Педагогикалық практиканың бағдарламасы



Дата12.03.2017
өлшемі260,48 Kb.
#11524
түріЖұмыс бағдарламасы
Педагогикалық практиканың

бағдарламасы Ф СО ПГУ 7.18.2/06


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Жалпы биология кафедрасы

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
050607 - Биология мамандығына бойыншаоқитын студенттерге арналған



      1. Павлодар



Педагогикалық практиканың бағдарламасының бекіту

парағы







Ф СО ПГУ 7.18.2/04

«БЕКІТЕМІН»

              1. Оқу жөніндегі проректоры

___________ Н.Э.Пфейфер

“____”__________2007ж.

Құрастырушы: аға оқытушы Нұрлина А.Б.

    1. Жалпы биология кафедрасы

050607 Биология студенттер мамандығына арналған



  1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы мамандықтың мемлекеттік ҚР МЖМБС 3.08.71-2004, және ҚР БжҒ министрлігінің 2005ж. 11 мамырындағы №289 бұйырығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде әзерленді


Кафедра мәжілісінде ұсынылған «21» 08. 2007 ж. № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ б.ғ.д. Ж.М. Исимбеков

Биология-химия факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданған

“25” 08. 2007ж. № 1 хаттама


  1. ӘК төрайымы ______________ К.Х.Жапаргазинова

          1. КЕЛІСІЛДІ
          2. Факультет деканы ______________ Қ.О. Базарбеков
          3. «___» _________2007 ж.


ЖБжӘҚ МАҚҰЛДАНҒАН
  1. ЖБжӘҚ бастығы _______________ Л.Т. Головерина

  2. «___» ________ 2007 ж



Түсіндірме
Соңғы курста өткізілетін педагогикалық практика, мұғалімді кәсіби – педагогикалық дайындаудың соңғы кезеңі болып табылады. Практика болашақтағы кәсіби мамандыққа байланысты өткізіледі.

Практиканың мақсаты: студентті пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің жұмысын меңгеруге дағдыландыру, оқушылармен оқу – тәрбие жұмыстарын өткізу.

Практиканың міндеттері:


  • пән мұғалімінің орнында болып, педагогикалық үдерісті сезіну;

  • Жаңа қалыптасып келе жатқан баланы жетілдіру үшін, оқушы мен оқытушының арасындағы қарым – қатынасты қалыптастыру;

  • Пән мұғалімі және сынып жетекшісінің орнында болып, оқытушы, тәрбиелеуші, жетілдіруші жұмыстарын меңгеру;

  • Қазіргі заман талабына сай оқу – тәрбие жұмыстарының технологиясын меңгеру;

  • педагогика мен психологиядан алған білімдерін жетілдіріп, таңдалған проблеманы шешу үшін пайдалану;

Педагогикалық практиканың маңызы зор, өйткені, студент – практикант тәрбиеші мен ұстаз орнында болып, кездескен қиыншылықтардан шығу жолдарын тауып, нағыз ұстаздың жұмысымен танысады.


Практиканың өту орны мен мерзімі.

Педагогикалық практика 7 семестрде өтіп, 6 аптаға созылады.ъ



  1. Практиканың мазмұны


  1. Үйрену:

  • Пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің оқу - әдістемелік құжаттарымен танысу (мемлекеттік стандарт, сабақ жоспарымен, сыныптан тыс іс – шаралармен, тәрбие сағаттарының жоспарымен және т.б.)

  • Бекітілген сыныптың тәрбиелік дәрежесінмен танысу;

  • Оқушылардың отбасындағы психология – педагогикалық әрекеттерін, жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерімен танысу;

  • Оқу – тәрбиелік әркеттеріндегі психологиялық аспектілерін бақылау (сабақтың психологиялық құрылымын, педагогикалық әдеп, бір – бірімен қарым – қатынасы, сабақтағы микроклимат);

  • Пән бойынша сабақ пен сабақтан тыс жұмыстар

  • Мектептің әдістемелік ұйымдастырылуы;

  • Оқушылардың пән бойынша білім дәрежелері;

  • Мектептің жаңа технологияларды енгізу жұмыстары;

  • Сыныптағы тәрбиелік жұмыстар (даму дәрежесін бақылау, бір – біріне қарым – қатынасы, баланың әлеуметтік белсенділігі, жоғары сынып оқушыларының мінездері және т.б.)

  • Мұғалімдердің ғылыми – зерттеу жұмыстары;




  1. Құрастыру:

  • Пән мұғалімі және сынып жетекшісінің орнында болу үшін, студенттің педпрактика өтуі үшін жеке жұмыс жоспары болу керек;

  • Тақырыптық және сабақ жоспарлары;

  • Пән бойынша сабақтан тыс жұмыстар;

  • Педпрактика өту барысында ғылыми – зерттеу жұмыстарының болуы;




  1. Қолдану:

  • Пән мұғалімінің орнындағы іс - әрекет (сабақ өткізу, пән бойынша сабақтан тыс іс-шара, үлгермеушілермен жұмыс т.б.)

  • Сабақта жаңа технологиялар мен интерактивті әдістерді пайдалану;

  • Жоспарға сәйкес сынып жетекшісінің орнындағы іс - әрекет;

  • Сыныпта өткізілген мерекелік кештерден кейін, психология, психико – педагогикалық анализ жасау;

  • Қазіргі компьютерлік технологияларды сабақ барысында енгізу;

  • Ата – аналардың қатысымен оқу – тәрбиелік жұмыстар ұйымдастыру (ата – аналар жиналысына дайындалу, интервью, анкеталық сұрақтар);

  • Оқушылармен профориентальді жұмыстар;

  • Пән бойынша жалпымектептік өтетін мерекелерге дайындалу және өткізу (пәнге арналған кеш, апталық, олимпиада, конкурстар, білім күні т.б.)

  • Мектепішілік кеш өткізу (тақырыптық кеш, алтын күз т.б.)




  1. Қатысу:

  • мектептің педагогикалық кеңесіне;

  • Пән мұғалімдерінің әдістемелік жиналысына;

  • Сынып жетекшілерінің семинарларына;

  • Тәрбиелік жұмыстардағы оқушының анализін жасауға қатысу;



            1. Практика өтетін орындар

Павлодар қаласының жалпы білім беретін орта мектептері (6-11 сыныптар)
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
    1. Мектептегі биология кабинетінде жұмыс атқарғанда қойылатын жарлпы қауіпсіздік ережелері:


    1. Зертханада жұмыс істегенде тыныштықты, тазалықты, реттілік пен қауіпсіздік ережелерін сақтау керек (осындай ережелер тізімі зертханалық жұмыстар өткізілетін әр кабинетте көрінетін жерде болуы тиіс)

    2. Әр жұмыс істеуші қауіпті жағдай туғанда алғашқы медициналық көмек көрсететіндей сыныпта (зертханада) өртке қарсы құралдар мен медициналық қобдиша қай жерде тұрғандығын білуі тиіс;

    3. Кабинетте шылым шегуге, ас, су пайдалануға қатал тийым салынады;

    4. Оқушылар қауіпсіздік ережелерін толық меңгермегенше жұмысты бастауға болмайды;

    5. Жұмыс аяқталғаннан кейін су мен жарықты өшіру керек;



Пән мұғалімінің міндеттері:


      1. Биология және химия пәнінің мұғалімдері кабинетте өтетін жұмыстардың қауіпсіздік ережелеріне, оның өртке қарсы жабдықталуына, мектеп санитариясы мен еңбек гигиенасының ережелерін сақтауға міндетті;

      2. Маман ретінде олар, экспонаттар мен объектілерді дұрыс сақтау және оны пайдалануға, сонымен қатар химиялық ыдыстарға, химиялық реактивтерге және электрлік құралдарға жауап береді;

      3. Мұғалім өртке қарсы құралдардың толық болуына және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған заттардың толығымен болуын тексеруге құқылы;

      4. Жұмыс аяқталғаннан кейін, мұғалім реактивтері бар ыдыстар толығымен жабылды ма, электр құралдары сөндірілді ме екендігін тексеруге міндетті;


Практикант – студентпен өткізілетін алдын – ала жұмыстар:

Студент практикаға шықпас бұрын, практиканың өткізілуі бойынша, оқу – тәрбиелік практиканың мақсаты мен міндеттерін, өткізілу кезеңін, есеп беруге арналған жұмыстар түрлері мен есеп беру конференциясының өткізілетін күндерін білуге міндетті, сондықтан студенттерге арналған, практика жайында, конференция өткізіледі.


Практикант – студенттің міндеттері:


  • практика өтетін жерге уақытында келу;

  • практика бағдарламасында бекітілген жұмыстарды толығымен орындау;

  • Мектептің күн тәртібіне бағыну;

  • Практика жетекшісінің беретін тапсырмалары мен бұйрықтарын нақты және шығармашылық жағдайында орындау, мектеп жұмыскерлерімен бірге жұмысқа деген жауапкершілікті саналы түрде түсіну;

  • Есеп беру құжаттарын уақытында тапсыру;


Практиканың кезеңдері:
Практиканың бірінші аптасы пассивті болып есептеледі, ол студенттің мектеппен, сыныппен, мектептің күн тәртібімен, ұзтаздар ұйымымен және мектеп басшылығымен танысуға арналады. Практикант – студенттер өз сыныбының барлық сабақтарына қатысады, оқушылармен жақын танысып, олардың бір – бірімен қарым – қатынастарын бақылайды, сынып көшбасшысын анықтап, сыныптың қызығушылығын зерттейді. Бұл кезеңде студент сынып журналы мен оқушылардың күнделіктерімен тексереді, өздеріне оқушылардың үлгерімі туралы, олардың сабақ үстіндегі белсенділіктері туралы жазып алады, журнал мен күнделікті дұрыс толтыруға үйренеді, сонымен қатар биология және химия, сынып жетекшісінің күнтізбелік жоспарымен танысып, бірінші аптаның аяғында бүкіл практика бойы өткізілетін іс – шараларын көрсететін, оның ішінде күнделікті өткізілетін сабақ, сынып сағаттары мен сыныптан тыс шаралардың тақырыптары бар жеке жоспарын құрастырады.

Екінші аптадан бастап, студенттің белсенді практикасы басталады. Өздігімен сабақтың нақты тақырыптарына байланысты әдебиеттер, сабақтың типі және өткізу әдістемелері таңдалынады. Әр сабаққа конспект жазылып, оны пән мұғалімі немесе кафедра әдіскері тексереді. Сабаққа керек болған жағдайда алдын – ла көрнекілік құралдары немесе дидактикалық материалдар дайындалады. Практикант – студенттер бір – бірінің сабақтарына қатысып, оларды талқылауға (сараптауға) міндетті түрде қатысады. Сонымен қатар, сынып жетекшілік жұмыстары жүргізіліп, жеке жоспарда көрсетілген сынып сабақтарының конспектісі жазылады, сыныптан тыс іс – шаралардың, кештердің, және т.б. сценарилері құрылады.




Жеке тапсырма

1. Жоспар құрастыру:

а) практикант – студенттің жеке жоспар жұмысы (ұйымдастырушылық, ғылыми - әдістемелік, тәрбиелік, ғылыми – зерттеу жұмыстары);

б) күнтізбелік, тақырыптық жоспар немесе қарастырылып отырған бөлім мен тақырыптың технологиялық картасы;

с) тәрбиелік жұмыстардың жоспары, пән бойынша өткізілетін және сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар (пән мұғалімі және сынып жетекшісінің жоспарлары бойынша);

2. Тақырып бойынша сабақ конспектісін құрастыру;

3. Сыныптан тыс конспектісін құрастыру;

4. Нақты тақырып бойынша зерттелген әдістеменің есебі;

            1. Теоретикалық тапсырмалар

1. Мектептегі оқу – тәрбиелік процестердің жоспарлау типтері, формалары және түрлері;

2. Сабақты сараптаудың формалары мен әдістері;

3. Биология (анатомия, морфологиялық, физиологиялық) және химия бойынша оқу материалының мазмұнын іріктеу;



4. Оқу материалының мазмұнына сәйкес сабақ өткізілуінің ерекшеліктері;


Практика кезіндегі экскурсиялар:

  1. Мектеппен танысу;

  2. Кабинетпен таныс: биология, әдістемелік;

  3. Мектеп мұражайымен танысу;

  4. Мектеп маңайы мен мектеп теплицасымен танысу;



            1. Есеп беруге қойылатын талаптар:

  1. Сабақ конспектісіне;

  2. Сыныптан тыс шараның конспектісіне;

  3. жеке жоспарға;

  4. Күнделікке



            1. Әдістемелік нұсқаулар

Педагогикалық практика кезеңіндегі жеке жоспардың үлгісі:

Жұмыстың негізгі бағыттары

Студенттермен өткізілетін шаралар

Өткізілетін кезеңнің күнтізбесі

Өткізілген шараның белгісі















            1. Жұмыстың негізгі бағыттары:

  1. Практиканың бірінші аптасындағы оқушыларды және сыныпты зерттеу; өз сабағынды өткізу кезінде, сынып жетекшісінің сабағында, басқа пәндерде, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар кезінде оқушыларды бақылау;

  2. Жұмысты жоспарлау:

  • Пән мұғалімінің (биолог) жұмыс жоспарын зерттеу;

  • Сынып жетекшісінің жұмыс жоспарын зерттеу;

  • Практика өту кезеңіндегі өзінің оқу – тәрбиелік жұмыстарын жоспарлау (мұғалім және сынып жетекшісімен сәйкес);

  1. Оқыту жұмысы:

  • Басқа практикант – студенттердің жұмыстарына қатысу;

  • Өздігімен сабақтарды өткізу (әр сабақтың тақырыбы мен өткізілу мерзімі);

  1. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар:

  • сыныптан тыс іс – шараларға қатысу;

  • өздігімен сыныптан тыс іс – шараларды өткізу (экскурсиялар, кружоктағы сабақтар және т.б.)

  • кабинетте жұмыс атқару (көрнекілік құралдарды жөндеу және жасау, т.б.)

  • үлгерімдері төмен оқушылармен қосымша сабақтар өткізу;

  1. сынып жетекшісі ретінде оқушылармен өткізілетін тәрбие жұмыстары:

  • сол кездегі тәрбие жұмыстарына қатысу (сыныптағы кезекшілік, сенбілік өткізу, табиғатқа серуендеу, кештер және т.б.)

  • өздігімен тәрбие сағаттарын өткізу (тақырыпты көрсету, орны және уақыты);

  1. Ата – аналармен жұмыстар (ата – аналар жиналысын дайындығына, өткізілуіне дайындық және жиналыста сөз сөйлеу);

  2. Әдістемелік және зерттеу жұмыстарына қатысу:

  • сынып жетекшілерінің семинарларында, пән пұғалімдерінің әдістемелік кеңесінде, студенттер семинарларында

  • курстық және дипломдық жұмыстар тақырыптары бойынша оқушылармен тәжірибелік жұмыстарды өткізу;


            1. Практикант – студенттің күнделігінің формасы

Студенттің күнделігінде мектепте қандай іс – шара атқарылғаны толықтай көрсетілуі керек.

Күнделік:

- мектептегі қоңырау кестесі;

- бекітілген сыныптың сабақ кестесі;

- студент – практикант өткізген сабақ тақырыптары, пән мұғалімінің бағасы;

- тәрбие сабақтарының тізімі мен сынып жетекшісінің бағасы;

- студент – практиканттың жеке жұмыс жоспары;

            1. Практикант – студенттің мысал ретіндегі есеп беру схемасы

Есеп

Студенттің практика бойынша ______________________ тобы _____________________

факультеті____________________ № мектептегі _________________

кезеңінен _______________ осы кезеңге дейін__________________________


1. Педагогикалық практика жоспарын орындау. Жоспардан қандай ауытқулар болды, неліктен және жоспардан тыс не істелінді, практиканың ерекшеліктері;

2. Өткізілген сабақтар саны. Қай сабақтар жоғары дәрежеде өтті, қандай қиындықтар туындады, неге?

3. Практика өту барысында қандай дидактикалық мәселелер шешілді? Қандай нәтижелер алынды?

4. Жұмыстың алғашқы практикасы қалай ескерілді және қолданылды (алдында болған оқыту элементтер, аға ұстаздардың жаңа әдістеру, ОТЖ және т.б.)? Нақты мысалдар келтіріңдер. Осы жұмыстан қандай қанағаттандыратындай сезім алдыңыз және қандай қиыншылықтармен кесдестіңіз?

5. Практика өту барысында қандай тәрбиелік мәселелер шешілді? Белгіленген сынып оқушылармен тәрбие жұмысын өткізгенде қандай тәрбие жүйелер формаларын қолдандыңыз?

6. Практика өту барысында оқушылармен тіл табысу қалай өтті?

7. Практика өту барысында қандай біліктілікті және дағдыны қалыптастырдыңыз?

8. Практика бойынша жалпы қорытынды. Практиканы ұйымдастыру және жоғары дәрежеге жеткізу үшін сіздің көзқарасыңыз.



            1. Сабақ сараптамасының мысал ретіндегі схемасы

1. Сабақ тақырыбы. Сабақ жүйесінде бұл тақырыптың алатын орны.

2. Сабақтың мақсаты мен оның білімдік – тәрбиелік мәселелері.

3. Сабақты ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа келуі және олардың сабаққа дайындығы. Оқушыларды ұйымдастыру (олардың зейіндерін қалыптастыру, жұмыс орындарын дайындауға қойылатын талаптар және т.б.) Кабинеттің сабаққа дайындығы.

4. Білімді тексеру әдіс мен мазмұны, оқушылардың біліктілігі мен дағдылары. Фронтальді және жеке сұрау үшін сұрақтардың мазмұны, практикалық тапсырмалар, өздік жұмыстары, деңгейлік тапсырмалар. Оқушылар жауабының сапасы. Сыныптың белсенділігі. Білімді тексеруінің қорытындысын шығару. Оқушылардың жауабын бағалау.

5. Жаңа білімді зерттеудің мазмұны мен әдісі. Оқу материалының ауызша тақырыбы мен мазмұны. Мұғалім материалының беретін білім көлемі мен жүйесі, жеткізу әдістемесі. Материалдың ғылыми және идеялық бағыты, өмірмен байланысы, тәрбиелік мәні. Материалды жеткізудің жүйесі және реті, өтілген тақырыптармен байланысы. Оқушылардың өздігімен қарастыратын оқу материалының тақырыбы мен мақсаты. Оқушылар алдына проблемалық сұрақтарды қоюы, танымдық мәселелерді, логикалық тапсырмалардың құрастырылуы. Оқушылардың танымдық іс - әрекетінің белсенділігі, жеке кезеңдерде оқушылардың қызығушылықтары мен зейіндерін тұрақты ұстау әдістері. Жаңа материалды түсіндіру кезінде, оны жақсы меңгерулері үшін оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу. Көрнекілік материалдардың, кестелердің, кинофильмдердің және басқа құралдардың сабақ барысындағы орны. Тақтаны дұрыс пайдалану және дәптерге жазғызу. Жаңа материалды оқу барысында оқушылардың өздік жұмыс істеуінің ролі мен орны, оқулықпен, анықтамалармен және қосымша әдебиетпен жұмыс істей білуі. Жаңа материалды өту барысында оқушылардың білімін есептеу.

6. Өткен материалды бекітудің мазмұны мен әдісі. Бекітудің мазмұны мен тақырыбы. Бекіту әдістемесі. Өздігімен орындайтын деңгейлік тапсырмалар және жаттығулар.

7. Үй жұмысының мазмұны мен әдістемесі. Үй жұмысының көлемі және түрі. Орындау туралы түсініктемелер. Жеке оқушыларға берілетін қоысмша тапсырмалар.

8. Оқушылардың танымдық іс - әрекеттерінің сипаттамасы.



            1. Бақылаудың формасы мен әдістемесі

  1. Ауызша бақылау:

  • практикант – студенттің жеке жоспарына сәйкес, сараптамасы және бағасы бар сабақтарға қатысу;

  • сараптамасы және бағасы бар сыныптан тыс шараларға қатысу;

  • қосымша жеке және топтық сабақтарды өткізу.

  1. Жазбаша бақылау:

  • жоспарланған жұмыстарды бақылау (жеке, күнтізбелік, сабақ жоспарлары);

  • оқыту – тәрбиелік процесін өткізудегі конспектіні тексеру;

  • форма бойынша есеп беруді тексеру;

  • шығармашылық тапсырмаларды орындау есеп беруді тексеру (оқу - әдістемелік және ғылыми - әдістемелік);



    1. Практиканы қорытындылау


Студенттердің педагогикалық практикасы туралы қорытынды мектеп директоры қатысында мектепте педагогикалық кеңесінде және институтта қорытынды конференцияда өткізіледі.

Бұл шаралардың негізгі мәні мынада:



  • практикант – тсуденттердің оқыту – тәрбиелік жұмыстарына қорытынды жасау;

  • олардың жұмыстарындағы жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету;

  • студенттердің мектептегі оқыту – тәрбиелік дайындығына және практикалық қорытынды жасау;

  • университет оқытушыларының және мектеп ұстаздарының практика өтуіне байланысты ұйымдастырушылық деңгейіне баға беру;

  • келешекте практика деңгейін жоғарлатуға байланысты шараларды ойластыру;

Соңғы кәсіптік кеңесте топтың барлық студенттері, университет, биология және химия кафедраларының практика әдіскерлері, мектеп директорлары немесе меңгерушілері, сыныптан тыс жұмыстарының ұйымдастырушылар және студенттермен жұмыс істеген пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері қатысады. Бұл жерде студенттердің есеп беруі тыңдалады. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері әр студенттің жұмысына сипаттама, баға беріп келешекте жақсы ұстаз болуына тілектерін айтады.

Қорытынды конференция “биология”, “химия”, “педагогика және психология” кафедраларының меңгерушілерімен ұйымдастырылады. Конференцияда қандай жұмыс атқарғаны туралы есеп беріледі. Бұл конференцияға төменгі курс студенттері шақырылады, көрме ұйымдастырылады (практика барысында студенттер мен оқушылар дайындаған қабырға газеттері, тақырыптық стендтер, фотосуреттер, сабақтардың ашық жоспарлары, сыныптан тыс жұмыстар жоспары, көрнекілік құралдар т.б.).



            1. Әдебиеттер:

Негізгі


  1. Абдуллина О.А., Загрязина И.Н. Педагогическая практика студентов. – М.: Просвещение, 1989.

  2. Боровицкий П.И. и др. Методика преподавания биологии. – М.: ВШ, 1962.

  3. Верзилин Н.М. Методика преподавания биологии. – М., 1972.

  4. Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии. – М.: Просвещение, 1989.

  5. Всесвятский Б.В. Общая методика биологии. – М.: Учпедгиз, 1960.

  6. Классному руководителю. Учебно-методическое пособие / Под ред. М.И. Рожкова. – М.: Владос, 1999. – 280с.

  7. Методика воспитательной работы: Учебное пособие для студентов высш. пед. уч. заведений / Л.А. Байкова, Л.К. Гребенкина, О.В. Еремкина и др.; Под ред. В.А. Сластенина. – М.: Академия, 2002. – 144с.

Қосымша



  1. Конаржевский Ю.А. Анализ урока. – М.: Центр «Педагогический поиск», 2000. – 336с.

  2. Педагогика. Курс лекций. – Алматы, 2005.

  3. Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе дидактического и методического усовершенствования УВП. – М.: Энциклопедия образовательных технологий, 2005.

  4. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса: Учебное пособие (В помощь преподавателям, аспирантам, магистрантам, студентам). – Алматы: АГУ им. Абая, 2002. – 90с.

  5. Чернявская А.П. Педагогическая техника в работе учителя. – М.: Центр «Педагогический поиск», 2001. – 176с.

  6. Щуркова Н.Е. Классное руководство: игровые методики. – М.: Педагогическое общество России, 2001. – 224с.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет