Педагог- әдіскер. Қазіргі жағдайда педагог қызметінің ауқымы кең және алуан түрлі. Оның негізгі бағыттарының бірі – әдіскерлік мәдениетін өзін - өзі дамытуы, кәсіби шеберлігін үздіксіз арттырып отыруы. Әдіскер – педагог өзінің жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп қана қоймай, басқаларға өз тәжірибелерді тауып, танып, тарата білу керек; б) оқу - әдіскерлік проблемаларды танып, талдама жасайды; в) алуан түрлі әдіскерлік жұмыстарды тиімді тұтастыра білуі керек; г) жас педагогтардың өзін - өзі дамытуға көмек береді. Өзін - өзі дамытуға бағдарлама құрғанда жалпы - мәдени, философиялық - әдістемелік, тәрбиелік, дидактикалық, педагогикалық, психологиялық, техникалық дайындықтарға назар аударады. Әдістемелік жұмыстың өз мәнінде жүруіне «ашық сабақтардың» рөлі зор. Педагог өз оқу орнының көлемінде шектеліп қалмай, семинарларға, конференцияларда қатысу белсенділік танытады. Білім жетілдіру курстарына қатысады.
Педагог – зерттеуші.Педагог зерттеуші ретінде өзінің педагогикалық қызметінде қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оны шешуге деген қажеттілік туындайды. Жұмысқа шығармашылықпен қарау, шабыттану – зерттеушіліктің қозғаушы күші болып табылады. Педагогикалық инновацияның дамуына байланысты, педагогикалық эксперимент жүргізе отырып тіпті жас педагогтар да өзінің зерттеушілік қабілетін дәлелдей алады. Сондықтан педагогикалық негізгі міндеттерінің бірі методикалық мәдениет арқылы өзін - өзі дамыту болып табылады.