Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
Мұғалім мамандығын мәңгілік деп атайды. Адам баласы өмір сүріп отырған кезеңдерден бері әр дайым оқып-білуге, өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға - өмір тәжірибесін саналы, мақсаткерлік тұрғыда меңгертуге талпынады.
Жастар тәлімгері, әдетте, біршама көп білетін, әрі құрметті адамдар болады. Осыдан 300 жыл бұрын өмір сүрген, ғылыми педагогиканың негізін қалаушы, славяндық ұлы педагог Ян Амос Коменский мұғалімдерге “ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғару тұрған ешнәрсе жоқ” деп жазады. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын былайша бағалады: “Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істәң бірі”. В.Г.Белинский былай дейді: “Мұғалімдік мамандықтың тәрбиелік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастырлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр”.
Мұғалім еңбегінің ерекшелігі неде? Бұл ерекшелік сірә, мұғалімнің адам баласымен жұмыс істейтіндігінде болар? Бірақ басқа мамандық иелері де: юристер, дәрігерлер, әртістерде … адамдармен қарым-қатынаста болады. Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі мұғалімдердің қоғамдағы орнына қарай анықталады.
Мұғалім - қоғам мен өскелең ұрпақ арасындағы сарапшы. Адамзат көп ғасырлық тарихында өте мол тәжірибе жинақтады. Жас ұрпақ үшін қоғам олардан және бұқаралық информация құралдары арқылы өздеріне қажетті ақпараттарды алады. Ал негізінен мұғалім арқылы оқушы жастардың санасына жеткізіледіг. А.С.Луначарскийдәң айтуынша, мұғалім балаларға өткен ата-бабамыздың ең таңдаулы тәжірибелерін, жақсы қасиеттерін беруі және ескінің сарқыншағын кемістік пен кеселді бермеуі тиіс. Мұғалім жас ұрпаққа білімді ғана емес, ғылыми-материалистік дүниетанымды,азаматтық позицияны қалыптастырады, рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелейді.
Кәсіп - адамның дене және рухани күшінің шектеулі ғана саласы, еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрі.
Мамандық - берілген кәсіптің бір түрі.
Мысалы, кәсіп - мұғалім, мамандық - физика пәнінің мұғалімі.
Қазір ғылыми тілде мұғалім және педагог деген екі ұғым бар. Соңғы кезде педагог кеңірек ұғым деп жүр.
Профессограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
Жіктеу:
Мұғалімнің атқаратын қызметін жіктеу:
- ақпараттық (ақпарат беру);
- дамытушылық (ойлауы, елестетуі, тілді дамыту);
- мобилдік (мобилизационная) (істің, тапсырманың, жаттығудың орындалуын қадағалау);
- қалыптастырушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жұмыс, т.б.);
- коммуникативті (ата-аналармен, басқа мұғалімдермен, әкімшілікпен, психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас);
- ұйымдастырушылық (оқуышыларды, басқа мұғалімдерді, ата-аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады);
- зерттеушілік (жеке тұлға ретінде зерттеу);
Сынып жетекшісі, тәрбиешілердің атқаратын қызметтері:
- ұйымдастырушылық (сынып сағаттарын, сауалнамалар, экскурсия, т.б. ұйымдастыру);
- тәрбиелілік (оқушылардың қабілеттерін кез келген әдіспен тәрбиелеу, қалыптастыру, дамыту);
- ынталандыру (балалардың іс-әрекетін ынталандыру);
- құжаттармен жұмыс.
Мұғалім мамандығы - біздің еліміздегі ең көп тараған мамандықтың бірі. Соңғы жылдарыдың өзінде ғана біздің институтымыздан білім алып, өмірге мұғалімдік мамандық алып шыққан мұғалімдердің саны бірнеше мыңдап саналады. Мамандықтың бұқаралылығы оның маңыздылығын көрсетеді, дегенмен әрбәр мұғалімнен педагогикалық кәсіптің қоғамдық мәртебесін көтеру жөнінде айырықша қамқорлықты қажет етеді.
Мұғалім - бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды қалыптастыруға, солардың алдағы жағдайдың өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға бағытталған. Л.Н.Толстой былай деп жазды: болашаққа жарамды адамды тәрбиелеу үшін, оларды тамаша жетілген азамат етіп тәрбиелеу қажет - тек сонда ғана тәрбиеленуші өз ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады.
Мұғалім ең күрделі процесс - жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің жеке өзінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты. Бұл яғни оқушыға тек бір өлшеммен ғана қарауға болмайтындығын көрсетеді, жас ерекшеліктері қағидаларын үнемі есте ұстауды қажет етеді. Мұғалім қызметінің ерекшелігі сол, көптеген мамандықтар секілді педагогтің қолында өлшеуіш немесе басқалай проиборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы - оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс.
Қорыта келе: қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Әрбір мұғалім біздің еліміздің экономикасын жандандыру бағдарламасына өз үлесін қосуы тиіс. Оның міндеті шәкірттеріне әлем туралы ғылыми түсінікті айтуы, оқушыларды өз бетіне және творчестволықпен ойлауға баулу, ғылыми таным тәсілін меңгерту, программалауды және компьютерлік техникамен жұмыс істеуге үйрету. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен еңбекшілердің творчестволвқ ынтасы ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, экономикамызды көтеруге, халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсатуға ықпал етеді. Оның қай-қайсысының да негізін мұғалім класта, оқу шеберханасында, оқушылардың өндірістік бригадаларында қалайды. Қазіргі таңдағы 12 жылдық білім беру бағдарламасының нәтижелі болуы да, қарапайым ауыл мұғалімнің қолында.
Мұғалім біздің үмітімізді және біздің қоғамымыздың болашағын - үйлесімді жеке басты тәрбиелейді. Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын мәнінде, бақыт негізін қалайды