Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары мен қағидалары, олардың өзара байланыстары.
Менеджмент кейде Менеджмент ғылымы (Management Science) деп те аталады, яғни ол адамзаттың басқару ісінің заңдылықтары мен өнімді әдістерін зерттейтін пән саласы есептеледі. Ол белгілі бір құралдар мен әдістанмалар арқылы басқаруды өнімді етеді, әсіресе Операцияларды зерттеу (Operations Research) және Статистика секілділер арқылы басқаруға сапалық және сандық анализ жасайды. Ал, басқару дегеніміз басқарылушыға өнімді, пайдалы жұмыс істету әрекеті. Қазіргі заман басқару істері кейбір басқару мәселелеріне талдау жасаудай тар шеңберден шығып, жаратылыстану және гуманитарлық пәндердегі пайдалы білімдер мен әмбебап әдістерді пайдаланып, операцияны басқару, адам күші байлығын басқару, қауіп-қатерді басқару, айқын емес жағдайда шешім қабылду, шұғыл жағдайда таңдау жасауқұрделі құрылымның өзгерісін тізгіндеу, қалыптасу (emergence), өзін көрсете алу, ортаға үйлескіштік, өздігінен ұйымдасу, ұқсастықтардың біріктіруі секілді ауқымды мәселелерді жаппай қамти бастады. Әрқандай ұйымды жүйе ретінде қарастыруға болады, ал басқару сол жүйе үшін маңызды феномен ретінде жоспарлау, жетелеу, тіпті де жақсысын өндіру секілділерге талпына бастады. Сондай-ақ әлденені басқарудан бұрын оның өз-өзін басқаруы, басқаруға әзірлігі, басқаруының жүйелілігі мен табыстылығы, әсіресе жаңа деңгейге үздіксіз көтеріліп, жетіліп отыру секілділер де менеджментке жаңа мазмұндар қосты.
Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастырудың туралы, оны дамытудың стратегиясы ретінде, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдер қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару.
Менеджментте басты нәрсе, кез келген адамдық қарым қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ – та коперативтік пен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаы менеджер деп атайды. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдаланумен қамтамасыз ететін процесті білдіреді.
Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың теориясы мен тәжірибесі.Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жаңдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме (мотивация) жағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді. Әміршілдік — әкімшілік, технократиялық, жоспарлы – директивтік, өктемшілік (авторитарное) басқарулар оның қарсы түрлері болуы ықтимал.
Басқарудың типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері, құндылықтары, нұсқамалары (установки) басқаруды ұйымдасьырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушы болып табылады.
Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте – тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын басқаруда жиі білінеді.
Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік – психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.
Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
Менеджмент менеджменттің жеке бсына қоылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері – тапқырлық, байланысқа бейімділік (коммуникабельность), сенімділік. Бұл сапалар басқару өнерін танытуда маңызды рөл ойнайды. Менеджменттің басқару өнерімен қатар қойылатын кездейсоқ емес.
Менеджменттің мыналарды қамтамасыз ететін ең маңызды деп саналатын сәттерін бөліп көрсетуге болады:
Еңбек өнімділігін арттыру;
Бәсекеге жарамдылық;
Тұтынушыға бағдарлану (маркетинг);
Іс — әрекетте еркін болу әрі ереже бойынша жұмыс істеу.
Басқару процесі кез келген ахуалға ғылыми тәсілдемені әсері болып табылады. Менеджмент әрдайым жағдайын қарай басқаратын ахуалдық басқаруды білдіреді.
Менеджментте бастысы — ең алдымен кәсіпорынның мүдделерімен нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алдағы кезеңдік) белгілейді.Стратегия – мақсатқа жетудің құралы, пайданы ең көп мөлшерде алу үшін ресурстарды қалай пайдалану керектігін кәсіби ұғындыратын түжырымдама. Мақсаттарға қол жеткізу мәселелерді шешуді қажет етеді: стратегиялық әкімшілік, оперативтік. Стратегялық мәселелерге өндіруге қажетті тауарлар мен қызметтерді таңдау, осы өнімдерді сатуға болатын нарықтар мен тұтынушыларды таңдау.
Бизнес мәселелері бойыша тәжірибелі маман фирманы жетістікке жеткізетін өзгеше стратегияларды танып, көре біледі.Стратегияны таңдау барысында орталарға, әрекеттердің тактикалық мағынасына, бәсең және белсенді стратегияларды таңдауына баға беріледі.Стратегия ұйымның өз қызметінде басшылыққа алатын шешімді қабылдаудың таңдау ережесі болып табылады. Ережені төрт топқа бөліп көрсетіледі:
Осы шақта да болашықта да фирма қызметінің нәтижелерін бағалауда пайдаланатын ережеге (сапалақ бағдар, сандық — тапсырма) ;
Қандай өнім түрін және технологиялық әзірлеуді, бұйымдарды қайда өткізуге болатынын, бәсекелестердің қалай асып түсудің жолдарын анық анықтайтын сыртқы орта мен фирманың қатынасын қалыпиасиыратын ереже. Бұл ережелердің жиыны өнімдік – нарық стратегиясы немесе бизнес стратегиясы деп аталады;
Ұйым ішіндегі қатынас пен процедураны белгілейтін ереже. Оны ұйымдық бәсеке деп атайды;
Негізгі оперативтік тәсілдер деп аталатын фирманың өз қызметінде күнделікті жүргізетін ереже;
Стратегияны жасау процесі қандай да бір жылдам әрекетпен біте қоймайды. Әдетте ол фирманың өсуі мен позициясын нығайтуды қамтамасыз ететін жалпы бағыттарды белгілеу арқылы аяқталады.Қалыптастырылған стратегия іздестіру әдістерінің стратегиялық жобаларын (нақты участкелер мен мүмкіндіктерге назар аударуды күшейтіп, стратегиямен қиыспайтын қалғандарын тастап) даыйндауда пайдаланылуы керек.
Мақсаттардың жиынына қол жеткізудің ықтимал әр түрлі жолдары бар: бұл жолдар стратегия деп аталады. Мысалы, мақсат: неге қол жеткізілді? Үш жылдық кезеңді аяқтауға айналымды 50% — ға және пайданы 60% — ға өсіруді қамтамасыз ету.
Менеджмент тұтас нарықтық экономикалық және ішінара басқарудың тұрақты тетіктерінің болғанын ұйғарады. Бұл арада менеджменттің өз стратегиялық жоспары болуы керек. Бұл бағыттардың схемасы нарықтағы менеджментті дайындау, ұйымдық қатынастарды басқаруды қайта құруды, шетелдік тәжірибені және комьютерлік техниканы зерделеп (үйреніп), пайдалануды қамтиды: басқарушылық және экономикалық білімдердің философиясын; дайындау сапалық технологиялық білімді; дайындау формаларын;
Менеджменттің басты бағыты ретінде болатын өз компоненттері бар меншік түрлері; бәсекелестік; монополиясыздандыру; банк – кредит жүйелерін дамыту.Басқару ісін қайта құру мына бағыттарды қамтиды: басқаруды орталықсыздандыру; басқарудың жаңа түрін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету; экономикалық басқаруды демократияландыру; басқарудың (ұйымдастыру нысандары) икемділігі; басқаруды кәсібилендіру.Әр түрлі басқару жүйесіндегі менеджменттің орнын анықтау үшін типология деп аталатын басқару, яғни құбылыстарды жіктеудің ерекше түрі қарастырылады. Ол бір үлгідегі критерийлердің (өлшемдердің) шектеулі шеңберін пайдалануды ұйғарады.
Басқардағы нарықтың рөлі белгілі бір дәрежеде назар аударуға тұрады. Бірінші критерий – директивтік басқару өзін өзі ақтаудан қалған, көнерген критерий. Маркетинг типіндегі басқару ұсыныс пен сұраныстың арақатынасын ескеретін және тауарды нарықта жылжытатын менеджмент қызметін білдіреді.Мақсатты басқару — бұл нарықтық (экономикалық) басқаруды жоққа шығармайтын мақсаттар бойынша басқару болып табылады. Басқарудың мұндай типі адами құндылықтар мен мүддені өз тірегіне айналыдырады.
Барлық адамзат тарихы бизнеспен байланысты. Қарапайым анықтаманы терминнің этимологиясына жүгінбей-ақ беруге болады. Бизнес – бұл іс. Тари-хи «іс» — «бизнес» ұғымын білдіреді.
Бизнес – бұл пайда (табыс) алуға бағытталған қызмет. Ол әр түрлі салаларда жүзеге асырылады. Атап айтқанда, өндірісте және тауарлар мен қызметтердің саудасында, банк ісінде және сақтандыру қорында, көліктік, жалға беру қызмет түрі ретінде болатын басқа да операцияларды жүзеге асырады. Субъектінің айналымға түсіретін капиталының болуы бизнесте маңызды орын алады. Мұндай капитал айналымға ақшалай түрде түсуі міндетті емес, ол тауар түрінде және қызмет түрінде ұсынылуы ықтимал.
«Субъект» бизнесте – бизнесмен немесе коммерсант деп аталады.Коммерсанттың мәртебесі заң бойынша қызметі мына белгілермен сипатталатын тұлғаға беріледі:
мәміле бекіту және басқа шаруашылық операцияларын
кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыру;
кәсіпкерлік қызметті өз атынан, яғни нарықтық қатынастың
дербес экономикалық субъектісі ретінде жүзеге асыру.
Бизнестің өз стратегиясы мен тактикасы бар. Бизнестің стратегиялық мақсаты — әр түрлі мәмілені жүзеге асыру процесінде пайданы (табысты) ең көп шамаға жеткізу.
Тактикалық мақсаты — әр контрагентпен әрбір нақты себеп бойынша мәміленің нақты мерзімі мен мазмұнын, жүзеге асыру шарттарын пайдалану осы стратегиялық нұсқаманы жүзеге асыру.
Бизнес – істі жүргізу жүйесі. Бизнес – бұл адамдарға қажетті өнімді жасау. Бизнес – бұл біздің әлеуметтік – экономикалық жүйеміздегі орталық магистраль.Бизнес субъектілеріне мыналар жатады:
кәсіпкерлер;
кәсіпкерлердің ұжымдары мен кәсіпкерлік ассоциялар;
өндірген өнімді тұтынатын жеке адамдар мен ұжымдар, сондай-ақ, тұтынушылардың одағы мен ассоциациялар;
келісімшарт немесе басқа негізде жалдагып еңбек ететін жұмыскерлер, сондай-ақ олардың кәсіподақтары:
мемлекеттік құрылымдар.
Кәсіпкерлік – бизнес жүйесінің элементі. Оның негізін жеке меншіктегі өндіріс құралдары құрайды.Олар – топтық меншік, ұжымдық меншік, кооперативтік меншік, акционерлік меншік, пай.
Кәсіпкерлік меншіктің үш негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі:
өнім өндірісі;
коммерция (сауда);
коммерциялық делдалдық.
Барлық қызметті бизнеспен шатастыруға болмайды. Бұл жөнінде Г.Форд былай дейді: «… өнімді дайын күйінде алып – сату (алыпсатарлық) нағыз іспен ешқандай байланысы жоқ – ол заң жолымен жоюға келмейтін ұрлықтың әдепті түрін (пристойный вид) ғана танытады».
Іскерлік қатынастағы субъектілердің екінші категориясына – тұтынушылар жатады. Олар кері байланысты тудырады әрі өндіріске ықпал етеді. Кәсіпкерге – пайда (табыс) қажет болса, тұтынушыларға — өз қажеттіліктерінің толық қанағаттандырылғаны қажет.
Іскерлік қатынастарға қатысушылардың үшінші категориясына – жалдамалы жұмысшылар, яғни жалданып жұмыс істейтін азаматтар жатады. Бұл категориядағы азаматтар кәсіпкерлермен жасасқан мәміледен табыс табу арқылы өздерінің еңбек мүдделерін жүзеге асырып, өзіндік ерекшелігі бар еңбек бизнесін қалыптастырады.
Іскерлік қатынастарға қатысушылардың төртінші категориясына – мемлекеттік органдар жатады. Олар нарыққа іскерлік ұсыныстарымен тікелей шыққан жағдайда ғана осы категорияға жатады. Осы тұрғыдан алғанда бұл органдар іскерлік қатынастағы басқа қатысушылармен тең құқылы болады.
Мемлекеттік бизнезтің негізін мемлекет меншігіндегі өндіріс құралдары, ақпарат, ой еңбегінің өнімдері, құнды қағаздар, ақша ресурстары құрайды.
Үкімет – еркін кәсіпкерлік жүйесінде елеулі рөл атқаруы керек. Осы негіздегі мемлекеттік реттеуді алты негізгі топқа бөлуге болады:
қауіпсіздік;
денсаулықты және қоршаған ортаны реттеу;
көлікті реттеу;
еңбек қатынастарын реттеу;
қаржыны реттеу;
энергетиканы реттеу.
Мемлекет өзінің экономикаға араласуын ақтау үшінсылтау етіп нарықтың мынадай кемшіліктеріналға тартады:
Анық емес ақпарат.
Газбен, электр энергиясымен, телеграфтық қызметпен қамтамасыз ету жүйесіндегі табиғи монополия.
Сыртқы себеп. Мысалы, қоршаған ортаға келтірілген зиян.
Экономикалық тиімділікпен еш байланысы жоқ басқадай мақсаттар. Мысалы: қауіпсіздік жүйесін қамтамсыз ету; ұлттық өндірісті қорғау; жаңа инновациялардың дамуын ынталандыру; денсаулық сақтау, спорт, алкогольді ішімдіктер мәселесі.
Маңызды қызметтер мен ресурстар:
тұрғын үй құрылысы;
су;
энергия;
қорғаныс.
Нарықтық шаруашылық жағдайындағы экономикаға мемлекеттің араласуы бір үлгідегі заңдық орындаушылық және бақылаушылық сипаттарындағы жүйені білдіреді. Бұл шараларды әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгерген жағдайда бейімдеу әрі тұрақтандыру мақсатында құқықтық өкілеттігі бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асырады.
Мемлекеттің араласу мүмкіндігінің объективті жағы өндіріс пен капиталды шоғырландыру, экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне қол жеткізу арқылы таныла алады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің екі негізгі тәсілі белгілі: орталықсыздандыру, ол нарық тетіктерінің көмегімен жүзеге асады, және тауар – ақша қатынастарымен, баға және т.б. жүзеге асады. Орталықтандыру – директивтік жолмен болады. Бірінші тәсілде өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктеріне және өнім сұранысына тәуелді болады. Екіншісінде – мұндай шектеулер жоқ. Кәсіпорын аясы тар мақсат ретінде өндірістің тұрақты түрде өсуіне бағдарланған.
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің өзгешелігі осы заманғы нарықтық экономикада мемлекеттік дәстүрлі міндетті істердің орындалуы шектен тыс қиындыққа тап болады.
Ұзақ мерзімді жоспарлаудың негізіндегі микро реттеу тетіктерінің белгілі бір сабақтастығы толықтай қолайлы жағдай тудырады: ол жаңа жағдайға жоспарлаудың ескі әдістерін бейімдеуге, әрі бір мезгілде осы заманғы әдістерді игеруге талпыныс әрекетін көп оңайлатады.
Үкімет қызметінің тиімділігі өзара байланысты үш факторға негізделеді: оның құрылымдық ұйымы, ведомостаралық үйлесімі және кадрларды дайындау мен іріктеудің деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |