Педагогикалық факультет



бет72/86
Дата05.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#13204
түріПрактикум
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   86
Жұмыстың құралдары: бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің білім беру стандарты, 1 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу және әдістемелік құралдары, ұсыныстар, көрнекіліктер: техникалық объектілердің үлгілері (картоннан, пластмассадан, ағаштан, металлдан жасалған), альбомдар, «Лего», техника моделін жасаудың техникалық сызбалары, схема, технологиялық карта; сызба құралдары; материал: қағаз, картон, желім және т.б..


Жұмысты орындауға нұсқау.

1 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес


білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушы игеретін ұғым элементтерін анықтайды. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін, оның жаңа ұғымды меңгеруге арналған дидактикалық тапсырмалар дайындалады. Оқушының техникалық ұғымдарын нығайтатын практикалық жұмыстың объекті үлгісі жасалынып, оның көрнекіліктегі тиімді технологиялық процессі белгіленеді. Немесе дайын «Конструктор» жинайтын моделді ұсынуға да болады. Бұл объектіні оқушы практикалық сабақта құрастырып үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды.
Келесі кезеңде оқушының жаңа техникалық ұғымды игеруін бақылау формасы мен әдістерін анықтай қажетті тапсырмаларды дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.
Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет