Өзін жинақы, сүйкімді ұстайды. Прогрессивті көзқарастарды алға тартады. Сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарайды. Жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлекция жасап отырады: мәдениеті, эрудициясы жоғары, эстетикалық, көркемдік талғамы бар. Саясатқа, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылық танытады. Шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отырады.
Оның рухани байлығы балаға деген махаббатынан, жоғары адамгершілік және ұят сезімінен көрінеді. Ол өзінің оқушылары және әріптестерінің пікірімен санасады. Тұлғаның рухани байлығы өмірдің мәнін және өмір сүру мақсатын, өзінің кәсіби шеберлігін айқындауына ұмтылуында болып табылады. Педагог адамдардың қарым - қатынасына, әлем сұлулығына ерекше мән береді. Онда эмпатия мен рефлексия жоғары дамыған. Ол жаңа өсіп келе жатқан баланың рухани әлемінің байлығын түсінуге тырысады, сондықтан да өзінің планетарлық, тіпті космостық ойлау үрдісін дамытады.