Педагогикалық институтының директоры


Тексеруге арналған сұрақтар



бет30/36
Дата05.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#12897
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
Тексеруге арналған сұрақтар:



  1. Бұрыш ұғымын анықтаңыз.

  2. Бұрыш шамасын қандай құралмен өлшейтінін айтыңыз.

  3. Бұрыш шамасына қарай қандай түрлерге бөлінеді.

  4. Бұрыш шамасының бірліктерін атаңыз.

  5. Бұрыш шамасы бірліктері арасындағы қатынастарды жазыңыз.



Дәріс – 13
Тақырыбы: Дененің массасы және оның өлшем бірліктері.

  1. Дененің массасы туралы ұғым. Дененің массасын өлшеу.

  2. Массаның негізгі қасиеттері.

  3. Массаның стандарт бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.

Дәрістің мақсаты:
Студенттерді дененің массасы ұғымы, оны өлшеуді, қасиеттері, бірліктері мен олардың арасындағы қатынастармен таныстырып, алған білімдерін практикалық мәселелерді шешуде, есептер шығаруда қодана білуге үйрету.
Тірек сөздер: Масса, дене массасы, салмақ, заттың салмағы, таразы, гири, карат, тонна, центнер, грамм.
Әдебиеттер.
1. 283-286 бет.
2. 5 тарау §21 п 7
3. 5 тарау §16 п 110
1-сұрақ. Масса – негізгі физикалық шамалардың бірі. Дененің массасы ұғымы салмақ ұғымымен тығыз байланысты. Салмақ – дененің жерге тартылу күшін көрсетеді.
Салмақ әр түрлі байлықтарда әр түрлі болғанмен әр түрлі болғанмен, екі дененің салмақтарының қатынасы тұрақты болады. Осылай бір дененің салмағын басқа дененің салмағымен салыстыра өлшегенде денелердің жаңа қасиеті пайда болады, осы қасиетті дененің массасы деп атайды.
Мысалы: Таразының бір табағына а денесін салып, ал екінші табағына в денесін салғанда таразының бастары теңессе, онда а мен в денелерінің массалары бірдей болады. Ал егер а денесі жатқан табақтың басы, в денесі жатқан табақтың басынан төмен болса, онда а денесінің массасы в денесінің массасынан артық /үлкен/ болады.
Егер а денесі жатқан табақтың басы, в денесі жатқан табақтың басы, в денесі жатқан табақтың басынан жоғары болса, онда а денесінің массасы, в денесінің массасынан кем /кіші/ болады.
2-сұрақ. Математикалық көзқарас тұрғысынан алғанда, масса – төмендегі қасиеттерге ие болатын оң шама:

  1. Таразы басында бірімен-бірі теңесетіндей денелердің массалары бірдей болады.

  2. Денелер біртұтас болып біріктірілгенде, масса қосылады, бірге алынған бірнеше денелердің массасы олардың массаларының қосындысына тең болады.

3-сұрақ. Массаны өлшеу үшін, массасы бірлік ретінде қабылданатын е денесін таңдап
алады (бұл массаның үлестерін де алу мүмкін болады деп ұйғарылады).
Массаның негізгі бірлігі – килограмм. Және ол 4ºС температурадағы 1 дм3 судың массасы ретінде анықталған. Бұл 1889 жылы платина-кридийден құйылған цилиндрдің массасы. Осы этало өлшемі мен салмақтың халықаралық бюросында Севра /Франция/ қаласында сақталған.
Массаның қалған бірліктері миллиграмм, грамм, центнер, тонна. Кейде пұт қолданылады, ол шамамен 16 кг-ға тең.
Масса бірліктері арасындағы қатынас келесі кестемен сипатталады.
1 г = 1000 мг
1 кг = 1000 г = 10 6 мг
1 ц = 100 кг = 105 г = 108 мг
1 т = 10 ц = 1000 кг = 106 г = 109 мг
Тексеруге арналған сұрақтар:



  1. Масса қандай шама және қандай ұғыммен байланысты.

  2. Масса ұғымына түсініктеме беріңіз.

  3. Массаның негізгі қасиеттерін тұжырымдаңыз.

  4. Массаның негізгі бірліктерін атаңыз, қысқаша жазыңыз.

  5. Масса бірліктері арасындағы қатынастарды жазыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет