Жалпы,образ- шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) образ деп атайды. Мысалы: М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы халық образы, Абай образы - өнер мен халықтың немесе өнер мен сананың арасындағы арнайы байланысты негіздейтін эстетикалық категория. Қазақ әдебиетінің көркем шығармаларында образдың барлық дерлік түрі кездеседі.Әдеби тектік тарапынан болсын,көркемдік әдіс тұрғысынан болсын, һәм тәсілдік тұрғысынан болсын көркем шығармалардағы кейіпкерлер образға бай.Бұл қағиданы қай жағынан болсын,дәйекке сүйеніп отырып дәлелдеу қиын емес. Соңғы көз майымның жемісі,соңғы оқылған көркем шығармам-Әзілхан Нұршайықовтың қаламынан туған мөлдір,кіршіксіз сезімге толы “Махаббат қызық мол жылдар” туындысының кейіпкерлерін саралап-саптай отыра талдайық. Мұндағы оқиға мен кейіпкерлер-реалистік образдың айнасы.Неге десеңіз,автор соғыстан кейінгі халықтың басындағы жайтты Ербол мен Меңтай арқылы жеткізуге тырысты.Ерболдың ішкі ойларын,сезінген күйлерін ақ параққа түсіріп,туындыға көркемдей отыра жеткізді. Ал,әдеби тек тарапынан келсек бұл туынды-эпикалық образға тән.Себебі,шығармада бас кейіпкердің кесек бейнесі,30 қызғалдақтың ортасына келгендегі қызараң-қызараң еткен ұяң келбеті керемет суреттелегені соншалық,оқып отырғанда кейіпкердің бейнесі көз алдыңа елестеп отырады.Ондағы қыздарды суреттеуін айтсаңшы!Нағыз қазақтың сұлуларын сілекейін тамызып отырып кескіндеген.
Ендігі кезек,жасалу тәсілі.Көркем шығармадан байқағаным мұнда тек бір ғана образ емес, бірнеше образ кездеседі.Ең әуелгісі-трагедия,Меңтайдың басындағы мұң. Зұлым кейіпкер Тұмажанның Меңтайға қалдырған өшпес қара дағы-трагедияның негізгі бөлшегі.Қаламгер сол сәттегі Меңтай кешкен ауыр да азапты күндерді жан ашырлық сезіммен жеткізе білген.Байқұс қыздың қайғылы жайыты оқырманды елең еткізіп қана қоймай,кейіпкермен бірге мұңаюы-трагедияның шартты бір жемісі.Сондай-ақ,Тұмажан бейнесі мұндағы иронияның келбеті іспеттес.Астарлап пернелеу,кескіні мен келбетін мысқылдау иронияның ағымына саятын сықылды. Ендігі кезек,поэзияға бет бұралық.Соның ішінде-Қасым Аманжолов поэзиясының биік шыңы-”Өзім туралы” өлеңі лирикалық образдың бірі де бірегейі. ”Өзге емес,өзім айтам өз жайымда” деп ұрандатқан бұл көркем туындыда ақын өзін барынша лирик ақын,сыршыл ақын ретінде танытады.Қаламгер ішкі жан-дүниесін,сыртқы түр-сипатын өлеңге қосу арқылы лирикалық образға керемет бір мысал бола білді. Ал,көркемдік әдіс тұрғысынан романтикалық образ секілді бұлыңғыр туынды болмағандықтан,анық та,шындыққа жанасарлық реалистік образға жатады.Себебі,көркем шығармада қаламгер қиялына жүгінбей,өзіндік бейнесі,сайып келгенде реализмге сүйене отырып жазған болатын. Жасалған тәсіліне келер болсақ,туынды геройлық яки қаһармандық бейнеде суреттеледі.Халықтың қалаулысы,асыл деген қаситтерді бойына түзген,ерлік пен өрліктің көрінісі болған Ұлы Отан Соғысы Ардагері Қасым Аманжолов XX ғасырдың өнерлі де өнегелі қаһарманы болатын.
Қорыта айтар болсақ,әдеби шығармалардағы кейіпкер образы келтірілген мысалдағыдай айқын да анық болуы қажет.Себебі,белгілі бір образы жоқ туынды-қаламгердің әдеби сауатсыздығына алып келеді,оның әдеби құлдырауына жетелейді.Дәл осы себеппен,көркем шығармадағы образдық пен образдылыққа аса мән беріп,жіті меңгеруіміз шарт.