Педагогикалық факультетінің деканы



бет1/9
Дата17.06.2018
өлшемі1,17 Mb.
#43222
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

Педагогикалық факультетінің деканы

---------------Муханбеткалиев Х.С.

«------«-----------------2011


Педагогикалық факультет

Жалпы педагогика және информатика кафедрасы

Химия мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған



П С И Х О Л О Г И Я

(пәннің атауы)

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс 2

Семестр 4

Кредит саны 2

Дәріс 15 сағат

Практикалық сабақ (лаб., сем. және т.б.) 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) 30 сағат

СӨЖ 30 сағат

Емтихан 1 -ші семестрде

Барлығы 90 сағат



Орал 2011ж

Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 10 шілде 2002 жылы 451 бұйрығы бойынша бекітілген барлық мамандықтар бағыттарына арналған психологиядан типтік бағдарлама негізінде құрастырылған. Алматы, 2005 жыл.

Пәннің оқу әдістемелік кешені М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Педагогикалық институттың жалпы педагогика және информатика әдістемесі кафедрасында құрастырылған.
Құрастырушы(лар): оқытушы Доскалиева Роза Бисенқызы

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)


Жалпы педагогика және информатика әдістемесі кафедрасының отырысында қаралды.

.

“____” ________________2011__ ж. № ___хаттама.



Кафедра меңгерушісі___________ Жарылғапова Д.М.

(қолы) (аты-жөні)

Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды.

“___” ___________ 2011_ ж. № __ хаттама.


Факультеттің оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы _______________ ___Иргалиев А.С._________________

(қолы) (аты-жөні)

1.

Пәннің әдістемелік кешені Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика университетінде психология және педагогика факультетінің Психология және әлеуметтік педагогика кафедрасында құрастырылған типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалды.- Алматы, 2005 жыл.

ПОӘК Жалпы педагогика және информатика кафедрасында құрастырылды.
2. ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ( Sillabus
Курс бағдарламасы ( Sillabus ).


    1. Оқытушы туралы мәлімет..

Доскалиева Роза Бисен қызы – оқытушы,

    1. Пән туралы мәлімет:

Психология пәні.

Кредит саны 2, семестр 15 оқу аптадан 2апта сессиядан тұрады. Бір аптада 2 кредит сағат, әр кредит – сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика ) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.



Кредиттің аптаға бөліну кестесі


Сабақтар

өткізу уақыты

сабақтар

өткізу уақыты

байланыс сағаты 1 1дәріс


50 мин

ОЖСӨЖ СӨЖ

50+50 мин

байланыс сағаты 1

1 практика



50 мин

ОЖСӨЖ СӨЖ

50+50 мин

Кредит саны 2 . Өту орны № 1,5,7,8,. оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша.


Оқу жоспарынан көшірме.


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

2

4

2

15

15

30

30

90

Емтихан


1. Кіріспе. Психология пәні туралы түсінік.
Психология ғылыми адам тану ғылымдары арасында жетекші орынға ие. Бұл ерекшелік қазіргі кезде қарқынды дамып отырған ғылыми пәннің алдына қойған мақсат- мүддесімен байланысты. Екіншіден - адамның психологиялық психикалық процестердің анықтығын айқындау тәжірибелік зерттеулердің кеңінен қолданылуынан психология эксперименттік ғылым болып саналады. Үшіншіден – пәннің дербестігі адам жан дүниесінің сырларын зерттеуде ең алдымен оның заңдылықтарын әр адамның жеке басына тән ерекшеліктері мен сырларын даралап іздестіреді. Осы аталған ерекшеліктермен таныса отырып психология курсында адамның психологиялық құбылыстарының дамып, қалыптасу заңдылықтарын танып біледі. Психика болмыстағы шындықты бейнелеудегі өзіндік формасы және психика дамуы мен психология ғылымының дамутарихымен танысады.

Психология ғылымының салалары және психологиялық тәжірибенің міндеттері. Жалпы психология, әлеуметтік психология, жас даму кезеңдері мен тәлім – тәрбие психологиясы, еңбек, медициналық психология, психофизиология т.б. салаларының негізгі міндеттері мен атқаратын қызметінен оқып біледі.

Психодиагностика, психотерапия, психологиялық кеңес, психологиялық тренингтер туралы оқи отырып жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мен кәсіптік білімді меңгеруде және күнделікті өмірдегі психология ғылымының маңызын түсінеді.

Курс мақсаты Пәнді оқытудың мақсаты студенттерді психология ғылымының негізгі принциптері және категорияларымен таныстыру. Мұнда жеке адамның дамуында таным әрекеттері, жеке басына тән қасиеттері, қабілеті, еріктік – эмоциональдық сферасы және қарым – қатынас, іс - әрекет аспектілерімен жеке тұлғалық ерекшеліктерімен таныстыру.

Курс міндеті:

Курсты оқытуда психологиялық заңдылықтар мен таныса отырып, адам өз психологиясының дамуы барысында ақыл – ойы , танымы, өзіндік сана – сезімі, жеке басына тән қасиеттері туралы түсініктерді қалыатастыру.

Күнделікті өмірде адам өзін - өзі басқару мен жеке басына тән қасиеттерін дүниетанымын, ақыл – ой сана – сезімін дамытып отыруға үйрету.

Пререквизиттер:

Бұл пәнді оқуға дейін мектептегі пәндерді толық білумен қатар адамның табиғатын, философиялық таным принциптері мен мағлұматтарды және әлеуметтік орта туралы түсініктерді алдын – ала білуі тиіс.



Постреквизиттер:

Психология курсын оқу болашақта «Әлеуметтік психология», «Басқару психологиясы», «Қарым - қатынас психолгиясы», Жас ерекшелігі психологиясы ,Педагогикалық психологиясы «Заң психологиясы» және т.б. салаларын оқып меңгеруге негіз болады.



Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізгі материалдарды қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын бекіту, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.

Тақырыптар бойынша білімін кеңейтуге және тереңдетуге және студенттердің өз бетімен жұмыс істеуін дамыту үшін оқу әдебиеттерімен жұмыстана лтырып конспект жасау және интелектуалдық проблемаларды және міндеттерді шеше білуі, талдай біледі. Бұл жағдайда топта дискуссиялық жұмыс жасауды қалыптастырады.

Психологиялық зерттеу әдістері бойынша диагостикалық жұмыстар жүргізіліп, зерттеу нәтижелері арқылы қорытындыланады. Кейбір тақырыптар бойынша интернеттен психологиялық ресурстар каталогын жасау. Психологиялық сөздікпен жұмыстанады.


2 Психология пәнін силабус бойынша оқыту мазмұны.

1 АПТА

1 кредит сағат.

1 дәріс

Тақырыбы: Психология ғылымының жалпы мәселелері.

Дәріс мазмұны:

1. Психология пәні туралы түсінік.

2. Психология пәнінің зерттеу объектісі.

3. Психология мақсат-міндеттері мен негізгі методологиялық принциптері.

4. Психология ғылымы салалары және басқа ғылымдармен байланысы.

5 Психология ғылымының зерттеу әдістері.

Әдебиеттер:

1. Алдамуратов Ә. Жалпы психология.-Алматы.,1996 3-13 беттер

2. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.,2005 3-40 беттер

3. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.,1981 410-435 стр.

4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии.В 2-х т.т. Т.1-М.,1989 12-62 стр.

5. Столяренко Л.Д. Психология.-Ростов н/Д.,2003 3-13 стр.



ОЖСӨЖ мазмұны:

Пихология ғылымының мақсат-міндеттері мен салаларына сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

1. Алдамуратов Ә.Жалпы психология.-Алматы.,1996 3-13 беттер.

2. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.,2005 3-30 беттер.

3. Столяренко Л.Д. Психология.-Ростов н/Д. Феникс,2003. 3-13 стр.



СӨЖ мазмұны:

Психология ғылымының құрылымы мен негізгі принциптерін кестелер мен схемалар арқылы түсіндіру.

Әдебиеттер:

1. Гамезо М.В. Домашенко М.А. Атлас по психологии.-М.,1999 3-27 стр.

2 .Дубровина И.В. Психология.-М.,2003 3-20 стр.

3. Айсмонтас Б.Б. Общая психология.Схемы.-М.,2003


2 кредит сағат

1 Практикалық сабақ.

Тақырыбы :Психология ғылымының зерттеу әдістері.

Сабақ мазмұны:

1. Зерттеу әдістері туралы түсінік.

2. Зерттеу әдістері түрлері .Ұйымдастыру әдістері.

3. Эмпирикалық зерттеу әдістері.

4. Мәліметтерді өңдеу және коррекциялық зерттеу әдістері.

Әдебиеттер:

1. Алдамуратов Ә.Жалпы психология.-Алматы.,1996 13-16 беттер

2. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.,2005 29-40 беттер

3. Лурия А.Р. Лекции по общей психологии.-Питер.,2004

4. Сәбет Бап-баба Жалпы психология.-Алматы.,2003 31-37 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны:

Психологиялық зерттеу әдістері түрлері бойынша методикалар мен танысу (анкета,тестер,тапсырмалар,тренинг-тер,коррекциялық жаттығулар т.б.)

Әдебиеттер:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология.-М.,2005

2. Гамезо М.В.,Домашенко М.А.,Атлас по психологии.-М.,1999

3. Немов Р.С. Психология учебники кн.1,2,3,4.-М.,1995

4. Райгородский Д.Я. Практическая психодиагностика.Методики и тесты.Учебное пособие.-Самара.,2004

5. Столяренко И.Д. Основы психолгии.-Ростов н/Д.,2003



СӨЖ мазмұны:

Психологиялық тестер түрлерімен танысу және студент өз қалауы бойынша жеке басына тән қасиеттерін анық-тау.(орындаған тест тақырыбы,мазмұны,қорытындысы жазылуы тиіс).

Әдебиеттер:

1. Немов Р.С. Практическая психология.-М.,1998

2. Райгородский Д.Я.Практическая психодиагностика.Методики и тесты.-Самара.,2004

3. Тесты,тесты,тесты.-М.,1990



2 АПТА

3 кредит сағат

2 дәріс

Тақырыбы: Психология ғылымының даму тарихы

Дәріс мазмұны:

1. Психологияның философия және жаратылыстану ғылымдарымен бірлесе дамуы.

2. Ежелгі психология.

3. Орта ғасырдағы жан туралы ілім.

4. ХУІІІ және ХІХ ғасырлардағы психология ғылымының дамуы.

5. ХХ ғасырдағы психология

6. Қазақстанда психология ғылымының даму барысы.

Әдебиеттер:

1. Алдамуратов Ә. Жалпы психология.-Алматы.,1996

2. Ждан А.Н. История психологии.-М.,1999

3. Психология:Адамзат ақыл-ойының қазынасы.10 томдық. 1,2,3,4 том./жетекшісі-акад. Ә.Н.Нысанбаев.-Алматы:Таймас,2005

4. Ярошевский М.Г. История психологии.-М.,1985



ОЖСӨЖ мазмұны:

1.Психология ғылымының даму тарихын төмендегі жоба бойынша қысқаша сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

1. Алдамуратов Ә. Жалпы психология.-Алматы.,1996

2. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.,2005

3. Психология:Адамзат ақыл-ой қазынасы. 1,2,3,4 том.-Алматы.,2005

4. Ярошевский М.Г. История психологии.-М.,1985

СӨЖ мазмұны:

Әбу Насыр әл-Фарабидың психологиялық ой-пікірлері мен еңбектері.(конспект)

Әдебиеттер;

1. Алдамуратов Ә.Жалпы психология.-Алматы.,1996

2. Психология:Адамзат ақыл-ой қазынасы. 1,2,3,4 том.-Алматы.,2005

3. ЖарықбаевҚ. Жан тану негіздері.-Алматы.,2002

4. Духовное наследие аль-Фараби:история и современность.-Алматы,2001
4 кредит сағат

2 практикалық сабақ .

Тақырыбы: Психология ғылымының даму тарихы.

Сабақ мазмұны:

1. Психология ғылымының философия және жаратылыстану ғылымдарымен бірге дамуы.

2. Ежелгі кезеңдегі және орта ғасырдағы психология ғылымының дамуы.

3. ХУІІІ және ХІХ ғасырлардағы психологияның даму жолы.

4. ХХ ғасырдағы психология.

5. Қазақстандағы психология ғылымының даму барысы.

6. Психологиядағы бағыт-бағдарлар мен мектептердің пайда болуы.

Әдебиеттер :

1 Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы.,1996

2. Жарықбаев Қ. Жан тану негіздері.-Алматы.,2002.

3. Психология:Адамзат ақыл-ой қазынасы. 1,2,3,4 том.-Алматы.,2005.

4. Ярошевский М.Г. История психологии.-М.,2004

ОЖСӨЖ мазмұны:

Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлармен мектептер .Американдық психологиядағы функцио-нализм ағымы,Бихевиоризм, Гештальт-психология Фрейдизм,Неофрейдизм

Әдебиеттер:

1. Алдамуратов Ә.Жалпы психология.-Алматы.,1996

2. Психология:Адамзат ақыл-ой қазынасы. 1,2,3,4 том.-Алматы.,2005

3. ЖарықбаевҚ. Жан тану негіздері.-Алматы.,2002

4. Ярошевский М.Г. История психологии.-М.,2004

СӨЖ мазмұны:

Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі психология ғылымы. Қазақстандық интернеттен психологиялық каталогын жасау. (интернет)


3 АПТА

5 кредит сағат

3 дәріс

Тақырыбы: Психиканың дамуы және сананың қоғамдық тарихи сипаты.

Дәріс мазмұны:

1 Психика туралы түсінік.

2. Психика дамуын бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіну.

3. Психологияның жаратылыстық ғылыми негізі.

4. Сана-психика дамуының жоғары сатысы

5 Психикалық құбылыстар құрылымы..

Әдебиеттер:

1. Алдамуратов Ә.Жалпы психология.-Алматы.,1996 33-59, 75-91 беттер

2. НамазбаеваЖ.И.Психология.-Алматы.,2005 40-81беттер

3. Лурия А.Р. Лекции по общей психологии.-Питер.,2004

4. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.,1981 410-435 стр

5. Сәбет Бап-баба Жалпы психология.-Алматы.,2003 37-69



ОЖСӨЖ мазмұны:

Сана-психика дамуының жоғары сатысы. (конспект)



СӨЖ мазмұны:

Психикалық құбылыстар құрылымы. (кесте сызбалар арқылы түсіндіру)

Әдебиеттер:

1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы.,1996 33-59, 75-91

2. Гамезо М.В. Домашенко И.А. Атлас по психологии.М.,1986, 12-24 стр.

3. Столяренко Л.Д. Психология.-Ростов н/Д:»Феникс»,2003 4-11 стр.

.6 кредит сағат

3 практикалық сабақ

Тақырыбы: Психологияның жаратылыстық - ғылыми негізі.

Сабақ мазмұны:

1. Психика туралы түсінік.

2. Жоғары жүйке жүйесінің құрылымы және қызметі.

3. Психикалық құбылыстар құрылымы.

Әдебиеттер:

1. Алдамуратов Ә.Жалпы психология.Алматы.,1996 33-59, 75-91 беттер

2. Гамезо М.В. Домашенко И.А. Атлас по психологии.М.,1986, 12-24 стр.

3 Столяренко Л.Д. Психология.-Ростов н/Д:»Феникс»,2003 4-11 стр.

4. Столяренко Л.Д. Основы психологии.Практикум.-Ростов.-н/Д «Феникс».,2002



ОЖСӨЖ мазмұны:

Жоғары жүйесі заңдылықтары.(зерттеу ілімдері,бейнелеу,рефлекс,қозу,тежелу процестері және т.б.ұғымдар)



СӨЖ мазмұны:

И.П. Павловтың сипаттауынша жоғарғы жүйке жүйесі қызметіне қарай адамдар типтеріне

сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

1. Алдамұратов Ә.Қызықты психология.-Алматы, Қазақ университеті.,1982

2. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.,1981

3. Немов Р.С. Общая психология.-М.,1996

4. Богослоский В.В. Жалпы психология.-Алматы.,1980 40-54 б.

5. Психология. /Под. ред. В.Н.Дружинина.-СПб.:Питер,2005
4 АПТА

7 кредит сағат

4 дәріс.

Тақырыбы: Жеке адам және іс-әрекет психологиясы.

Дәріс мазмұны:

1. Жеке адам туралы түсінік және оның психологиялық құрылымы.

2. Жеке адамның дамып қалыптасуына әсер етуші факторлар.

3. Жеке адамның бағыт-бағдары,қажеттілігі,дүниетанымы және мотивтер сферасы.

4. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.

5. Іс-әрекеттің түрлері.

Әдебиеттер;

1. Ананьев Б.О. О прблемах современнего человекознание.-М.,1997, 187-274 б.

2. Богословский В.В. Жалпы психология.-Алматы,1982.

3. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.2005 95- 128 б.

4. Вилюнас В.К. Психологические механизмы мотивации человека.-М.,1990

5. Петровский А.В. Личность,деятельность,коллектив.-М.,1982

6. Столяренко Л.Д.,Столяренко В.Е. Психология и педагогика.-Ростов н/Дону.-2001,49-52 б.

ОЖСӨЖ мазмұны:

Жеке адам туралы зерттеулер мен анықтамалар,түсініктер,психологиялық ой-пікірлер.(қысқаша шолу).Адам ,жеке адам,даралық,ұғымдарына анықтама беру және жаттығулар орындау. Дубровина И.В. Психология.№ 1 жаттығу,298 бет.



СӨЖ мазмұны:

Жеке адамның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелер мен тестер мен танысу. Жеке басына тән қасиеттерді анықтау.(5 тест)..

Әдебиеттер:

1. Дубровина И.В. Психология.-М.,2003 283-298 б

2. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы 2005

3. Немов Р.С. Практическая психология.-М.,1998

4. Немов Р.С. Психология № 3. кн.-М.,2003

5 Тесты,тесты,тесты.-М.,1990.

8 кредит сағат

4 практикалық сағат

Тақырыбы; Жеке адамның психологиялық құрылымдары.

1. Жеке адамның психологиялық құрылымдары.

2. Жеке адамның дамып қалыптасуына әсер етуші факторлар.

3.Жеке адамның бағыт-бағдары ,қажеттілігі, дүниетанымы.

4. Жеке адамның мотивтер сферасы.

Әдебиеттер:

1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы,1994

2. Дубровина И.В. Психология.-М.,2003

3. Леонтьев А.Н. Лекции по общей психологии.-М.,2002

4. Столяренко Л.Д.Основы психологии.-Ростов н/Дону.-2003



ӨЖСӨЖ мазмұны:

Жеке адамның дамып қалыптасуына әсер етуші факторлардың түрлерін сипаттау,мысалдар келтіру (топтық талдау).



СӨЖ мазмұны:

Жетекші іс-әрекет түрлері олардың адам өміріндегі маңызы.(ойын,оқу,еңбек-психологиялық сипаттама).

Әдебиеттер:

1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы,1994

2. Дубровина И.В. Психология.-М.,2003

3. Леонтьев А.Н. Лекции по общей психологии.-М.,2002

4. Столяренко Л.Д.Основы психологии.-Ростов н/Дону.-2003

5. Морозов А.В.Социальная психология.-М.,2003


5 АПТА

9 кредит сағат

5 дәріс

Тақырыбы: Жеке адамның өзіндік сана-сезімі.

Дәріс мазмұны:

1. Өзіндік сана-сезім туралы түсінік.

2. Жеке адамның өзіндік «Мен» бейнесі.

3. Адамның психологиялық қорғаныс механизмдері.

4. Саналы және санадан тыс құбылыс..

Әдебиеттер:

1. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы,2005

2. Сәбет-Бап-баба Жалпы психология.-Алматы,2003

3. Рубинштейн С.А. Человек и мир.-М.,1976 253-381 б.

4. Введение в психологию.-СПб.,2003

5. Кон И.С .В поисках себя.-М.,1984

ӨЖСӨЖ мазмұны:

Өзіндік сана-сезімнің дамып,қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері.



СӨЖ мазмұны:

Жеке адамның өзіндік «мен» бейнелері.

Әдебиеттер:

1. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы,2005

2. Сәбет-Бап-баба Жалпы психология.-Алматы,2003

3. Рубинштейн С.А. Человек и мир.-М.,1976 253-381 б.

4. Введение в психологию.-СПб.,2003.

5. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003


10 кредит сағат

5 практикалық сағат

Тақырыбы: Іс-әрекет психологиясы.

1. Іс-әреке туралы түсінік.

2. Әрекет, әрекет түрлері.

3. Іс-әрекеттің түрлері.

4. Іс-әрекеттің адам өміріндегі маңызы.

Әдебиеттер:

1. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы,2005

2. Реан А.А. Психология личности.-СПб.,2004

3. Психология:Адамзат ақыл-ой қазынасы.10 томдық шығ. № 3,5 том.-Алматы,2005

4. Лурия А.Р. Лекции по общей психологии.-СПб.:питер,2004

5. Романов К.М.Гаранина Ж.Г. Практикум по общей психологии.-М.,2002 259-268 б.

ОЖСӨЖ мазмұны:

1. Өзіндік сана-сезім және өзіндік «мен»,өзін-өзі бағалау жағдайларын анықтау.(Романов К.МПрактикум по общ.психологии. № 6,7,8,9 тапсырмалар).



СӨЖ мазмұны:

Жеке адам және іс -әрекет психологиясы тақырыптары бойынша сөздікпен жұмыс.(ұғымдар).

Әдебиеттер:

1. Сәбет Бап-Баба Жалпы психология.-Алматы,2003

2. Реан А.А. Психология личности.-СПб.,2004

3. Райгороский Д.Я. Практическая психодиагностика;методики,тесты.-Самара,2003.

4. Романов К.М. Практикум по общей психологии.-М.,2002.

5. Психологический словарь.-М.,1990


6 АПТА

11 кредит сағат

6 дәріс

Тақырыбы: Таным процестері. Түйсіну және қабылдау процестері.

Дәріс мазмұны:

1. Түйсіну туралы түсінік.Түйсіну процесінің түрлері.

2. Түйсіну процесінің өзара байланысы мен жалпы заңдылықтары.

3. Қабылдау процесі.Қабылдаудың түрлері.

4. Қабылдау қасиеттері мен ерекшеліктері.

Әдебиеттер:

1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы.,1996

2. Немов Р.С. Психология (3 кн.) кн. 1.-М.,1995 25-43 стр.

3. Лурия А. Р. Лекция по общей психологии.-Питер.,2004

4. Радугина А.А. Психология и педагогика.-М.,1999

5. Ілешова Р. Медициналық психология.-Алматы.,1994,

ОЖСӨЖ мазмұны:

Түйсіну процесі түрлерін анықтауда тапсырма жаттығулар орындау.(Романов К.М. Практ. общей психологии.)



СӨЖ мазмұны:

Түйсіну процесі бойынша сөздікпен жұмыс.(психологиялық терминдер анықтамасы )

Әдебиеттер:

1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы.,1996

2. Немов Р.С. Психология (3 кн.) кн. 1.-М.,1995 25-43 стр.

3. Романов К.М. Практикум по общей психологии.-М.,2002

4. Реан А..,Розум С.,Бордовская И., Психология и педагогика.-СПб.-2003

5. Ілешова Р. Медициналық психология.-Алматы.,1994,


12 кредит сағат

6 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Түйсіну және қабылдау процестері.

Сабақ мазмұны:

1. Түйсіну туралы түсінік.Түйсінудің физиологиялық негіздері.

2. Түйсіну процесі түрлері мен заңдылықтары.

3.. Қабылдау түрлері мен ерекшеліктері.

4. Қабылдау қасиеттері мен заңдылықтары.

Әдебиеттер:

1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы.

2. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.,2005

3. Немов Р.С. Психология (3 кн.) кн. 1.-М.,1995 25-43 стр.

4.. Лурия А. Р. Лекция по общей психологии.-Питер.,2004.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет