Педагогикалық іс-әрекеттің бұл түрлерін нәтижелі жүзеге асыруда
іскерліктер мен қабілет қажет.
Құрылымдық әрекет үшке бөлінеді:
құрылымдық-мағыналы (оқу материалын таңдау, педагогикалық процесті жоспарлау және құру),
құрылымдық-оперативті (өз әрекеті мен оқушылар әркеетін жоспарлау),
құрылымдық-материалды (педагогикалық процестің оқу-материалды базасын жобалау).
Ұйымдастырушы әрекет оқушылардың әр түрлі іс-әрекетпен
айналысып, ұжым және біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған әрекеттер жүйесін орындау.
Коммуникативті әрекет педагогтың тәрбиеленушілермен, мектептің
басқа педагогтарымен, қоғамның өкілдерімен, ата-аналармен педагогикалық қатынас орнатуға бағытталған әрекет.
Достарыңызбен бөлісу: |