Педагогикалық институтының директоры


Тексеруге арналған сұрақтар



бет33/36
Дата05.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#12897
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Түзу сызықты бір қалыпты қозғалысқа қатысты шамаларды атаңыз.

  2. Тауардың бағасы, саны және құны, заттардың жалпы массасы, саны және бір заттың массасы арасындағы тәуелділіктерді орнатыңыз, мысал келтіріңіз.

Тік төртбұрыш ауданы, ені және ұзындығы, жұмыстың көлемі, уақыты және өнімділігі арасындағы тәуелділіктерді


6. Жоспар бойынша жоқ


7. С. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысын өткізуге әдістемелік нұсқаулар:
ОЖСӨЖ жоспарының құрылысы:

ОЖСӨЖ – 1.


Тақырыбы: А.Н. Колмогоров, А.В.Погорелов және Л.С.Атанасян аксиомалар жүйесін салыстыру.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге А.Н. Колмогоров, А.В.Погорелов және Л.С.Атанасян аксиомалар жүйесін салыстырудың әдіс-тәсілдетін көрсету.
Сабақты өткізу түрі: Реферат жазу, баяндау, сұрақ-жауап.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Геометрияның қысқаша даму тарихын түсіндіріңіз.
2.А.Н.Колмогоновтың ұсынған аксиомалар жүйесіне көрсетіңіз.
3.А.В.Погореловтың ұсынған аксиомалар жүйесіне көрсетіңіз.
4.Л.С.Атанасянның ұсынған аксиомалар жүйесіне көрсетіңіз.
Әдебиеттер:
/1/ 252-260 б.
/4/ §1 п 13, §4 п 37.
Қосымша /3/ 294-299 б.

ОЖСӨЖ – 2.


Тақырыбы: Төртбұрыш және оның түрлері.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді төртбұрыштардың түрлерімен, олардың қасиеттерімен таныстыру
Сабақты өткізу түрі:Баяндау, сұрақ-жауап.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жазықтықтағы негізгі фигураларды атаңыз.
2.Кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыштарды анықтаңыз.
3.Үшбұрыштың биіктігін, медианасын және биссектрисасын анықтаңыз, салып көрсетіңіз.
4.Төртбұрыштың түрлерін атаңыз, оларды салып көрсетіңіз.
5.Шеңбер мен дөңгелекті анықтаңыз және оларды салып көрсетіңіз.
Әдебиеттер:
/4/ §6 п 50-61, §13 п 116-119, §14 п 129.
/5/ §10,15,69,70
Қосымша /3/ 5 тарау §1-3

ОЖСӨЖ – 3.


Тақырыбы: Түзулердің параллельдік белгісі. Перпендикуляр түзулер салу.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді түзулердің параллельдік белгісімен, айқыш және тұстас бұрыштар, олардың қасиеттерімен таныстыру.
Сабақты өткізу түрі: Аудиторияда есептер шығарту, талдау, тиімді әдіс-тәсілде рін іздеу.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Сыбайлас және вертикаль бұрыштарды анықтаңыз.
2.Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін тұжырымдаңыз.
3.Параллель түзулердің анықтамасын беріңіз, түсіндіріңіз.
4.Екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштарды атаңыз, көрсетіңіз.
5.Ішкі айқыш және тұстас бұрыштарды анықтағыз, қасиеттерін тұжырысдаңыз.
6.Перпендикуляр түзудің анықтамасын беріңіз.
7.Перпендикулярдың болатынын және жалғыз болатынын тұжырымдаңыз.
8.Перпендикуляр, көлбеу, проекция ұғымдарын анықтап, көрсетіңіз.
Әдебиеттер:
/4/ §4 п 29-36
/5/ §31
Қосымша /3/ 1 тарау §1

ОЖСӨЖ – 4.


Тақырыбы: Параллелепипед, призма және пирамиданы жазықтықта кескіндеу.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді көпжақтарды жазықтықта кескіндеумен, есептер шығарумен үйрету.
Сабақты өткізу түрі: Студенттер өз бетімен есептер шығарып, оны өзара тексеріп, білімдерін толықтырып отыру.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1.Призма дегеніміз қандай көпжақ?
2.Призманың бүйір қырларын, биіктігін, табандары көпбұрышты атаңыз.
3.Призманы жазықтықта кескіндеңіз.
4.Призманың түрлерін айтыңыз.
5.Параллелепипед түрелерін атаңыз.
6.Пирамида дегеніміз қандай көпжақ.
7.Пирамиданың бүйір қырларын, биіктігін көрсетіңіз.
8.Пирамиданы жазықтықта кескіндеңіз.
9.Пирамиданың түрлерін атаңыз.
10.Призманың, параллелепипедтің, пирамиданың толық беті мен бүйір бетінің формулаларын жазыңыз.
Әдебиеттер:
/1/ 264-268 б.
/4/ §19 п 268-278.

ОЖСӨЖ – 5.


Тақырыбы: Айналу денелерін жазықтықта кескіндеу.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді айналу денелерін жазықтықта кескіндеумен, айналу денелерінің табуға есептер шығаруға үйрету.
Сабақты өткізу түрі: Аудиторияда есептер шығарту, сұрақ-жауап арқылы білімдерін тексеру.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Цилиндр, конус және шарды анықтаңыз.
2.Жазықтықта цилиндрді, конусты және шарды кескіндеңіз.
3.Цилиндрдің, конустың және шардың негізгі элементтерін атаңыз, көрсетіңіз.
4.Цилиндр, конус және шардың беттерінің формулаларын жазыңыз.
Әдебиеттер:
/1/ 269-271б.
/4/ §20 п 181-187

ОЖСӨЖ – 6.


Тақырыбы: Симметриялы фигураларды салу.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді центрлік және осьтік симметрияларға есептер шығаруға үйрету.
Сабақты өткізу түрі: Есептер шығару, шешу тәсілдерін талдау, тиімді жолдарын көрсету.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. 1. «Бір жақты» сызғыш дегеніміз не?
2.Циркуль деп қандай құралды айтады?
3.Берілген кесінді мен бұрышқа тең кесінді мен бұрыш салуды түсіндіріңіз.
4.Берілген нүктеден, берілген түзуге перпендикуляр түзу жүргізуді түсіндіріңіз, көрсетіңіз.
5.Кесіндіні қақ бөлуді түсіндіріңіз, көрсетіңіз.
Әдебиеттер:
/1/ 262-264 б.
/4/ §5 п 38-49
Қосымша /3/ 2 тарау §4
/4/ 6 тарау §31

ОЖСӨЖ – 7.


Тақырыбы: Координаталары бойынша геометриялық фигураларды салу.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді координаталары бойынша геометриялық фигураларды салуға үйрету, тиімді тәсілдерін көрсету.
Сабақты өткізу түрі: Аудиторияда есептер шығару, шығару жолдары н өзара тексеру, сұрақ-жауап.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Берілген үш қабырғасы бойынша үшбұрыш салуды түсіндіріңіз, көрсетіңіз.
2.Берілген қабырғалары бойынша тік төртбұрыш салуды көрсетіңіз.
3.Декарттық координаталар жүйесі дегеніміз не?
4.Декарттық координаталары берілген фигураларды салуды түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз.
Әдебиеттер:
/1/ 262-264 б.
/4/ §5 п 38-49
Қосымша /3/ 2 тарау §4
/4/ 6 тарау §32

ОЖСӨЖ – 8.


Тақырыбы: Шамалардың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді шама ұғымы және оның қасиеттерімен таныстырып, скаляр және векторлқ шамаларға мысалдатр келтіру.
Сабақты өткізу түрі: әңгіме, сұрақ-жауап.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Шама ұғымының нақты дүниенің қасиеті ретіндегі мағынасын ашып көрсетіңіз және оның сипаттылық ерекшеліктерін бөліп көрсетіңіз.
2.А.Н.Колмогоров пен Н.Я.Виленкин берген шама анықтамасын келтіріңіз.
3.Скаляр шаманың негізгі қасиеттерін тұжырымдаңыз.
Әдебиеттер:
1.272-277 бет
3. 5 тарау §15 п 104-107

ОЖСӨЖ – 9.


Тақырыбы: Ұзындықтың стандарт бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге ұзындықтың стандарт бірліктері және олардың арасындағы қатынастар жайында мағлұматтар беріп, есептер шығаруда қолдан білуге үйрету.
Сабақты өткізу түрі: Рефераттар жазу, баяндау, сұрақ-жауап.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. «Кесінді ұзындығы» ұғымын анықтамаңыз.
2.Кесінді ұзындығын өлшеу үрдісін түсіндіріңіз.
3.Ұзындықтың негізгі қасиеттерін тұжырымдаңыз.
4.Ұзындық бірліктерін атаңыз.
5.Ұзындық бірліктерінің арасындағы қатынастарды жазыңыз.
Әдебиеттер:
1. 277-279 бет.
2. 5 тарау §21 п 3
3. 5 тарау §16 п 108
4. Қосымша 3 тарау §16.

ОЖСӨЖ – 10.


Тақырыбы: Фигураның ауданын табуға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді әр түрлі фигураның ауданын табуға есептер шығаруға үйрету, ең тиімді тәсілдерін көрсету.
Сабақты өткізу түрі: Рефераттар жазу, баяндау, сұрақ-жауап.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. «Фигураның ауданы» ұғымын анықтаңыз.

2.Ауданды өлшеу үрдісінің мағынасын ашып көрсетіңіз.


3.Ауданның негізгі қасиеттерін тұжырымдап беріңіз.


4.Ауданның бірліктерін атаңыз.


5.Аудан бірліктерінің арасындағы қатынастарды жазыңыз.


Әдебиеттер:
1. 279-282 бет.
2. 5 тарау §21 п 4
3. 5 тарау §16 п 109
5. §15, 69,70
4. Қосымша 3 тарау §18.

ОЖСӨЖ – 11.


Тақырыбы: Көлемнің стандарт бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге көлемнің стандарт бірліктері мен олардың арасындағы қатынастр жөнінде мағлұматтар беріп, есептер шығаруда қолдан білуге үйрету.
Сабақты өткізу түрі: Рефераттар жазу, баяндау, сұрақ-жауап.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. «Дененің көлемі» ұғымын анықтаңыз.
2.Көлемі табылатын қарапайым көпжақтарды атаңыз.
3.Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі формуласын жазыңыз.
4.Көлем бірліктерін атаңыз, олардың арасындағы қатынастарды жазыңыз.
5.Сыйымдылықтың негізгі бірлігін атаңыз.
Әдебиеттер:
1. 279-282 бет.
2. 5 тарау §21 п 4
3. 5 тарау §16 п 109
5. §15, 69,70
4. Қосымша 3 тарау §18.

ОЖСӨЖ – 12.


Тақырыбы: Бұрыш шамасының стандарт бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге бұрыш шамасы ұғымы және оның стандарт бірліктері жөнінде мағлұматтар беру, мысалдар келтіру.
Сабақты өткізу түрі: әңгіме, сұрақ-жауап.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Бұрыш ұғымын анықтаңыз.
2.Бұрыш шамасын қандай құралмен өлшейтінін айтыңыз.
3.Бұрыш шамасына қарай қандай түрлерге бөлінеді.
4.Бұрыш шамасының бірліктерін атаңыз.
5.Бұрыш шамасы бірліктері арасындағы қатынастарды жазыңыз.
Әдебиеттер:
1.283-286 бет.
4. §1 п 8
5. §31
4. Қосымша 3 тарау §19

ОЖСӨЖ – 13.


Тақырыбы: Массаның стандарт бірліктері және олардың арасындғы қаты настар.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге масса ұғымы және оның бірліктері жөнінде мағлұматтар беріп, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Сабақты өткізу түрі: Аудиторияда әр түрлі есептер шығарып, шығару жолдарын өзара тексеру, шешудің тиімді тәсілдерін табу .
Тексеруге арналған сұрақтар:
1.Масса қандай шама және қандай ұғыммен байланысты.
2.Масса ұғымына түсініктеме беріңіз.
3.Массаның негізгі қасиеттерін тұжырымдаңыз.
4.Массаның негізгі бірліктерін атаңыз, қысқаша жазыңыз.
5.Масса бірліктері арасындағы қатынастарды жазыңыз.
Әдебиеттер:
1. 283-286 бет.
2. 5 тарау §21 п 7
3. 5 тарау §16 п 110

ОЖСӨЖ – 14.


Тақырыбы: Уақыттың өлшем бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге уақыт аралығ ұғымы, және оның бірліктері жөнінде мағлұматтар беріп, өмір тәжірибелерінен мысалдар келтіру.
Сабақты өткізу түрі: Рефераттар жазу, баяндау, сұрақ-жауап.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Уақыт аралықтары ұғымын анықтаңыз.
2.Уақыттың екі тұрғыдағы түсіндірмесін келтіріңіз.
3.Уақыт бірліктерін ататңыз.
4.Уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастарды жазыңыз.
Әдебиеттер:
1. 283-286 бет.
2. 5 тарау §21 п 8
3. 5 тарау §16 п 111

ОЖСӨЖ – 15.


Тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділіктерді анықтау, оларға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге қозғалыс шамалары, сауда жүргізу шамалары және осы сияқты шамалар арасындағы тәуелділіктер жөнінде мағлұматтар беріп, әр түрлі есептер шығруға үйрету.
Сабақты өткізу түрі: Аудиторияда әр түрлі есептер шығарып, шешу жолдарын талдап, нәтижелерін тексеріп, практикамен байланыстыру.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Түзу сызықты бір қалыпты қозғалысқа қатысты шамаларды атаңыз.
2.Тауардың бағасы, саны және құны, заттардың жалпы массасы, саны және бір заттың массасы арасындағы тәуелділіктерді орнатыңыз, мысал келтіріңіз.
Әдебиеттер:
1. 283-286 бет.
3. 5 тарау §16 п 112


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет