Құралсаймандарды және олармен жұмыс істеу тәсілдерін көрсету
Жаттығу;
Байқау;
Тәжірибе;
Жүмыстың ретін сызу;
Жұмыс операцияларын орындау.
Әңгімелеу.
II. Оқушылар мен мұғалімнің іс - әрекеттерінің негізіндегі.
Қайталау
Проблемалық
Ізденушілік
Жартылай іздену
1. Естіген политехника-лық мәлеметтерді қайталау;
2.Жаттығулар.
Еңбекке баулуға арналған әдебиеттерден мәлеметтер іздеу;
Технологиялы және қарталардан, көрнекіліктерден мәлеметтер іздеу.
1. Мәселені қою;
2. Қойылған мәселе туралы түсінік алу;
3. Мәселені жоспарлау;
4. Мәселені шешу;
1.Еңбек объектісіне өзіндік талдау жасау;
2.Қағазға сызбасын жасау;
3.Еңбек әдістерін орындау;
4. Еңбек объектісін жасап шығару.
Бақылау сұрақтары:
оқытудың әдісі деген не?
әдістің түрлері;
оларға сипаттама беру.
Әдебиет:
1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.
2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.
Тақырып 13:Сабақ- мектептегі оқыту түрінің формасы.
Мақсаты: сабақты оқыту формаларымен таныстыру.
Лекция мазмұны.
1.Сабақ — мектептегі оқыту және төрбиелеу процесінің бір түрі. Сабақтың үстінде оқыту, тәрбиелеу, дамыту мәселері көзделеді. Сондықтан да сабақ қазіргі талапқа сай және нөтижелі болуы үшін жоғарыда аталып кеткен әдіс-төсілдерді кеңінен пайдалану керек.
Еңбекке баулу сабақтарының ерекшеліктері:
- уақыттың негізгі бөлігі сабақтың практиқалык түріне беріледі (шамамен 30 минут);
- практиқалық жүмыс қоғамға пайдалы бағытта жұргізіледі.Оқушылардың өз қолымен жасаған жұмыстары басқа сабақтарыңда көрнекі түрде қолдануға немесе
бала бақшаларға, жанүяға беріледі;
- еңбек қүралдарымен жүмыс орыңдау техникалық қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауын талап етеді;
- қоғамға пайдалы бүйымдарды дайыңдау әрбір сабақта дидактикалық талаптарды айқын қоюды мақсат етеді;
- жүмыстың мазмүны қоғамға пайдалы бола отырып еңбек адамдарын қүрметтеуге, еңбек сүйгіштікке, жүктелген іске жауапкершілікті сезіне білуге, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық білімділігін, үжыммен жүмыс орыңдауға бағыттайды.
2.Еңбекке баулу сабағының түрлері.
Әрбір нақты сабақ алдында қойылатын негізгі міндетіне байланысты сабақтың құрылымы жөне жеке кезеңдердің атқаратын қызметі өзгеріп отыруы мүмкін. Осы түрғыдан сабақтарды бірнеше түрге бөлуге болады. Еңбекке баулу сабақтардың негізгі түрлерін қарастыралық.
1. Окушылардың жаңа білім игеретін сабагы. Мүндай түрдегі сабақтарға кіріспе сабақтар, сондай-ақ басқа оқу тақырыптары бойынша сабақтар жатады, мұңдағы оқытудың негізгі міндеті- оқушыларға теориялық мәліметтер беру, кейбір үғымдарды қалыптастыру больш табылады. Оқушылардың жаңа білім игеретін сабақтарында жаңа материалды баяндау негізгі орын алады.
2. Іскерлік пен дағдылары калыптастыру сабағы. Мүндай сабақтар көп болады. Іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру сабағының басты кезеңі оқушылардың өз бетімен жүмыс істеуі больш табылады. Мүндай түрдегі сабақтарды бүйымдар жасау және қүрастыру кезінде үйымдастырған әлдеқайда дүрыс болады.
Алғашқы іскерлік және дағдыларды қалыптастыруға арналған сабақтарды бір-бірінен ажырата білу керек. Кез келген технологиялық операцияны практика жүзінде оқьш үйренуді, оқушыларды еңбек тәсілдерін орындау ережелерімен таныстырудан басталады.
3. Білімді практикада крлдапу сабағы. Кез келген практикалық жүмысгы тиісті білімді қолданбай орындау мүмкін смес. Дегенмен, білімді пайдалану — мүғалімнің басты назар аударатын негізгі оқу міндеті болып табылады.
Мысал үшін модель жасауға арналған сабақтарды алайық. Модель жасау үшін технологиялық процестерді, яғни, конструкциялау және құрастыру жөніндегі білімдерді меңгеру керек. Оқушылар нақты мысалдар арқылы модель жасаудың жалпы негіздері туралы мағлұматтар алуы, модель жасау процесі бағыңатын бірыңғай ережелер және талаптармен қарулануы қажет.Модель жасау сабақтарында оқушылардың білімі мен іскерліктерін практиқада пайдалануы, осы себептен де әсіресе қажет.
4. Кайталау сабагы. Оқушылардың жаңа материалды игеруге және нақты ұғып алуға, әзірлігін тексеруге бағытталған барлық түрдегі қайталау сабақтарыда қолданылады. Ол мүғалімге сабақтың негізгі оқу міндетін орындауға көмектесетін маңызды қүрал болып табылады. Алайда қайталаудың сабақта ең негізгі орын алатын кезі де болады. Қорытыңдылау сабақтары осы түрдегі сабақтар болып табылады.
5. Білім, іскерлік және дагдылары тексеру сабагы. Әр сабақта оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын тексеруге назар аударылады. Сонымен бірге білім, іскерлік және дагдыларды комплексті түрде; тексеру мақсатымен бақылау жүмыстар жүргізіледі, оған арңаулы сабақтар бөлінеді. Бүл сабақтарда оқушылар өз беттерімен жүмыс істейді.Осыған байланысты жүмыс объектілерін, оларды жасау процестеріне оқушыларға таныс емес мөліметтер мен еңбек тәсілдері енбеуі үшін ерекше мүқият іріктеу қажет.
Сабақтардың қарастырылған түрлерімен қатар еңбекке баулуда аралас сабақ деп аталатың сабақ жие қолданылады, ал өту процесінде бірнеше мәндес оқу міңдеттерін шешетіндігімен сипатталады.
Бақылау сұрақтары:
-сабақтың формасы деген не?
Сабақтың ұйымдастыру формалары;
Сабақтың оқу формалары.
Әдебиет:
1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.
2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.
Лекция 14. Тақырыбы : Сабақтан тыс жұмыс формасы.
Мақсаты: сабақтан тыс жұмыстардың формаларымен таныстыру.
Лекция мазмұны.
1.Күнделікті класс жағдайында мүғалім оқушыларды өндірісте болып жатқан өзгерістер туралы толық түсінік бере алмайды. Мысалы, полиграфия өнеркәсібінде кітап жасау барысында парақтарды пышақпен тегіс кесуінің қиындыққа түсетінін тек ауызша айтып кетеді. Ал типографияға саяхатқа барғанда оқушылар өз көздерімен жоғарыда аталып кеткен процесті көре алады.
Оқушыларды өңдіріс орындарымен таныстыру балаларды адам еңбегін бағалай білуге, еңбек сүйгіштікке тербиелейді. Экскурсияға апаратын орындарды дүрыс таңдай білсе, балалар өз көздерімен көріп, қүлақтарымен естігендерінен көп нерсені қабылдайды, еліктейді, қызығады, армандайды. Бүл болашақта еңбекке деген көзқарастарын дұрыс қалыптыстырады. Көздерімен көргендіктен балалар әрбір нәрседе адам еңбегі бар екенін түсініп өздерінде бар затты бағалай білуте тырысады.
Еңбекке баулудың Мемлекетгік стандартына сай мынадай тақырыптарға байланысты саяхаттар үйымдастыруға болады.