|
|
бет | 67/86 | Дата | 05.02.2022 | өлшемі | 3,13 Mb. | | #13204 | түрі | Практикум |
|
Тақырыбы: оқушыларды қолөнер бұйымын жасауға үйретудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 4 – сынып еңбекке баулу пәнін оқыту мазмұны.
Предметі: оқушылардың жұмсақ материалдан (былғары) игерген білімі мен іскерлігін жаңа жағдайда қолдана алудың оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушының былғарыдан көркем бұйымдарды шығармашылықпен орындау сабақ жоспарының жобасын жасау.
Міндеттері:
жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;
белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;
көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді оқытудың құралдарын негіздей іріктеу;
сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;
оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;
орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;
орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|