Педагогикалық ұжымда басқару кезеңіндегі жаңашылдық үдерістің құрылымы. Жаңашылдық немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірбиеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Инновация − жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Білім беру саласындағы инновациялық процесс – бұл білім беру тұжырымдамаларын, оқу бағдарламаларының мазмұнын, әдістері мен әдістемелерін, оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін жаңарту және өзгерту. Білім берудегі инновациялық үдерістің мақсаты – білім беру жүйесінің қалыптасқан дәстүрлі элементтерін немесе олардың өзара байланысын түбегейлі өзгерту және жүйенің жаңа сапалық жағдайына қол жеткізу.
Білім беру саласындағы инновациялық үдерістің ерекшеліктерінің бірі-көп құрылымдылық. Білім берудегі инновациялық үрдістің келесі құрылымдарын атап өтуге болады: субъектілік, деңгейлік, мазмұнды, өмірлік циклдің құрылымы, басқарушылық, ұйымдастырушылық.
Субъектілік құрылым білім беру жүйесін дамытудың барлық субъектілерінің инновациялық қызметін қамтиды. Бұл құрылым ең алдымен инновациялық процестің әрбір кезеңінде қатысушылардың рөлдік және функционалдық арақатынасын ескереді. Субъектілік құрылым инноваторлар деп аталатын инновациялық үдерісті тасымалдаушылардың әлеуметтік базасын сипаттайды.
Деңгейлік құрылым субъектілердің халықаралық, федералдық, өңірлік, аудандық, қалалық деңгейлердегі өзара байланысты инновациялық қызметін көрсетеді. Әрбір деңгейдің инновациялық қызметі бір-біріне өзара ықпал етеді. Түрлендірудің әсері барынша жоғары болуы үшін, олар жүйелі, үйлестірілген болуы тиіс.
Білім берудегі инновациялық үдерістің