Педагогикалық іс-әрекет пен «педагог» мамандығының ерекшелігі педагогикалық мамандықТЫҢ пайда болып қалыптасуы және оның Өзгешеліктері


Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері



бет10/13
Дата28.07.2024
өлшемі352,61 Kb.
#203646
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Педагогикалық КӘсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы-dereksiz.org

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:


    • Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.

    • Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет (мета-іс-әрекет).

    • Іс-әрекет субъект-субъектілік және субъект-объектілік сипатта болады.

    • Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілген педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері болашақта ғана айқындалады.

4.Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері

Педагогикалық іс-әрекет нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып келеді. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар: А.К.Маркова, Л.М.Митина, Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов, Н.Д.Хмель, К.С.Успанов, А.А.Молдажанова т.б.

Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, оған тәрбие беру және оқыту үрдісін басқарады. Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси-моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлық талап етіледі.

Мұғалім - өскелең ұрпақтың интеллектуалдық әлеуетін және рухани әлемін қалыптастырушы, сонымен қатар ол халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Осындай ізгі де қиын кәсіп мұғалімдерден тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға деген сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдыкты талап етеді.

Мұғалімдердің кәсіби маңызды сапаларына мынадай негізгі қасиеттер кіреді:

оқушыларға деген сүйіспеншілігі


бақылағыштығы
шығармашылығы
ұжымшылдығы
педагогикалық ойлаудың қалыптасуы
қарым-қатынас жасай алуы
педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы
педагогикалық үдерісті жүйелі жүргізе алуы

Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің бірі -жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды күшейту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматтарын, еңбеккерлерін, отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, саясат, өнер, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет