І сынып.Мектептегі іс тігетін орынға, ағашты өңдейтін шеберханаға, қүрылыс басына, «Біздің көшеміздегі машиналар».
II сынып. Өндіріс орындарына, фабрикаларға, құрылыс басына, пошта бөлімшесіне, түрмыстық қызмет көрсететін орындарға, аулдағы бақ-бақшаларға.
Шсынып. Баспаханаға, картон фабрикасына,
киім тігетін жерге. «Адам табиғатты бағындыра да алады, табындыра да алады».
IVсынып. «Судың адамға қажеттілігі», «Үй қалай салынады?», «Біздің қалада не өндіріледі?» (Жергілікті мүражайға саяхат).
Саяхатты өткізбестен бұрын мұғалім нақты дайын-дық жүргізеді.
Саяхат жоспарын мұғалім алдын-ала жасайды. Мұғалім өндіріс орындарына барып, сол жердің ерекшеліктерін есепке алып, балаларды күні бүрын әзірлетеді, тапсырма береді. Саяхат қызықты, тиімді болу үшін, мүғалім сол мекеменің немесе өндірісгің қызметкерін саяхатшы ретінде қатыстырады.
Саяхатқа дайындық мынадай сәттерден түрадьг:
Саяхаттың тақырыбы анықталады;
Саяхатқа баратын жер тандалады;
Мүғалім өзі мекемемен (ондіріспсн) танысады;
Саяхатшымен келісу;
Саяхаттың жоспарын қүру;
Оқушыларға тапсырма бөліп беру (оқушыларды шағын топтарға бөліп: а)сүхбаттасатын тілшілерді; ә)фото тілшілерді; б) мекеме (өндіріс) туралы мәліметтер жинаушыларды т.б.)
Оқушылармен көшеде жүру және тәртіп ережелері туралы өңгіме жүргізу.
Саяхатқа барып келгеннен кейін мүғалім саяхаттан алған әсерлері туралы оқушыларға шығарма жаздырады, өндіріс өнімдерінен көрме үйымдастырады, өндіріс туралы сурет салу сайысын өткізеді, қабырға газетін, түсірген фото- суреттерінен стенд дайындатады. Саяхаттың тиімділігін арттыру мақсатында барған мекеменің қызметкерлерін өнерпаздар концертіне, кештерге шақырып сүхбаттасады. Мүндай жүмыс бір маманға оқушыларға жастайынан кәсіптік бағдар береді.