология. 1 класс (12 лет обучение), (методическое пособие. –Алматы, 2006 ж.

  9. Смирнова И. М. В мире много грантников. -М., 1995 ж.

  10. Сержантова Т. Оригами для всей семьи. -М., 2001 ж.

Лабораториялық жұмыс №4


Тақырыбы: оқушыларды табиғи материалдан жұмыс орындауға үйретудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 2 – сынып еңбекке баулу пәнін оқыту мазмұны.
Предметі: оқушыларды табиғи материалдардан бір фигуралы композициялы объектіні жасатуда, олардың іскерлігін қалыптастырудың оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың табиғи материалдан композициялық объект орындау сабақ жоспарының жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқу мазмұнына тиімді оқыту құралдарын негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

  • орындалған сабақ жоспар жобасын тексеру;

  • орындалған жұмыс туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: Бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің білім беру стандарты, 2 - сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу құралдары, әдістемелік құралдар мен ұсыныстар, композициялы объектіні жасаудың кескінді бейнесі, технологиялық картасы сызба, пышақ, қайшы, кептірілген ағаш, жеміс қабықтары, өсімдік өнімдері,су коректілердің кепкен қабықтары, және т.б.
Жұмысты орындауға нұсқау.
2 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес

білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушыға игерілетін оқу материалының элементтерін анықтап жүйелейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін, оның практикалық іскерлігін меңгертуге арналған дидактикалық тапсырмалар дайындалады. Оқушының практикалық іскерлігін нығайтатын жұмыстың объекті үлгісі жасалынып, оның көрнекіліктегі тиімді технологиялық процессі белгіленеді. Бұл объектіні оқушы практикалық сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды.

Келесі кезеңде оқушының іскерлігін бақылау формасы мен әдістерін анықтай қажетті тапсырмаларды дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы теориялық және практикалық кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.




Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы оқыту құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма №1.
Тақырып: Табиғи материалдардан «Әтеш» жасау(1 сағат).
Табиғи материалдардан әр түрлі сувенирлер және ойыншықтар жасауға болады. Олар күнделікті баланың ойынына және мереке кезінде туыстарға қарапайым материалдардан бұйым жасап сыйлауға өте қолайлы материал. Бұл бұйымдарды жасау үшін алдымен қарапайым аспаптар мен материалдар қажет болады. Аспаптардан: кішкентай пышақ, қайшы, біз, пинцет, инелер, ағаштан жасалған мүсінге қажет «стек», кисттер, қысқыш және т.б...

Әтешті жасау үшін мынандай материалдар қажет болады: грек жаңғағының қабығы, орман жаңғағының қабығы, ағаштың сабағы, акация ағашының кепкен тұқымы, құстың үлпі қанаттары, пластиллин, айдарды жасауға қағаз немесе былғары материалы, ағаштың қабығы.

Әтешті жасау үшін алдымен грек жаңғағының ішін тазалап, оны пластиллин арқылы бір-бірімен жапсырамыз. Аяғын ағаштың қисық бөлігінен кесіп пішінін келтіре, жаңғақтың төменгі бүйіріне пластиллинмен біріктіреміз. Әтештің аяғы ағаш қабығына пластиллинмен бекітіледі. Басты жасау үшін, орман жаңғағының қабығын тазалап бір-бірімен пласиллин арқылы қосып, оның жарық жеріне былғарыдан немесе қағаздан ойылған айдарды бекітеміз. Тұмсығын ағаштың қаңқаларынан кесіп пласиллинмен қосамыз. Көзіне акацияның тұқымын аламыз. Мойнын ағаштың сабағымен дене бөлігіне біріктіреміз. Қанаты мен құйрық бөліктеріне құстың үлпі қанаттарын пластиллинмен отырғызамыз. Орындалған әтештің кейбір бөліктерін түсті бояумен әсемдеугеде болады.

Тексеру сұрақтары.




  1. Қандай оқу материалымен сабақтың мазмұны өзгерді?

  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?

  3. Не себепті анықталған сабақ формасы таңдалды?

  4. Сабақ оқушының қандай қасиетін қалыптасыру мен дамытуға арналды?

  5. Оқушының іскерлігі қалыптасуы қалай айқындалды?

  6. Таңдаған объекті оқу материалының мазмұнына сәйкес келді ме?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(2 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.

  3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.

  4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990 ж.

  5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. -Орал, 2005 ж.

  6. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (2 – сынып). Оқулық, -Алматы, 2002 ж.

Лабораториялық жұмыс №5


Тақырыбы: оқушыларды ағаш материалынан жұмыс орындауға үйретудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 3 – сынып еңбекке баулу пәнін оқыту мазмұны.
Предметі: оқушыларды ағаш материалын тазалау білімі мен іскерлігін қалыптастырудың оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушыларды ағашты өңдеу технологиясына үйрету сабақ жоспарының жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқу мазмұнына тиімді оқыту құралдарды негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

  • орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

  • орындалған жұмыстың мазмұны туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: Бастауыш мектеп еңбекке баулу пәнінің білім беру стандарты, 3 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік -тақырыптық жоспар, 3 сыныптың оқу және әдістемелік құралдары, ұсыныстар, көрнекіліктер: жұмысты орындаудың үлгісі, технологиялық карта; сызғыш, қалам, зімпара ағаш және қосымша материалдар.
Жұмысты орындауға нұсқау.
3 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма № 1(2) танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушыға игерілетін оқу материалының элементтерін анықтап жүйелейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін, оның теориялық білімі мен практикалық іскерлігін меңгертуге арналған дидактикалық тапсырмалар дайындалады. Оқушының теориялық білімі мен практикалық іскерлігі нығайтылатын жұмыстың объекті үлгісі жасалынып, оның көрнекіліктегі тиімді технологиялық процессі белгіленеді. Таңдалған объектіні оқушы практикалық сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды.

Келесі кезеңде оқушының білімі мен іскерлігін бақылау формасы мен әдістерін анықтай қажетті құралдарын дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы теориялық және практикалық кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.

Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма №1.
Тақырып: Жұмыр ағаш дайындаудағы негізгі тәсілдермен танысу.

Жұмыр ағаш әзірлеу(1 сағат).
Естеріңе түсіріңдерші: біз гүлзарлардың арасын бөліп тұратын қазықшаларды, жалауша сабына арналған таяқшаларды, тоқыма біліктерін, жіп иіретін ұршықтарды жиі пайдаланамыз. Ал құрастыру жұмыстарына қаншама бөлшектер керек! Бұлар, негізінен, жұмыр болып келеді. Бұлардың бәрін де ағаштарды қолмен өңдеу арқылы өзіміз жасай аламыз.

Ағаш – берік құрылыс материалы. Ағаштың тамыры мен бұтақтарына қарағанда, діңі қатты келеді. Жоғарыда аталған жұмыр бұйымдарды дайындау үшін қарағай мен шыршаның қурамаған, түзу діңін аламыз. Терек секілді жұмсақ ағаштарды да пайдалануға болады. Жұмыр, қырлы ағаштарды, бөреленерді бізге жоғары сынып оқушылары дайындап береді. Дайындалған ағаштарды, жұқа тақтайларды (фанераларды) өңдеп, керекті бұйымды жасаймыз.

Қамшының немесе жалаушаның сабын жасап көрейік.

Негізгі қажетті өлшемдер: диаметрі – 25 мм, ұзындығы – 200 мм№

D – диаметрдің белгісі, l – жұмыр ағаш ұзындығының белгісі.

Қамшының сабын жасау



  1. Таңдап алған төрт қырлы ағаштың кесілген жеріндегі шаршыны өлшейміз. Шаршының қырлары саптың диаметрінен 1 – 2 мм артық болуы керек.

  2. Қырларын жонамыз. Алғашында сегіз қыр пайда болады. Бұл қырларды тағы жонамыз.

Сөйтіп қамшының жұп – жұмыр сабын дайындаймыз.

Саптың сыртын өңдеудің түрлері: бетін тегістеп зімпара аспабымен (егеу) тазарту, бояғыштармен жылтырату (сәндеу). Сәндеу – бұйымның сыртқы көрінісін тартымды етіп, оған сәнді түр беру үшін жасалатын ең соңғы өңдеу жұмысы.

Жұмырланғаннан кейінгі кедір – бұдырды түрпімен және зімпарамен тегістейміз.
Тапсырма №2.
Тақырып: Түрпімен тегістеу(1 сағат).
Түрпі – ағаш сапты, төрт қырлы жалпақ егеу (56 беттегі 1 – 5 суреттер). Түрпінің бетінде бұдырлы сызықтарды болады. Бұл бұдырлар ағаш бетін тегістейді. Түрпіні ағаштың бетімен алға қарай жылжытады.

Жұмыс біткеннен кейін түрпіні щеткаман ағаш ұнтақтарынан міндетті түрде тазарту керек.

Зімпара – бетіне құм түйіршіктері желімделген қағаз немесе кенеп мата. Тегістегіш зімпараны үнемдеу керек екені есте болсын. Тегістегенде, бұйымның бетінен шыққан тозаң мен ағаш ұнтақтарын арнаулы сыпырғыш щеткамен тазартады.

Ағаштан жасалған бөлшектерді зімпарамен ағаш талшықтарының ұзына бойына қарай тазалайды.

Тегістеген кезде, тегістегіш қабықшаны қолға ұстамай, төрт қырлы ағашқа орап алып ұстаған ыңғайлы.

Ағаштың беті тегістелгеннен кейін, оны бояуға болады. Акварель бояумен, тушьпен бояған жақсы. Бояу жұмысын арнаулы щеткамен орындаймыз. Немесе жұмсақ мақта матадан домалақтап жасалған анжымен (тампонмен) бояймыз.

Анжы – матаға оралған бір шөкім мақта.

Бұйымның бетін алдымен ұзынынан, онан соң көлденеңінен бояйды.


Сүргілеу мен тегістеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

  1. Бұдырлары біркелкі және сабы орнықты түрпімен жұмыс істеу керек.

  2. Түрпінің ұшын саусақтарыңмен ұстамаңдар.

  3. Тегістегенде шыққан шаң мен үгінділерді үрлеуге, оны қолмен жинауға болмйды, оларды арнаулы сыпырғыш щеткамен тазалайды.

  4. Жұмыс аяғында қолды ұқыптап сабынмен жуу қажет.

  5. Бояғыш заттармен абайлап жұмыс істеңдер.

Оны киімге, қолға, денеге жұқтырмауға тырыс.

Ағаш өңдеу кәсіпорындарында мұндай жұмыстар арнаулы станоктарда атқарылады. Бұйымдарды әсемдеуші - әрлеушілер сәндейді. Машинаның көмегімен олар бұйымды бояп, арнаулы құрғатқыштарда кептіреді.


Тексеру сұрақтары.


  1. Оқу материалының мазмұны өзгерілді ма?

  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?

  3. Неге қолданған әдістер анықталған сабақтың типінде тиімді?

  4. Оқыту құралдардың іріктелуі дұрыс орындалды ма?

  5. Ағаш материалын тазалауға, басқа қандай аспаптар қолдануға тиімді болар еді?

  6. Оқушы өңдеудің технологиялық процесін дұрыс, сапалы орындауға мүмкіндік тууына қандай қолайлы тәсілдер қолданылды?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы( 3 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.

  3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.

  4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж.

  5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. -Уральск, 2005ж.

  6. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (3 - сынып). -Алматы, 2003 ж.

Лабораториялық жұмыс №6


Тақырыбы: оқушыларды матадан жұмыс орындауға үйретудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 4 – сынып еңбекке баулу пәнін оқыту мазмұны.
Предметі: матамен жұмыс орындаудағы оқушылардың білімі мен іскерлігін жүйелеу және қорытындылаудың оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың матамен жұмыс орындау технологиясы сабақ жоспарының жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді сабақтың формасы мен құралдарын негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

  • орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

  • орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: Бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің білім беру стандарты, 4 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспары, оқу және әдістемелік құралдары, ұсыныстар, көрнекіліктер: бұйым үлгілері, таблица, бұйымның технологиялық карта; сызба құралдары; маталардың түрлері, қағаз, қажетті техникалық матамен жұмыс істеуге қажетті аспаптар және т.б..
Жұмысты орындауға нұсқау.
4 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес

білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушыға оқу материалын жүйелету және қорыту үшін теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана оқушының матамен жұмыс орындаудағы білімі мен іскерлігін жүйелеу және қорыту оқу материалының элементтерін анықтайды. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін, оның теориялық білімі мен практикалық іскерлігін қорытуға арналған дидактикалық тапсырмалар дайындалады. Оқушының теориялық білімі мен іскерлігінің жүйеленуіне студент практикалық жұмыс объектісін сабақта жасатуға да мүмкіндігі бар. Егер практикалық жұмыстың мазмұнымен оқушының білімін қорыту керек болса, онда объектіні оқушы практикалық сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды.

Келесі кезеңде оқушының білімі мен іскерлігінің жүйеленуі, оны қорыту бақылау формасы мен әдістері анықталып ,қажетті тапсырмалар дайындалады. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.



Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процестерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы оқыту құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма №1.

Тақырып: Жібек жіп туралы мағлұмат. Матамен жұмыс істеу(1 сағат).
Мақта, жүн жіптерді станокта иіретін болса, жібек жіпті адам иірмейді, оны көбелектің дернәсілі иіреді.

Мұндай құрттың түрін тұт жібек құрты деп атайды. Сонымен жібек құрты дегеніміз түсінікті. Ал неліктен «тұт» деп атайды?

Өйткені көбелектің жібек құрты тек қана тұт ағашының жапырағымен қоректенеді. Қуыршаққа айналардың алдында құрт жіңішке жіп шығарып, бүкіл денесін түгел сол жіппен орып тастайды. Одан жібек қуыршақ пайда болады. Адамдар жібек қуыршағын тарқатып, жіп орап, бірден тоқыма фабрикасына жеткізеді. Одан жібек матасы өндіріледі. Жібек құрты мен қуыршақтың салмағы бар болғаны екі грамм мөлшерінде. Бірақ бір қуыршақтағы жібек жіптің ұзындығы бір жарым километр болады. Жібектен парашют жасағанда мықты әрі жеңіл болатынын ең бірінші рет орыс өнертапқышы Глеб Евгеньевич Котельников ойлап тапқан. Қазіргі кезде жібектің қолданбайтын жері жоқ. Одан неше түрлі өздерің киіп жүрген әсем көйлектер, орамалдар, жейделер, терезе перделері, төсек жапқыштар т. б. бұйымдар тігеді.

Практикалық сабақта жібек матасының қалдығынан раушан гүлінің пішінін сәнді етіп жасаттыру.

Ол үшін жібек матаны түтікше етіп ине-жіппен тігіледі. Оның ұзындығы 20 см, диаметрі 10-15 болады. Түтікшенің бір ұшын ине-жіппен ұстатып екінші ұшына қарай тартқанда бастапқы ұшында раушанның гүл шоғы сияқты пішін пайда болады.

Тексеру сұрақтары.




  1. Қандай өзгерістер оқу материалының мазмұнына енгізілді?

  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданды?

  3. Дәстүрлі сабақ құрылымымен, сіздің жасаған сабақ жоспары құрылымында өзгеріс бар ма?

  4. Оқушының білім мен іскерлігін жүйелеп қорытындылауда, қандай оқытудың құралдары қолданылды?

  5. Оқушының білімі мен іскерлігінің жүйелену дәрежесін, қандай бақылау әдісімен тексердің?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(4 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.

  3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.

  4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990 ж.
  5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. Уральск, 2005 ж.


  6. Өстеміров К. Еңбекке баулу (4 - сынып). -Алматы, 2000 ж.

  7. Нагибина М. И. Чудесы из ткани своими руками. -Ярославь, 1998 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет